1998 жылғы 8 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы өзара қаржы мәселелерін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабына сәйкес республиканың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерінің борыштары бойынша Қазақстан Республикасының қаржылық міндеттемелер қабылдауына байланысты:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі мүдделі министрліктердің қатысуымен бір айлық мерзім ішінде:
белгіленген тәртіппен тиісінше "Қазкелісім-шарт" АҚ-ың, "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-нің және "Қазақстан темір жолы" РМК-ның Келісімнің жоғарыда аталған бабында айтылған сомаларға олардың алдындағы берешектеріне қатысты кредитордың құқықтары "Росконтракт" ФКК-ден, "ЕЭС Россия" РАО-дан, ЖҚМ-ден және Ресейдің басқа да кәсіпорындарынан Қазақстан Республикасына ауысуын;
жоғарыда көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджеттің алдындағы берешектерін өтеуін қамтамасыз ететін ұсыныс дайындасын және Үкіметке енгізсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр