"Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз
айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Әбдіров - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Мәжитұлы Есірткіні бақылау жөніндегі
мемлекеттік комиссиясының
хатшысы, жетекші
Кириллов Игорь - Қазақстан Республикасының
Викторович Ұлттық қауіпсіздік комитеті
5 Департаментінің басқарма
бастығы (келісім бойынша)
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының
Сағындық Кабдрашұлы Ішкі істер министрлігі Криминалдық
полиция департаментінің
Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі
бас басқармасы ұйымдастыру-әдістемелік
бөлімінің бастығы
Боднар - Қазақстан Республикасы
Александр Павлович Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің Контрабандаға
және кедендік тәртіпті бұзуға
қарсы күрес жөніндегі бас
басқармасы кинологиялық
қызметінің бас-инспектор-кинологы
Абдулов - Қазақстан Республикасы
Айдар Мұстажапұлы Қаржы министрлігі Бюджет
департаментінің Қорғаныс кешені
және құқық қорғау органдары
басқармасы бастығының
орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарламалар
департаментінің бас маманы
(келісім бойынша)
Арыстанова - Қазақстан Республикасы
Сарби Нүсіпқызы Денсаулық сақтау, білім және
спорт министрлігінің Денсаулық
сақтау комитеті Қаржыландыру
басқармасының бастығы
Бычкова - Қазақстан Республикасы Әділет
Светлана Федоровна министрлігінің Сот сараптамалары
орталығының директоры
Әкішева - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Жұлдыз Лұкманқызы істер министрлігінің Көпжақты
ынтымақтастық департаменті
директорының орынбасары
Тұрсынов - Қазақстан Республикасы Бас
Серік Бариянұлы прокуратурасының Тергеу мен
анықтаудың заңдылығын
қадағалау жөніндегі департаменті
ұйымдастыру-әдістеме бөлімінің
бастығы
Есіркегенова - БҰҰ-ның Қазақстан Республикасы
Алма Ғабдісләмқызы бойынша Есірткіні бақылау және
қылмыстың алдын алу жөніндегі
басқармасының бағдарламаларды
үйлестірушісі (келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасының қолдауымен дайындалған Есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысты бақылау жөніндегі шебер-жоспар негізінде Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік
комиссиясы 1999 жылдың 1 қарашасына дейін мерзімде Қазақстан
Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 1999-2001
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан
Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевқа
жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.