"1998 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 3894 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 376

      "1998 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 3894 U983894_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне республикалық бюджеттен 1998 жылға арналған бюджеттiк ұйымның шығыстарының сметасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларының шетелдiк мемлекеттерден Қазақстан Республикасына ұйымдасқан түрде көшiп келуi жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi, облыстардың Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1998 жылдың iшiнде белгiленген квотаның шегiнде репатрианттар (оралмандар) отбасыларының шетелдiк мемлекеттерден Қазақстан Республикасына көшiп келуiн ұйымдастырсын;
      шетелдiк мемлекеттерден Қазақстан Республикасына көшiп келген репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау, жайластыру жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасына түпкiлiктi тұру үшiн көшiп келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн шешсiн;
      Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп репатрианттардың (оралмандардың) көшiп келуiн және жайластырылуын ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз етсiн.
      3. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi репатрианттардың (оралмандардың) отбасын қабылдауға және жайластыруға, сондай-ақ бейiмделу пункттерiн ұстауға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      репатрианттар (оралмандар) отбасыларының ересек еңбекке қабiлеттi мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде, сондай-ақ оларды қажеттi мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қабылдасын;
      репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығыстарын өтеудi, тұрғын үй алуын қамтамасыз етсiн. Белгiленген тәртiппен оларға тұрғын үйлер құрылысы және шаруашылық қызметтерi үшiн жер учаскелерiн бөлсiн;
      репатрианттарға (оралмандарға) кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптерiн жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдессiн;
      репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша сыныптар мен мектептер ашу арқылы ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын;
      бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiне репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын жинақы қоныстандыру үшiн аудандардың, елдi мекендердiң тiзбесiн ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп:
      шет мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк органдарымен тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген отандастарымыздың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғау жөнiндегi мәселелердi пысықтасын;
      дипломатиялық арналар бойынша тиiстi мемлекеттердiң үкiметтерiмен тиiстi мемлекеттер арқылы өтуi кезiнде оларға жәрдем көрсету туралы, репатрианттардың (оралмандардың) шығуы және транзиттiк өтуi мәселелерi жөнiнде өтiнiш жасасын.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет iстейтiн авиакомпаниялар Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiмен, облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерiмен бiрлесiп, адамдар мен олардың үй мүлкiн шығу мемлекетiнiң аумағынан қоныстану пунктiне дейiн тасымалдаудың тәртiбiн белгiлесiн.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден бекеттерiн ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ТМД-ға кiрмейтiн мемлекеттерден келген репатрианттарды (оралмандарды) шекаралық ресiмдеу үшiн қажет болған жағдайда уақытша бақылау-өткiзу пункттерiн ұйымдастырсын.
      8. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      репатрианттардың (оралмандардың) Қазақстанның аумағындағы бағыты жолында және орналасқан жерлерiнде жеке басының және мүлiктiк қауiпсiздiгiн;
      келген репатрианттарды (оралмандарды) уақытылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп-тұруына арналған құжаттарды ресiмдеудi;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi:
      республикаға келген репатрианттарды (оралмандарды) медициналық тексерудi ұйымдастырсын;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiн ескере отырып қоныс аударушылар шетелде алған бiлiмi туралы құжаттардың тең бағалылығын тануды қамтамасыз етсiн. Қажет болған жағдайда кәсiптiк оқу орындарында ауыспалы оқу жоспары мен қысқартылған мерзiмдер бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
      10. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп 1999 жылдың 10 ақпанына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады