"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 U983956_ Жарлығын орындау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) бес жасқа дейiнгi балалардың жаппай иммунитетiн нығайтуға дереу кiрiссiн;
2) жаңа туған сәбилерге Б вирустық гепатитiне қарсы вакцина егу, ал дерттену мейлiнше көп тараған аймақтарда - балаларға А вирустық гепатитiне қарсы вакцина егу бағдарламасын iске асыруға кiрiссiн;
3) 1998 жылдың iшiнде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдiстеме бойынша емдеу бағдарламасын енгiзсiн;
4) жаңа туған сәбилердiң жыл сайын иммунитетiн нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсiн;
5) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне қарай Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда аталған Жарлығының iске асырылу барысы туралы Үкiметке хабарлап отыратын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ағымдағы жылы осы мақсаттарға қажеттi қаржы қаражатын қарастырсын, ал 1999 жылдан бастап тиiстi жылға арналған жыл сайынғы бюджеттердiң жобаларында "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға арнап қажеттi қаржы көздейтiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн:
1) өнеркәсiп орындарының атмосфера мен суға тасталатын қалдықтарының жол берiлетiн деңгейiне қойылатын талаптарды қатайтуды;
2) халықты ауызсумен жабдықтаудың дәйектi түрде жақсартылуын;
3) қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудiң жетiлдiрiлуiн;
4) Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулездi емдеу стратегиясының енгiзiлуi мен iске асырылуын;
5) бес жасқа дейiнгi балалардың мiндеттi түрде иммунитетiн нығайтуды, оның iшiнде жаңа туған сәбилерге Б гепатитiне қарсы жаппай вакцина егудi;
6) ана мен баланың денсаулығын қорғау жөнiндегi қосымша шаралар кешенiн;
7) бөбектердi алты айға дейiн тек емшек сүтiмен ғана қоректендiруге ынталандыруды;
8) өмiр салтын сауықтыруға бағытталған ағарту жұмысын күшейтудi;
9) бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек сапасын жақсартуды;
10) аймақтық клиникалық оқу орталықтары желiсiн құруды;
11) емдеудiң стационарлық принципiнен амбулаторлық принциптерiне кезең-кезеңмен көшудi;
12) емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, әсiресе босануға жәрдем беру мекемелерiнде асептика мен антисептика шараларының бұлжымай сақталуын;
13) мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерiн қазiргi заманғы жабдықпен қамтамасыз етудi;
14) дәрiгерлiк бiлiм беру, кадрларды, соның iшiнде әкiмшiлiк кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесiн жақсартуды;
15) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер көлемiн ұлғайту мен оның сапасын арттыруды;
16) халық арасында алдын-алу жұмысын күшейтудi;
17) денсаулық сақтау iсiн басқару жүйесiн жетiлдiрудi;
18) бәсекелес жекеше сектор құру, әлеуметтiк сақтандыру қорын қайта құру, мiндеттi және ерiктi медициналық сақтандырудың жеке нысандарына кезең-кезеңмен көшу жолымен денсаулық сақтау iсiнде экономикалық қатынастар жүйесiн реформалауды көздейтiн "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi халық арасында профилактика және денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi қажеттi шаралар туралы кең ауқымды түсiндiру жұмыстарын, санитарлық-гигиеналық ережелердi және салауатты өмiр салтын насихаттауды дереу бастасын және жүргiзсiн.
Премьер-Министр