"1999 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңде республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 344 P990344_ қаулысын iске асыру және аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Ораз Жандосовтың есiмiн мәңгi есте сақтау мақсатында:
1. Алматы облысының әкiмi:
Ораз Жандосовтың Райымбек ауданының Кеден селосындағы мұражайын жөндеуден өткiзсiн және экспонаттармен толықтырсын;
Ораз Жандосовтың туған жерi Алматы облысында мерейтойлық iс-шаралар жүргiзсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi:
Алматы қаласындағы Ораз Жандосовтың ескерткiшiн жөндеу-әрлеу жұмыстарын жүргiзсiн;
жұртшылықтың қатысуымен Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi белгiленген тәртiппен:
"Отаным менiң - Қазақстан" деген ең үздiк отансүйгiштiк әнге
арналған композиторлар туындыларының конкурсын өткiзудi;
Ораз Жандосовтың өмiрi мен қоғамдық қызметiне арналған
өмiрбаяндық деректi фильм түсiрудi;
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттiк мұражайында "Ораз
Жандосовтың өмiрi мен қызметi" деген көрмені;
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында безендірілген кітап
көрмесін;
Ораз Жандосовтың мерейтойына арналған баспа өнімдерін (плакаттар,
жарнамалар, буклеттер) шығаруды;
мерейтойлық шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен
насихатталуын ұйымдастырсын.
4. Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой
салтанатын өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 1999 жылға
арналған бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелер-бағдарламалардың
әкімшіліктеріне көзделген қаражаттың есеінен және шегінде жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.