Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Солтүстік
Қазақстан облысында болуы барысында берілген конверсиялық кәсіпорындарда
"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін
жинақтаушылар мен жабдықтарды өндіруді, сондай-ақ арнаулы техникаларды
өндіруді қоса алғанда, 1999 жылға арналған жұмыстардың бағдарламасын
белгілеу жөніндегі перспективалық жоспарды ұйымдастыру жөніндегі
тапсырмасын орындау мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Школьник Владимир - Қазақстан Республикасы Ғылым
Сергеевич министрі - Ғылым академиясының
президенті, жетекші
Өмірбаев Әділхан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбдірахманұлы Министрінің Кеңсесі Ұйымдастыру,
бақылау және қауіпсіздік бөлімінің
меңгерушісі
Кәрібжанов Хайрат - Қазақстан Республикасының Көлік
Сәлімұлы және коммуникациялар вице-министрі
Досаев Ерболат - Қазақстан Республикасының
Асқарбекұлы Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрі
Попандопуло Елена - Қазақстан Республикасы Табиғи
Николаевна монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің
басқарма бастығы
Сақыпов Нұрлан - "Қазақтелеком" ААҚ президенті
Заркешұлы (келісім бойынша)
Мырзахметов Абылай - "Қазақстан темір жолы"
Исабекұлы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры
(келісім бойынша)
Мажренов Жомарт - Ұлттық ғылыми-техникалық
Рахымбекұлы орталықтың бас директоры
(келісім бойынша)
Сегал Илья Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникациялар министрлігі
темір жол көлігі басқармасының
бастығы
2. Жұмыс тобы екі апталық мерзім ішінде істің нақты жай-күйін
зерделесін, Президенттің Солтүстік Қазақстан облысының конверсиялық
кәсіпорындарында "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны үшін жинақтаушылар мен жабдықтарды өндіруді ұйымдастыру
жөніндегі тапсырмасының орындалмау себептерін айқындасын және 1999 жылға
арналған келісілген жұмыс жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бекітуіне ұсынсын.
Премьр-Министр