Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл толуын мерекелеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 9 шілде N 100-ө

      "1999 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңде республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 344 P990344_ қаулысын iске асыру және аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Ораз Жандосовтың есiмiн мәңгi есте сақтау мақсатында:
      1. Алматы облысының әкiмi:
      Ораз Жандосовтың Райымбек ауданының Кеден селосындағы мұражайын жөндеуден өткiзсiн және экспонаттармен толықтырсын;
      Ораз Жандосовтың туған жерi Алматы облысында мерейтойлық iс-шаралар жүргiзсiн.
      2. Алматы қаласының әкiмi:
      Алматы қаласындағы Ораз Жандосовтың ескерткiшiн жөндеу-әрлеу жұмыстарын жүргiзсiн;
      жұртшылықтың қатысуымен Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      "Отаным менiң - Қазақстан" деген ең үздiк отансүйгiштiк әнге

 

арналған композиторлар туындыларының конкурсын өткiзудi;

     Ораз Жандосовтың өмiрi мен қоғамдық қызметiне арналған

өмiрбаяндық деректi фильм түсiрудi;

     Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттiк мұражайында "Ораз

Жандосовтың өмiрi мен қызметi" деген көрмені;

     Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында безендірілген кітап

көрмесін;

     Ораз Жандосовтың мерейтойына арналған баспа өнімдерін (плакаттар,

жарнамалар, буклеттер) шығаруды;

     мерейтойлық шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен

насихатталуын ұйымдастырсын.    

     4. Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой

салтанатын өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 1999 жылға

арналған бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелер-бағдарламалардың

әкімшіліктеріне көзделген қаражаттың есеінен және шегінде жүзеге асырылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады