Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы 1999 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану туралы келісімді іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 3 шілде N 90-ө

      Үстіміздегі жылдың 29 мамырында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы 1999 жылғы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетикалық ресурстарын кешенді пайдалану туралы келісімді іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен

 

1999 жылдың вегетациялық кезеңі аяқталғанға дейін Қырғыз Республикасынан

импортталатын энергияның көлеміне қосылған құнға салық төлеу мен кедендік

декларациялау бойынша кейінге қалдыруды қарасын және ұсынсын. Бұл ретте

Қазақстан Республикасының тұтынушылар алатын электр энергиясының орташа

сағаттық ауқымы мынадай көлемдерді құрайды:

     1) Оңтүстік Қазақстан облысы        - 60 МВт;

     2) Қызылорда облысы                 - 30 МВт;

     3) "Ертіс Қарағанды" каналы РМК     - 195 МВт;

     4) "Қазақстан темір жолы" РМК       - 75 МВт;

     2. Аталған өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады