Солтүстік Қазақстан облысының конверсиялық кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 6 қараша N 215

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Солтүстік

 

Қазақстан облысында болуы барысында берілген конверсиялық кәсіпорындарда

"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін

жинақтаушылар мен жабдықтарды өндіруді, сондай-ақ арнаулы техникаларды

өндіруді қоса алғанда, 1999 жылға арналған жұмыстардың бағдарламасын

белгілеу жөніндегі перспективалық жоспарды ұйымдастыру жөніндегі

тапсырмасын орындау мақсатында:


     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Школьник Владимир       - Қазақстан Республикасы Ғылым

     Сергеевич                 министрі - Ғылым академиясының

                               президенті, жетекші


     Өмірбаев Әділхан        - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Әбдірахманұлы             Министрінің Кеңсесі Ұйымдастыру,

                               бақылау және қауіпсіздік бөлімінің

                               меңгерушісі


     Кәрібжанов Хайрат       - Қазақстан Республикасының Көлік

     Сәлімұлы                  және коммуникациялар вице-министрі


     Досаев Ерболат          - Қазақстан Республикасының

     Асқарбекұлы               Энергетика, индустрия және сауда

                               вице-министрі


     Попандопуло Елена       - Қазақстан Республикасы Табиғи

     Николаевна                монополияларды реттеу және

                               бәсекелестікті қорғау комитетінің

                               басқарма бастығы


     Сақыпов Нұрлан          - "Қазақтелеком" ААҚ президенті

     Заркешұлы                 (келісім бойынша)


     Мырзахметов Абылай      - "Қазақстан темір жолы"

     Исабекұлы                 республикалық мемлекеттік

                               кәсіпорнының бас директоры

                               (келісім бойынша)


     Мажренов Жомарт         - Ұлттық ғылыми-техникалық

     Рахымбекұлы               орталықтың бас директоры

                               (келісім бойынша)


     Сегал Илья Павлович     - Қазақстан Республикасының Көлік

                               және коммуникациялар министрлігі

                               темір жол көлігі басқармасының

                               бастығы


     2. Жұмыс тобы екі апталық мерзім ішінде істің нақты жай-күйін

зерделесін, Президенттің Солтүстік Қазақстан облысының конверсиялық

кәсіпорындарында "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік

кәсіпорны үшін жинақтаушылар мен жабдықтарды өндіруді ұйымдастыру

жөніндегі тапсырмасының орындалмау себептерін айқындасын және 1999 жылға

арналған келісілген жұмыс жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің

бекітуіне ұсынсын.


     Премьр-Министр







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады