Астана қаласының тұсаукесерiн өткiзудiң шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1998 жылғы 6 маусымдағы N 104

      Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесерiн өткiзудiң қажеттi жағдайын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Астана қаласында орналасқан орталық атқарушы органдардың басшылары қызметкерлердiң жұмыс режимiн және Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесерiне арналған салтанатты рәсiмдер мен шараларды өткiзуге көлiктiк қызмет көрсетудi орнатсын.
      2. Астана қаласының әкiмi 1998 жылғы 10 маусым - Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының ресми тұсаукесер күнi Астана қаласының аумағында орналасқан ұйымдардың айрықша жұмыс режимiн белгiлесiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады