Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясының квотасы бойынша
Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ИТЭР Кеңесінің 1994
жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы Шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту
мақсатында:
1. Ғылым министрілігі - Ғылым академиясы Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік ұлттық университетімен бірлесіп 1998-1999 жылдары Қазақстан
материалтану реакторын - токамак (КТМ) әзірлесін және жасасын.
2. Қазақстан материалтану реакторын - токамак әзірлеу және жасау
мәселелері жөніндегі жұмыс тобы мына құрамда құрылсын:
Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрі - Ғылым академиясының президенті,
жетекші
Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрі-
Ғылым академиясы Атом энергиясы жөніндегі
агенттігің директоры
Черепнин Ю.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
орталығының бас директоры
Шеманский В.А. - КАТЭП АҚ вице-президенті (келісім бойынша)
Шестаков В.П. - ИТЭР жобасының Қазақстан Республикасынын
директоры
Тәжібаев І.Л. - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың эксперименттік
және теориялық физика ҒЗИ директоры
3. Жумыс тобы екі айлық мерзімде объектінің құрылысы мен оны қаржыландырудың ай сайынғы кестесін, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағдарламасын әзірлесін. Тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыстың барысы туралы баяндап отырсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы көрсетілген реактордың жобасы мен оның құрылысының тапсырысшысы болып белгіленсін.
"Курчатов институты" Ресей Ғылыми Орталығы көрсетілген реактор жобасының және оның құрылысының мердігері болып белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы атом энергиясы жөніндегі агенттігіне Қазақстан материалтану реакторын - токамак жасау жобасына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу тапсырылсын.
6. Көрсетілген реактордың жобасы мен оның құрылысын қаржыландыру Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдегі жарату кезіндегі ынтымақтастық пен өзара есеп айырысулар туралы келісімге сәйкес пайда болатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
7. Премьер-Министрдің осы өкімінің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына жүктелсін.
Премьер-Министр