Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасарларының арасында қызметтік міндеттерді қайта бөлуге байланысты:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі N 68 өкімінің 1-тармағына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Мәдина Бинешқызы Жарбосынова - Семей аймағы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына төраға болып енгізілсін;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов аталған құрамнан шығарылсын.
Премьер-Министр