"1998 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 U983894_ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 10, 71-құжат) мен "1998 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі N 3894 Жарлығының іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 376 P980376_ қаулысын іске асыру мақсатында, қоныс аудару шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ репатрианттардың болған елдерінде және тарихи отанына келуі жолында кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету үшін:
1. Сауд Аравиясы Корольдігінен, Иран Ислам Республикасынан және Түрік
Республикасынан - Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігінің төрағасы З.Қ. Тұрысбеков;
Монғолиядан, Пәкістан Ислам Республикасынан және Қытай Халық
Республикасынан - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары С.Ш.Шаухаманов қоныс аудару
шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер болып
тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі мен Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері
мына елдерге жіберілсін:
Иран Ислам Республикасы
Тұрысбеков З.Қ. - Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Ізбанов М.К. - Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің басқарма бастығы
Сауда Аравиясы Корольдігі
Қонақбаев М.Ж. - Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің бас маманы
Қытай Халық Республикасы
Шаухаманов С.Ш. - Қазақстан Республикасының Көші-қон
және демография жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Пәкістан Ислам Республикасы
Жиенбаев Е.Р. - Қазақстан Республикасының Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің бөлім бастығы
Монғолия
Байғазин М.Ж. - Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің бас маманы
Бодауханұлы К. - Алматы облыстық Көші-қон
және демография жөніндегі
басқармасының бөлім бастығы
Тілеубекова Б.Т. - Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің Денсаулық сақтау
комитеті Мемсанэпидқызмет
басқармасының бөлім бастығы
Түрік Республикасы
Тоқсанбаев М.Е. - Қазақстан Республикасы Көші-қон
және демография жөніндегі
агенттігінің бас маманы
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан
Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне 1998 жылға
арналған республикалық бюджетте, олардың қоныс аударуы бойынша көлік
шығыстарын қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен, репатрианттардың
қоныс аударуын ұйымдастыру мақсатында барушыларға іссапарлық шығыстар
бөлсін.
Премьер-Министр