Қазақстан Республикасының салаларын, аялары мен аймақтарын дамыту бағдарламалары мен тұжырымдамаларын бiрыңғай ұйымдастыру-идеологиялық құжатта шоғырландырылуын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, иңдустрия және сауда министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудi қамтамасыз етудiң орта мерзiмдi бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) жобасы жөнiндегi ұсыныстарды Экономикалық саясат жөнiндегі кеңестiң қарауына енгiзсiн.
2) заңдарда белгiленген тәртiппен Бағдарламаны техникалық әзiрлеу және жүргізу жүктелетiн субъектiнi айқындасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 20000000 (жиырма миллион) теңге iздестiрсiн және 1999 жылдың шiлдесiнен бастап Бағдарламаны заңдарда белгiленген тәртiппен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Орталық атқарушы органдардың басшылары:
1) өндiрiстер мен әлеуметтік аяның жұмыс iстеуiнiң өзгерген жағдайларына сәйкес салалар мен аяларды дамытудың қазiргi бар бағдарламалары мен тұжырымдамаларын пысықтасын және оларды 1999 жылдың 1 тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне ұсынсын;
2) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың құзыреттi және жоғары бiлiктi мамандарының Бағдарламаны әзiрлеуге қатысуын қамтамасыз етсiн.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергiлiкті атқарушы органдардың мамандарының Бағдарламаны iске асырудың идеологиясы мен тетiктерiн талқылауға қатысуын қамтамасыз етсiн, 1999 жылдың 15 тамызына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара қарым-қатынас жүйелерiн жетiлдiру, аймақтардың өндiрiсi мен әлеуметтiк аясын дамыту жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне ұсынсын.
5. Осы өкiмнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
6. Осы өкiм қол қойылған күнiнен бастал күшiне енедi.
Премьер-Министр