Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк органдарда әскери және арнаулы атақтар берудi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 17 наурыздағы N 18 N990018_ өкiмiн iске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша), Ішкi iстер министрлiгiмен, Мемлекеттiк кiрiс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiмен, Бас прокуратурамен (келiсiм бойынша), Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгімен, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен 1999 жылдың 9 сәуiрiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда аталған өкiмi 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заң актiлерiнiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
2. Қорғаныс министрлiгi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына мемлекеттiк органдардағы, әскерлердегi және әскери құралымдардағы әскери атақтар сақталатын лауазымдар мен оларға сәйкес шектi атақтардың тiзбелерiн қайта қарау туралы ұсыныс енгiзсiн.
3. Әдiлет министрлiгi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен
бiрлесiп, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне
бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң аталған өкiмiне сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. Осы өкiмiнiң атқарылуын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М
Омарбекова А.Т.