Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956

      Күрделi эпидемиологиялық жағдайды еңсеру, дәрiгерлiк қызмет көрсету сапасын түбiрiмен жақсарту, көрсетiлетiн қызметтер көлемiн ұлғайту және азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: R980097
      1) бес жасқа дейiнгi балалардың жаппай иммунитетiн нығайтуға дереу кiрiсетiн болсын;
      2) жаңа туған сәбилерге Б вирустық гепатитiне қарсы вакцина егу бағдарламасын iске асыруға, ал дерттену мейлiнше көп тараған аймақтарда - балаларға А вирустық гепатитiне қарсы вакцина егуге кiрiссiн;
      3) 1998 жыл iшiнде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдiстеме бойынша емдеу бағдарламасын енгiзсiн;
      4) жаңа туған сәбилердiң жыл сайын иммунитетiн нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсiн;
      5) осы мақсаттарға арнап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi , Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау  министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      1) өнеркәсiп орындарының атмосфера мен суға тасталатын қалдықтарының жол берiлетiн деңгейiне қойылатын талаптарды қатайтуды;
      2) халықты ауыз сумен жабдықтаудың дәйектi түрде жақсартылуын;
      3) қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудiң жетiлдiрiлуiн;
      4) Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулездi емдеу стратегиясының енгiзiлуi мен iске асырылуын;
      5) бес жасқа дейiнгi балалардың мiндеттi түрде иммунитетiн нығайтуды, оның iшiнде жаңа туған сәбилерге Б гепатитiне қарсы жаппай вакцина егудi;
      6) ана мен баланың денсаулығын қорғау жөнiндегi қосымша шаралар кешенiн;
      7) бөбектердi алты айға дейiн тек емшек сүтiмен ғана қоректендiруге ынталандыруды;
      8) өмiр салтын сауықтыруға бағытталған ағарту жұмысын күшейтудi;
      9) бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек сапасын жақсартуды;
      10) аймақтық клиникалық оқу орталықтары желiсiн құруды;
      11) емдеудiң стационарлық принципiнен амбулаторлық принциптерiне кезең-кезеңмен көшудi;
      12) емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, айрықша босануға жәрдем беру мекемелерiнде асептика мен антисептика шараларының бұлжымай сақталуын;
      13) мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерiн қазiргi заманғы жабдықпен қамтамасыз етудi;
      14) дәрiгерлiк бiлiм беру, кадрларды, соның iшiнде әкiмшiлiк кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесiн жақсартуды;
      15) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер көлемiн ұлғайту мен оның сапасын арттыруды;
      16) халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтудi; P092295
      17) денсаулық сақтау iсiн басқару жүйесiн жетiлдiрудi;
      18) бәсекелес жекеше сектор құру, әлеуметтiк сақтандыру қорын қайта құру, мiндеттi және ерiктi медициналық сақтандырудың жеке нысандарына кезең-кезеңмен көшу жолымен денсаулық сақтау iсiнде экономикалық қатынастар жүйесiн реформалауды көздейтiн "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеп, Президенттiң бекiтуiне енгiзетiн болсын. P981387
      3. Осы Жарлықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады