1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi 1998 жылдың 1 тамызына дейiн қайтарылатын етiп, қарыз беру және республикалық бюджет кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша, Жамбыл облысы әкiмiнiң кепiлдiк мiндеттемесi бойынша тауарлық несиенi пайдаланған кезеңге ақы төлеу тәртiбiмен мемлекеттiк резервтен Тараз 4-ЖЭО-на 10321 тонна отындық мазут босатсын.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр