Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесерiн өткiзудiң қажеттi жағдайын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Астана қаласында орналасқан орталық атқарушы органдардың басшылары қызметкерлердiң жұмыс режимiн және Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесерiне арналған салтанатты рәсiмдер мен шараларды өткiзуге көлiктiк қызмет көрсетудi орнатсын.
2. Астана қаласының әкiмi 1998 жылғы 10 маусым - Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесер күнi Астана қаласының аумағында орналасқан ұйымдардың айрықша жұмыс режимiн белгiлесiн.
Премьер-Министр