"Сыбайлас жемқорлық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, олардың мемлекеттiк қызметке мүмкiн болатын қайтадан кiруiн болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы және қылмыс жасаған субъектiлер туралы деректер банкiн қалыптастыру үшiн:
1. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика мен ақпараттар орталығына есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiне жағымсыз себептер бойынша босатылған мемлекеттiк қызметшiлер туралы мәлiмет ұсынсын.
2. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы күшiне енген сәттен бастап тәртiптiк қылықтары, оның iшiнде билiгi мен қызмет жағдайын терiс пайдаланғаны, қызметтiк әдеп ережесiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған адамдар жөнiнде де мәлiметтер болуы тиiс.
Премьер-Министрi