Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан, Қазақстан Республикасының әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттiк-құқық бөлiмiнің консультанты Т.Е.Нұғмановтың қатысуымен өткен ашық отырысында Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының Қазақ КСР-iнің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнің 52-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің K970167_ 175-бабына ескертулердің 5-тармағын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымын қарады.
Қолдағы бар материалдарды, сарапшының - заң ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттiк университетiнің Құқық институты қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушiсi К.Ж.Балтабаевтың қорытындысын зерделеп шығып, баяндамашыны - Кеңес мүшесi А.Есенжановты, А.Н.Котлов пен Т.Е.Нұғмановтың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы Z000047_ Қазақстан Республикасының Заңын мынадай бөлiгiнде: Заңның 1-тармағында "52-бап мынадай редакцияда жазылсын..." деген сөздерден бастап "... Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген..." деген сөздерге дейiн және Заңның 3-тармағының
25) тармақшасында "Бөтен бiреудің мүлкiн ұсақ-түйек ұрлау..." деген сөздерден бастап "...заңға сәйкес..." деген сөздерге дейiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.
Ұсынымнан мәлiм болғанындай, Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының iс жүргiзуiнде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің, ұрлық үшiн жауаптылықты көздейтiн 175-бабы K970167_ екiншi бөлiгiнің "б" тармағымен М.Т.Қалапбергеновке айып тағу жөнiндегi қылмыстық iс жатыр. М.Т.Қалапбергеновтi қылмыстық жауаптылыққа тарту, Қазақ КСР-i Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнің (бұдан әрi - ҚазКСР-iнiң ӘҚБтК) 52-бабының алдыңғы редакциясын өзгерткен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің (бұдан әрi - ҚР ҚК) 175-бабына ескертулердi 5-тармақпен толықтырған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z000047_ Заңға сәйкес жүзеге асырылған.
Аталған Заңның нормаларында, ӘҚБтК-тің 52-бабын жаңа редакцияда жазу және ҚР ҚК-інің K970167_ 175-бабына ескертулердi жаңа 5-тармақпен толықтыру туралы сөз болып отырғандықтан, өтiнiш субъектiсi, ӘҚБтК-тің 52-бабын және ҚР ҚК-iнің 175-бабына ескертулердің 5-тармағын конституциялық емес деп тануды сұрайтынын ескеру қажет.
Сот өзiнің ұсынымын, ҚазКСР-i ӘҚБтК-iнің 52-бабына және ҚР ҚК-інің 175-бабына ескертулердiң 5-тармағына сай, ұрланған мүлiктiң құны Республика заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен аспайтын кезде, мүлiктің кiмге тиесілігiне байланысты, бiр жағдайларда әкiмшiлiк жауаптылық, ал өзге бiр жағдайларда қылмыстық жауаптылық туындайды деп дәлелдейдi. Соттың пiкiрi бойынша, ұрлық үшiн жауаптылығы жөнiндегi мәселенi заң арқылы бұлайша шешу, Қазақстан Республикасының Конституциясымен K951000_ баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi және Конституцияның 6-бабы 1-тармағына, 14-бабы 2-тармағына қайшы келедi. Осы баяндалғанға байланысты, сот iс жүргiзудi тоқтата тұрған және ҚазКСР-i ӘҚБтК-інің 52-бабын және ҚР ҚК-інің K970167_ 175-бабына ескертулердің 5-тармағын конституциялық емес деп тануды өтiніп, Конституциялық Кеңеске жүгiнген.
Балқаш қаласы сотының ұсынымын қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
ҚазКСР-i ӘҚБтК-інің 52-бабынан және ҚР ҚК-iнің 175-бабына ескертулердің 5-тармағынан, меншiк құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы мүлiктi ұсақ-түйек ұрлағаны үшiн, ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтындай жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылық туындайтыны, ал азаматтарға тиесілі мүлiктi ұрлағаны үшiн ұрланған мүлiктің құнына қатыссыз қылмыстық жауаптылық туындайтыны келiп шығады.
Соттың пiкiрiнше, жоғарыда аталған нормалар, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылатын және бiрдей қорғалатын Конституцияның K951000_ 6-бабы 1-тармағына қайшы келедi. Олардың конституциялық еместiгiн негiздеу үшiн сот мынадай дәлелдер келтiредi: адамның құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде азаматтардың меншiк құқығы, мемлекеттің және заңды тұлғалардың құқықтарына қарағанда басымдығы бар деп танылмайды; Конституцияның 14-бабы 2-тармағының мағынасы бойынша және соған сәйкес, бөтен бiреудiң меншiгiне қарсы заңға терiс бiрдей әрекет жасағаны үшiн азаматтардың жауаптылығы туралы мәселенi шешу кезiнде, меншiктің кiмге тиесілі екенi дәлелге алынып, олардың кемсiтуге ұшырауына жол берiлмейдi.
Алайда, Конституцияның 6-бабы 1-тармағынан, бөтен бiреудің меншiгiне қарсы заңға терiс бiрдей әрекет жасағаны үшiн бiрдей жауаптылық белгiлеу арқылы, мемлекет меншiктi бiрдей қорғау кепiлдiктерiн беретiнi келiп шықпайды. Конституцияның 6-бабы 2-тармағына сай, меншiк иелерiнің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Конституцияның K951000_ 61-бабы 3-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, заң шығарушы, құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігiн, құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар үшiн нақты зиянын ескере отырып, жеке тұлғалардың жауаптылығына қатысты заңдар шығаруға хақылы. Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары, ұйымның да, азаматтардың да меншiк құқығының бiрдей қорғалуын қамтамасыз ете отырып, ұрланған мүлiктің меншік иесі үшiн маңыздылығын ескерiп, бiрдей құқық бұзушылық үшiн жауаптылықтың әртүрлi мөлшерiн белгiлейдi.
Бұл қаралып отырған жағдайда заң шығарушы, жеке тұлғалардың меншiгiне қарсы бағытталған заңға терiс әрекеттер үшiн, адамның және азаматтың меншiк құқығы қорғалуының қосымша кепiлдiгi болып табылатын, жауаптылықтың қатаңдау түрi - қылмыстық жауаптылықты белгiлеген. Сондай-ақ, қаралып отырған нормалар жауаптылықты меншiктің нысанына қарай (мемлекеттiк немесе жеке) емес, меншiк иелерiне (азаматтар немесе ұйымдар) қарай саралайтынын ескерген жөн. Ұйымдар мемлекеттiк те, жеке меншiк те негiзiнде құрылуы мүмкiн. Демек, заң шығарушы мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады деген конституциялық принциптi бұзбаған.
Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 6-бабының 1-тармағында берiлген "мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады" деген конституциялық принциптi, осы ұсынымға қатысты қолданыста олардың құқықтық жағынан қорғалуы мiндеттi деп түсiну ләзiм. Заңда бөтен бiреудің мүлкiне қол сұғушылық үшiн әртүрлi жауаптылық мөлшерi белгiленедi.
Осылайша, ҚазКСР-i ӘҚБтК-інің 52-бабында және ҚР ҚК-iнiң K970167_ 175-бабына ескертулердің 5-тармағында ұйымның құны айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен аспайтын мүлкiн ұсақ-түйек ұрлағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық, ал азаматтың мүлкiн ұрлағаны үшiн, ұрланған мүлiктің мөлшерiне тәуелсiз, қылмыстық жауаптылық белгiлеу - Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiру болып табылмайды.
Соттың, бөтен бiреудің меншiгiне қарсы заңға терiс бiрдей әрекет жасағаны үшiн азаматтардың жауаптылығы туралы мәселенi шешер кезде, меншіктің кiмге тиесiлiгi дәлелге алынып, Конституцияның K951000_ 14-бабы 2-тармағының мазмұны бойынша және соған сәйкес, оларды кемсiтуге болмайды деген дәлелi көңiлге қонымсыз. Балқаш қаласының соты өзінің ұсынымында, дауланып отырған заң нормалары бөтен бiреудің мүлкiн ұрлаған азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қалайынша және нақ қайсы бiрiне нұқсан келтiретінін, және де, сот сiлтеме жасап отырған кемсiтушілік неден байқалатынын көрсетпейдi. Оның орнына, сот, қаралып отырған нормалардың меншiк нысандары бiрдей қорғалады деген конституциялық принциптi бұзатындығы, олардың ұйымның меншiгiне қарағанда, жеке меншiктi қорғауға басымдық беретiндiгi туралы жазған.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақ КСР-iнің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-бабы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 175-бабына ескертулердің 5-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабы 3-тармағының
негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға
жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және
Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген
жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс
тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі
Төрағасының міндетін атқарушы
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Омарбекова А.Т.