Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттік органдарын Астана қаласына көшірудің аяқталуына және Астана қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін пәтерлерді жекешелендіру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына байланысты:
1. Астана қаласына көшірілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары:
мемлекеттік органдардың көшірілген қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жеделдетсін;
қысқа мерзім ішінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың көшірілген қызметкерлеріне берілетін пәтерлерді жекешелендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
түгендеу шараларын жүргізуі үшін Астана қаласының Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі орталығына өткізілген (сатып алынған) үй-жайлар жөнінде қаржыландыру көздеріне қарамастан, мәлімет ұсынсын;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне осы өкімді орындау бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы апта сайын хабарлама жасап отырсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың көшірілген қызметкерлеріне өздеріне берілген пәтерлерді жекешелендіруі үшін бірінші кезекте ақша (несие) бөлуді заңдарға сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Екінші деңгейдегі банктердің басшыларына мемлекеттік органдардың көшірілген қызметкерлеріне өздеріне берілген пәтерлерді жекешелендіруі үшін ақша (несие) бөлуге жәрдем көрсету ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Астана қаласының әкімі мемлекеттік органдардың көшірілген қызметкерлерінің пәтерлерді жекешелендіру жөніндегі тиісті құжаттарды Астана қаласының Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі орталығында және Тұрғын үй департаментінде уақтылы ресімдеуі үшін қажетті жағдай жасасын.
Премьер-Министр