Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы халықаралық әуежайы"
акционерлік қоғамының қызметін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдау
қажеттігі туралы 1999 жылғы 18 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін:
1. "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы акцияларының
мемлекеттік пакетін басқару шарты талаптарының орындалуын тексеру
жөнінде мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы
Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары, төраға
Әбілғазин Дәнияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Құзытбаева Ажар - Қазақстан Республикасының Көлік,
Қилымбекқызы коммуникациялар және туризм
вице-министрі
Тәжияқов Бисенғали - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Шамғалиұлы кіріс вице-министрінің міндетін атқарушы -
Салық комитетінің төрағасы
Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасының Әділет
Құрманұлы вице-министрі
Константинов Анатолий - Қазақстан Республикасы Бас
Васильевич Прокурорының орынбасары (келісім
бойынша)
Құрманғалиев Серік - Қазақстан Республикасы Табиғи
Шолпанқұлұлы монополияларды реттеу және бәсекені
қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
Құрманов Асқар - Қазақстан Республикасы Көлік,
Қайыртайұлы коммуникациялар және туризм
министрлігінің Азаматтық авиация
департаменті директорының орынбасары
2. Ведомствоаралық комиссия он күн мерзім ішінде басқарушы консорциумның "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқару шартының талаптарын орындауы туралы қорытындыны және осы акционерлік қоғамның қызметін тұрақтандыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы ұсыныстарды қарап, Үкіметке беретін болсын.
3. Ведомствоаралық комиссияға өзіне жүктелген міндеттерді орындау
үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын
белгіленген тәртіппен тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға рұқсат
берілсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.