Үстіміздегі жылдың 29 мамырында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы 1999 жылғы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын кешенді пайдалану туралы келісімді іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен
1999 жылдың вегетациялық кезеңі аяқталғанға дейін Қырғыз Республикасынан
импортталатын энергияның көлеміне қосылған құнға салық төлеу мен кедендік
декларациялау бойынша кейінге қалдыруды қарасын және ұсынсын. Бұл ретте
Қазақстан Республикасының тұтынушылар алатын электр энергиясының орташа
сағаттық ауқымы мынадай көлемдерді құрайды:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы - 60 МВт;
2) Қызылорда облысы - 30 МВт;
3) "Ертіс Қарағанды" каналы РМК - 195 МВт;
4) "Қазақстан темір жолы" РМК - 75 МВт;
2. Аталған өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.