Республикада шайбалы хоккейді одан әрі дамыту мақсатында:
1. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне 1999-2000 жылдар ішінде хоккей командаларын құру және олардың Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Алматы, Қарағанды қалаларының әкімдері жұмыс істеп тұрған спорт сарайларындағы жасанды мұз алаңдарын қалпына келтіруге қаражат іздестірсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері балалардың мамандандырылған хоккей спорт мектептерінің, балалар-жасөспірімдердің спорт мектептерінде хоккей бөлімдерінің және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті:
1) шайбалы хоккейден жыл сайын Қазақстан Республикасының чемпионатын
өткізсін;
2) 1999 жылдан бастап республикада балалар мен жасөспірімдер
арасында "Жұлдызша" жүлдесіне шайбалы хоккейден жарыс өткізсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.