Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының квотасы бойынша Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ИТЭР Кеңесінің 1994 жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998 жылғы 22 шілдедегі N 143-ө

 

      Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясының квотасы бойынша

 

Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ИТЭР Кеңесінің 1994

жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы Шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту

мақсатында:

     1. Ғылым министрілігі - Ғылым академиясы Әл-Фараби атындағы Қазақ

мемлекеттік ұлттық университетімен бірлесіп 1998-1999 жылдары Қазақстан

материалтану реакторын - токамак (КТМ) әзірлесін және жасасын.

     2. Қазақстан материалтану реакторын - токамак әзірлеу және жасау

мәселелері жөніндегі жұмыс тобы мына құрамда құрылсын:

     Школьник В.С.        - Қазақстан Республикасының Ғылым

                            министрі - Ғылым академиясының президенті,

                            жетекші


     Жантикин Т.М.        - Қазақстан Республикасының Ғылым министрі-

                            Ғылым академиясы Атом энергиясы жөніндегі

                            агенттігің директоры


     Черепнин Ю.С.        - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық

                            орталығының бас директоры


     Шеманский В.А.       - КАТЭП АҚ вице-президенті (келісім бойынша)


     Шестаков В.П.        - ИТЭР жобасының Қазақстан Республикасынын

                            директоры


     Тәжібаев І.Л.        - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың эксперименттік

                            және теориялық физика ҒЗИ директоры



 
       3. Жумыс тобы екі айлық мерзімде объектінің құрылысы мен оны қаржыландырудың ай сайынғы кестесін, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағдарламасын әзірлесін. Тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыстың барысы туралы баяндап отырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы көрсетілген реактордың жобасы мен оның құрылысының тапсырысшысы болып белгіленсін.
      "Курчатов институты" Ресей Ғылыми Орталығы көрсетілген реактор жобасының және оның құрылысының мердігері болып белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы атом энергиясы жөніндегі агенттігіне Қазақстан материалтану реакторын - токамак жасау жобасына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу тапсырылсын.
      6. Көрсетілген реактордың жобасы мен оның құрылысын қаржыландыру Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдегі жарату кезіндегі ынтымақтастық пен өзара есеп айырысулар туралы келісімге сәйкес пайда болатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      7. Премьер-Министрдің осы өкімінің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына жүктелсін.
 
      Премьер-Министр
 

О мерах по развитию деятельности в рамках решения 6 сессии Совета ИТЭР от 28 июля 1994 года о включении Республики Казахстан в Международный проект термоядерного реактора

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 22 июля 1998 г. N 143-р

      В целях развития деятельности в рамках Решения 6 сессии Совета ИТЭР от 28 июля 1994 года о включении Республики Казахстан по квоте Российской Федерации в Международный проект термоядерного реактора:
      1. Министерству науки - Академии наук совместно с Казахстанским

 

государственным национальным университетом им. Аль-Фараби

разработать и создать в 1998 - 1999 годах Казахстанский

материаловедческий реактор - токамак (КТМ).

     2. Образовать рабочую группу по вопросам разработки и создания

Казахстанского материаловедческого реактора - токамака в следующем

составе:


Школьник В.С.           - Министр науки - Президент Академии наук

                          Республики Казахстан, руководитель


Жантикин Т.М.           - Директор Агентства по атомной энергии

                          Министерства науки - Академии наук

                          Республики Казахстан


Черепнин Ю.С.           - Генеральный директор Национального

                          ядерного центра Республики Казахстан;


Шеманский В.А.          - вице-президент АО КАТЭП (по согласованию)


Шестаков В.П.           - Директор проекта ИТЭР от Республики

                          Казахстан;


Тажибаева И.Л.          - Директор НИИ экспериментальной и

                          теоретической физики КазГУ им. Аль-Фараби.



 
       3. Рабочей группе в двухмесячный срок разработать ежемесячный график строительства и финансирования объекта, перспективную программу научных исследований. Ежеквартально докладывать в Правительство Республики Казахстан о ходе проделанной работы.
      4. Заказчиком проекта и строительства указанного реактора установить Национальный ядерный центр Республики Казахстан.
      Подрядчиком проекта и строительства указанного реактора определить Российский Научный Центр "Курчатовский институт".
      5. Агентству по атомной энергии Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан поручить проведение научно-технической экспертизы проекта создания Казахстанского материаловедческого реактора-токамака.
      6. Установить, что финансирование проекта и строительство указанного реактора осуществляется за счет средств, образуемых в соответствии с Соглашением между Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Казахстан о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов.
      7. Контроль за выполнением настоящего распоряжения Премьер-Министра возложить на Министерство науки - Академию наук Республики Казахстан.
 
      Премьер-Министр