1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүлделерiн тағайындау арқылы 1998 жылдың 28 мамырымен 1 маусымы аралығында Алматы қаласында Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарын өткiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 13 сәуiрдегi N 21-12/57 тапсырмасы атқаруға қабылдансын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүлделерiне арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Ұйымдастыру комитетiне, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Спорт комитетi - Армияның орталық спорт клубына және "Спешиал Олимпикс Казахстан" республикалық қозғалысына Ойындар өткiзiлетiн, жарыстарға қатысушылар тұратын және тамақтанатын жерлердi дайындау, оларға медициналық қызмет көрсету және Ойындарды өткiзу шеңберiнде мәдени бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы Ойындарды өткiзу және ұйымдастыру тапсырылсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүлделерiне арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына қатысу үшiн спорт делегацияларын жiберудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi олар тұратын және жарыстар өткiзiлетiн жерлерде қоғамдық тәртiптi және қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi Ойындарға дайындық және олардың өткiзiлуi барысын
кеңiнен көрсетудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұйымдастыру
комитетiнiң өтiнiмi бойынша қаржыландыру көзiн белгілей отырып
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы
Ойындарына қатысушыларға жүлделердi сатып алуға қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 14 мамырдағы
N 86 өкiмiне
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүлделерiне
арналған Қазақстанның VI Жазғы Арнаулы Ойындарына
дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
В.В.Храпунов - Алматы қаласының әкiмi,
ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы
Р.А.Кенжетаева - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Отбасы,
әйелдер және демографиялық
саясат проблемалары жөнiндегi
кеңестiң хатшысы, ұйымдастыру
комитетi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Т.М. Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Туризм және спорт
комитетiнiң төрағасы,
ұйымдастыру комитетi
төрағасының орынбасары
Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi:
А.С.Ақпаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
олимпиадалық комитетiнiң
президентi
П.М.Новиков - Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгi Спорт
комитетiнiң төрағасы
Б.В.Тутенов - "Спешиал Олимпикс Казахстан"
төрағасы
Ә.Ж.Ыбыраев - Алматы қаласы әкiмiнiң
орынбасары
А.К.Құлназаров - Қазақстан Республикасы Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Туризм және спорт
комитетi төрағасының орынбасары
Н.К.Қасымов - Қазақстан Республикасы Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Бiлiм комитетi
төрағасының орынбасары
А.Т.Қарайғанов - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Отбасы,
әйелдер және демографиялық
саясат мәселелерi жөнiндегi
кеңесiнiң консультанты
(келiсiм бойынша)
В.В.Каун - Орталық стадион директорының
мiндетiн атқарушы
Г.Е.Есембаева - Алматы қалалық бiлiм
беру басқармасының бастығы
А.К.Самратов - "Спешиал Лимпикс Казахстан"
вице-президентi
В.В.Солдатенко - Жарыстардың бас төрешiсi, КСРО
еңбегi сiңген спорт шеберi
О.В.Рогозов - Республикалық дәрiгерлiк-дене
тәрбиесi диспансерiнiң бас
дәрiгерi
Т.Т.Мұқашев - "Қалалық безендiру" АҚ директоры
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi