Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы және қылмыс жасаған субъектiлер туралы деректер банкiн қалыптастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 19 тамыздағы N 157. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.07.24. N 105 өкімімен. ~R000105

      "Сыбайлас жемқорлық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, олардың мемлекеттiк қызметке мүмкiн болатын қайтадан кiруiн болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы және қылмыс жасаған субъектiлер туралы деректер банкiн қалыптастыру үшiн:
      1. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика мен ақпараттар орталығына есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiне жағымсыз себептер бойынша босатылған мемлекеттiк қызметшiлер туралы мәлiмет ұсынсын.
      2. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы күшiне енген сәттен бастап тәртiптiк қылықтары, оның iшiнде билiгi мен қызмет жағдайын терiс пайдаланғаны, қызметтiк әдеп ережесiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған адамдар жөнiнде де мәлiметтер болуы тиiс.
 
      Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады