Тараз 4-ЖЭО-на отындық мазут босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1998 жылғы 6 сәуiрдегi N 61

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi 1998 жылдың 1 тамызына дейiн қайтарылатын етiп, қарыз беру және республикалық бюджет кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша, Жамбыл облысы әкiмiнiң кепiлдiк мiндеттемесi бойынша тауарлық несиенi пайдаланған кезеңге ақы төлеу тәртiбiмен мемлекеттiк резервтен Тараз 4-ЖЭО-на 10321 тонна отындық мазут босатсын.
      2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады