Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2001 жылғы 9 шілде N 12/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан өзiнің ашық отырысында,
      өтiнiш субъектiсi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты В.И.Макалкиннің;
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.К.Дауылбаевтың;
      Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың;
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасары А.П.Сизовтың;
      Астана қаласы әкiмiнің бiрiншi орынбасары Ф.Х.Ғалимовтың қатысуымен,
      Парламент 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының өтiнiшiн қарады.
      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесi Ж.Д.Бұсырмановтың хабарын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      1. Конституциялық Кеңеске 2001 жылғы 2 шiлдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсi мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Парламентiнің Сенаты 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010227_ Заңының 2-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының өтініші келіп түсті.
      Осы тармақша арқылы 1998 жылғы 20 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Z980230_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 4-тармағына толықтыру енгiзiлген болатын, оған сәйкес атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде "2-1) мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) туралы шешiмдер қабылдайды. Бұл ретте жер учаскелерiнің меншiк иелерi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар учаскелердi алудың (сатып алудың) алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кем дегенде үш ай бұрын бұл туралы жазбаша түрде хабарландырылуға тиiс. Бұл, өтiнiш иесінің пiкiрiнше, елдің басқа аймақтарының тұрғындарымен салыстырғанда астана тұрғындарының құқығын нашарлатады. Бұл қорытынды Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi АК) K941000_ 255-бабына және "Жер туралы" Z010152_ Қазақстан Республикасы Заңының 67, 69, 70-баптарына сәйкес атқарушы орган Республиканың бүкiл аумағында мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) туралы меншiк иесiне алудан бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс дегенге негiзделген.
      Осыған байланысты Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 2-тармағы 1) тармақшасын заң алдында жұрттың бәрiнің теңдiгiн бекiтiп берген және тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге жол бермейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 14-бабына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiш жасады.
      2. Республика Конституциясының нормаларын және қаралып отырған өтініш бойынша материалдарды талдай келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
      Республика Конституциясының 14-бабы 1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең деген ережесi адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және әркiмнің заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
      Республика Конституциясының 14-бабы 2-тармағы тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша азаматтарды ешқандай кемсiтуге тыйым салады.
      Республика Конституциясының 26-бабы 2-тармағы тек екi негiзгi шарт мiндеттi түрде сақталғанда ғана: а) мемлекет қажеттерi үшiн заңда көзделген ерекше жағдайларда; б) барабар өтем төленген кезде меншiктен айыруға жол бередi. Конституциялық Кеңес өзiнің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 S000021_ қаулысында нақ осы жағдайларға назар аударған болатын. Оның үстiне, Конституция "мемлекет қажеттерi", "ерекше жағдайлар", "барабар өтем төлеу" ұғымдарының мазмұнын анықтамайды. Бұл мiндеттi ол заңдарға жүктейдi.
      Қолданылып жүрген азаматтық заңдар жеке меншiк құқығын тоқтату негiзiн белгiлегенде жеке меншiк құқығы тек меншiк иесiнің еркiмен ғана тоқтатылады деген негiзге алынатын принциптi ұстанады. Жазалау негiзiнде меншiк иесiнен мүлiктi мәжбүрлеп алуға тек АК-тің 249-бабында көзделген айрықша жағдайларда ғана жол берiледi, АК-тің 255-бабы 1-тармағында меншiк иесiнің меншiгiндегi үйi, басқа да ғимараттары, құрылыстары немесе көшеттерi бар жер учаскесiн алуға байланысты жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын тоқтату тек заң актiлерi белгiлеген жағдайлар мен тәртiппен, меншiк иесiнің мүлкiне барабар мүлiк беру және оның шеккен басқа залалдарын өтеу немесе жеке меншiк құқығының тоқтатылуына байланысты оның шеккен залалын толық көлемде өтеу арқылы жол берiледi. Жеке меншiк құқығының тоқтатылуына әкеп соққан мемлекеттiк органның шешiмiмен меншiк иесi келiспеген жағдайда дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн ол шешiм жүзеге асырылуға тиiс емес (АК-тің 255-бабы 2-тармағы).
      2001 жылғы 24 қаңтарда қабылданған "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар мемлекет қажетi үшiн жерлердi ала алады (сатып ала алады) (14-бап). Бұл ретте олар меншiк иесiне, жер пайдаланушыға сатып алудан бiр жыл бұрын (67-баптың 2-тармағы) жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Егерде меншiк иесi оның жер учаскесiн мемлекет қажетi үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе, не сатылып алынатын жер учаскесінің бағасы туралы немесе сатып алудың басқа шарттары туралы келiсiмге келе алмаса, сатып алу туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап арыз бере алады. Мұндай талап арыз бiр жыл iшiнде берiлуi мүмкiн, бiрақ меншiк иесiне хабарлама жiберiлгеннен кейiн екi жылдан кешiктiрiлмеуге тиiс (70-бап).
      Парламент "Жер туралы" Z010152_ Заңның 67-бабы 2-тармағының бiрiншi және екiншi сөйлемдерiне және 70-баптың екiншi бөлiгiне бiр мезгiлде толықтырулар ("егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер) енгiздi, бұл "Жер туралы" және "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" заңдардың арасында туындайтын қайшылықтарды жояды.
      3. Конституцияның 61-бабы 3-тармағына сәйкес "Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн мыналарға: 1) жеке және заңды тұлғалардың субъектiлiгiне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне; 2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтін заңдар шығаруға хақылы;". Сондықтан, Парламенттiң қалыптасқан жағдайлар мен тиiмдiлiкке орай жаңа құқықтық нормалар белгiлеуге, оның iшiнде - дәйiм өзгерiп отыратын және серпiндi қоғамдық қатынастардағы құқықтық реттеудегi кемшiлiктердi жоюға құқығы бар (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 S990002_ қаулысы).
      Мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) мәселелерi бойынша Парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010227_ Заң Қазақстан Республикасы астанасының жедел де серпінді дамуы үшін үй құрылыстары мен шаруашылық құрылыстарына пайдаланылып келген едәуiр аумақтарды игеруге байланысты қатынастарды құқықтық реттеуге оны салудың бас жоспарын тиiмдi орындауға, тиiстi желiлерiмен және коммуникацияларымен үйлердi және ғимараттарды тұрғызуға бағытталған. Елiмiздiң жаңа астанасын жайластыру - бұл мемлекетiмiздің беделi мен абыройына тiкелей қатысы бар аса маңызды мемлекеттiк және жалпыұлттық мiндет.
      Жер - ұлт игiлiгi, сондықтан да ол меншiктің ерекше объектiсi болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Республика Конституциясының 6-бабы 2 және 3-тармақтарында меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс деп белгіленген. Меншiк субъектілерi мен объектiлерi, меншiк иелерінiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен анықталады, ал жерге мемлекеттiк меншiктің де, жеке меншiктің де негiздерi, шарттары және шектерi заңмен белгiленедi. Сондықтан да мемлекет Конституция белгiлеген тәртiппен осы шектердi анықтауға құқылы.
      4. Сонымен, мемлекет қажеттерi үшiн жер учаскесiн алатыны (сатып алатыны) туралы меншiк иесiне жазбаша түрде хабарлауға үш ай мерзiм белгiлейтiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына мына негiздер бойынша қайшы келмейдi:
      бұл норманы мемлекеттің жоғары органы өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiне сәйкес қабылдаған Қазақстан Республикасының заңымен белгiлеген;
      ол заң мен сот алдында жұрттың бәрi бiрдей деген конституциялық принциптердi бұзбайды, өйткенi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар үшiн басқа құқықтық режим белгiлемейдi, олардың билiк ету, иелену және пайдалану нысандарында iске асырылатын құқықтылығына нұқсан келтiрмейдi. Қабылданған заң адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн, осы құқықтарды мемлекеттің тең қорғауын және азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн шектемейдi. Жердi сатып алуды жүзеге асырушы меншiк иесi де, уәкiлеттi орган да өз құқықтарын сотта қорғау мүмкiндiгiнен айырылмайды. Хабарлаудың үш айлық мерзiмi меншiк иесінің жерге құқықтарына және оларды қорғау кепiлдiктерiне қол сұқпайтын және олардан айырмайтын жаңа уақытша параметрлер белгiлейдi;
      көзделген хабарлау мерзiмi тұрғылықты жерi бойынша кемсiту болып табылмайды, өйткенi астанада тұрған-тұрмағанына қарамастан жер учаскелерi бар және жер учаскелерінің меншiк иелерi бола алатын азаматтар үшiн тең дәрежеде мiндеттi;
      тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерiндегi өтем мен меншiгiне берiлетiн жайлы тұрғынжай арасындағы меншiк иесінің таңдау құқығы сақталады;
      жер учаскелерiн алдағы алу туралы меншiк иелерiн, жер пайдаланушыларды хабарлаудың жаңа мерзiмi мемлекет қажеттерi үшiн алу тәртiбiн, олардың тең өтемiн, жазбаша хабарлау нысанын және дауды сот тәртiбiмен шешудi өзгертпейдi;
      "Жер туралы" Заңның нормаларынан туындаған қайшылықтар Парламенттің 67-баптың 2-тармағының бiрiншi және екiншi сөйлемдерiне және 70-баптың екiншi бөлiгiне ("егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер) өзгерiс енгiзуi арқылы алып тасталды.
      Баяндалғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағы 1) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес

қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Қазақстан Республикасының 
бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және 
Қазақстан Республикасы Конституциясының  

K951000_

  73-бабы 4-тармағында 
көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды.
     3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 
тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесiнiң
            Төрағасы 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      


О конституционности Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", принятого Парламентом Республики Казахстан 26 июня 2001 года

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 9 июля 2001 года N 12

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Хитрина Ю.А, членов Совета Бусурманова Ж.Д., Котова А.К., Омарханова К.А. и Шопина В.Д., с участием:
      представителя субъекта обращения - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Макалкина В.И.;
      заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К.;
      вице-Министра юстиции Республики Казахстан Котлова А.Н.;
      первого заместителя Агентства по управлению земельными ресурсами Республики Казахстан Сизова А.П.;
      первого заместителя акима г. Астаны Галимова Ф.Х.,
      рассмотрел в открытом заседании обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан о соответствии Конституции Республики Казахстан Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", принятого Парламентом 26 июня 2001 года.
      Изучив имеющиеся материалы, заслушав докладчика-члена Совета Бусурманова Ж.Д. и участников заседания, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:
      1. В Конституционный Совет Республики Казахстан 2 июля 2001 года поступило обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан о соответствии Конституции Республики Казахстан подпункта 1) пункта 2 Закона Республики Казахстан Z010227_ "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", одобренного Мажилисом Парламента Республики Казахстан и принятого Сенатом Парламента Республики Казахстан 26 июня 2001 года.
      Этим подпунктом внесено дополнение в пункт 4 статьи 3 Закона Республики Казахстан Z980230_ "О статусе столицы Республики Казахстан" от 20 мая 1998 года, согласно которому исполнительные органы столицы в пределах своей компетенции принимают решения об изъятии (выкупе) земель для государственных надобностей. При этом собственники земельных участков или негосударственные землепользователи должны быть не позднее чем за три месяца до предстоящего изъятия (выкупа) участков письменно уведомлены об этом в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. По мнению субъекта обращения оно ухудшает права жителей столицы по сравнению с правами жителей других регионов страны. Этот вывод основан на том, что в соответствии со статьей 255 K941000_ Гражданского кодекса Республики Казахстан (далее - ГК) и статьями 67, 69, 70 Закона Республики Казахстан Z010152_ "О земле" на всей территории Республики исполнительный орган об изъятии земельного участка для государственных надобностей обязан письменно уведомлять собственника за год до изъятия.
      В связи с чем, депутаты Парламента обратились в Конституционный Совет о признании подпункта 1) пункта 2 Закона "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", принятого Парламентом Республики Казахстан 26 июня 2001 года, несоответствующим статье 14 K951000_ Конституции Республики Казахстан, закрепившей равенство всех перед законом и отвергающей какую-либо дискриминацию по мотивам места жительства или по любым иным обстоятельствам.
      2. Проанализировав нормы Конституции Республики и материалы по рассматриваемому обращению, Конституционный Совет исходит из следующего.
      Положение пункта 1 статьи 14 Конституции Республики о том, что все равны перед законом и судом, устанавливает равенство прав и обязанностей человека и гражданина, равную защиту государством этих прав и равную ответственность каждого перед законом.
      Пункт 2 статьи 14 Конституции Республики запрещает какую-либо дискриминацию личности по мотиву места жительства или по любым иным обстоятельствам.
      Пункт 2 статьи 26 Конституции Республики допускает возможность лишения собственности, но лишь при обязательном соблюдении двух условий:
а) для государственных нужд в исключительных случаях, предусмотренных законом; б) при условии равноценного возмещения. Именно на эти обстоятельства обращал внимание Конституционный Совет в своем постановлении от 20 декабря 2000 года N 21/2 S000021_ . Причем, Конституция не определяет содержание понятий "государственные нужды", "исключительные случаи", "условия равноценного возмещения". Эту задачу она возлагает на законы.
      Действующее гражданское законодательство, устанавливая основания прекращения права собственности, исходит из основополагающего принципа, что право собственности может быть прекращено только по воле самого собственника. Принудительное же изъятие у собственника имущества на возмездной основе допускается только в исключительных случаях, предусмотренных в статье 249 ГК. К ним отнесено, в частности, и отчуждение недвижимого имущества в связи с изъятием земельного участка (подпункт 5) пункта 2 приведенной статьи ГК). В пункте 1 статьи 255 ГК прекращение права собственности на недвижимость в связи с изъятием земельного участка, на котором находятся принадлежащие собственнику дом, иные строения, сооружения или насаждения, допускается лишь в случаях и порядке, установленных законодательными актами, с представлением собственнику равноценного имущества и возмещением иных понесенных убытков или возмещением ему в полном объеме убытков, причиненных прекращением права собственности. При несогласии собственника с решением государственного органа, влекущим прекращение права собственности, оно не может быть осуществлено до разрешения спора в судебном порядке (пункт 2 статьи 255 ГК).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан Z010152_ "О земле" от 24 января 2001 года местные исполнительные органы могут изъять (выкупить) земли для государственных надобностей (статья 14). При этом они должны письменно уведомить собственника, землепользователя за год до предстоящего выкупа (пункт 2 статьи 67). Если же собственник не согласен с решением о выкупе у него земельного участка для государственных надобностей либо с ним не достигнуто соглашение о цене за выкупаемый земельный участок или других условиях выкупа, то государственный орган, принявший решение о выкупе, может предъявить в суд иск о выкупе земельного участка. Такой иск может быть предъявлен по истечении года, но не позднее двух лет с момента направления собственнику уведомления (статья 70).
      В Закон "О земле" Парламентом Республики одновременно внесены дополнения в первое и второе предложения пункта 2 статьи 67 и часть вторую статьи 70 (слова ", если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан"), которое снимает возникшее противоречие между законами "О земле" и "О статусе столицы Республики Казахстан".
      3. В соответствии с пунктом 3 статьи 61 Конституции "Парламент вправе издавать законы, которые регулируют важнейшие общественные отношения, устанавливают основополагающие принципы и нормы, касающиеся: 1) правосубъектности физических и юридических лиц, гражданских прав и свобод, обязательств и ответственности физических и юридических лиц; 2) режима собственности и иных вещных прав;". Отсюда Парламент обладает правом устанавливать новые юридические нормы, исходя из сложившихся обстоятельств и целесообразности, в том числе - устранять недостатки правового регулирования постоянно изменяющихся и динамичных общественных отношений (постановление Конституционного Совета от 10 марта 1999 года N 2/2 S990002_ ).
      Принятый Парламентом Закон Z010227_ "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан" по вопросам изъятия (выкупа) земельных участков для государственных надобностей направлен на правовое урегулирование отношений, связанных с освоением значительных территорий, занятых домостроениями и хозяйственными постройками для ускоренного и динамичного развития столицы Республики Казахстан, эффективного исполнения генерального плана ее застройки, возведения зданий и сооружений с соответствующими сетями и коммуникациями. Обустройство новой столицы страны - это важнейшая государственная и общенациональная задача, разрешение которой отразится на авторитете и престиже государства.
      Земля - национальное достояние, поэтому она является особым объектом собственности и находится под охраной государства. Пункты 2 и 3 статьи 6 Конституции Республики закрепляют, что собственность обязывает, пользование ею должно одновременно служить общественному благу. Субъекты и объекты собственности, объем и пределы осуществления собственниками своих прав, гарантии их защиты определяются законом, а основания, условия и пределы как государственной так частной собственности на землю устанавливаются законом. Отсюда, государство в установленном Конституцией порядке вправе определять эти пределы.
      4. Таким образом, подпункт 1) пункта 2 Закона "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", устанавливающий трехмесячный срок письменного уведомления собственника о предстоящем изъятии (выкупе) земельного участка для государственных надобностей, не противоречит нормам Конституции по следующим основаниям:
      эта норма установлена законом Республики Казахстан, принятым высшим представительным органом государства в соответствии с его конституционными полномочиями;
      она не нарушает конституционные принципы равенства всех перед законом и судом, так как не устанавливает другой правовой режим для собственников и землепользователей, не затрагивает их правомочия, реализуемых в форме распоряжения, владения и пользования. Принятым законом не ограничиваются права и обязанности личности, равная защита государством этих прав и равная ответственность граждан перед законом. Как собственник, так и уполномоченный орган, осуществляющий выкуп земли, не лишаются возможности защиты своих прав в суде. Трехмесячный срок уведомления устанавливает новые временные параметры, которые не посягают и не лишают собственника его прав на землю и гарантии их защиты;
      предусмотренный срок уведомления не является дискриминацией по месту жительства, так как в равной степени обязателен для граждан Республики, являющихся и могущих стать собственниками земельных участков на территории столицы, независимо от того, проживают они или не проживают в столице;
      право выбора между компенсацией в размере рыночной стоимости жилища и предоставляемым в собственность благоустроенным жильем за собственником сохраняется;
      новый срок уведомления собственников, землепользователей о предстоящем изъятии земельных участков не изменяет порядок изъятия земель для государственных надобностей, равноценное их возмещение, письменную форму уведомления и судебный порядок разрешения споров;
      возникшее противоречие с нормами Закона "О земле" снято посредством внесения Парламентом в первое и второе предложения пункта 2 статьи 67 и в часть вторую статьи 70 дополнений словами ", если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан".
      На основании вышеизложенного, руководствуясь подпунктом 2) пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпункта 1) пункта 2 статьи 17, статьями 32, 33, 37 и 41 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952737_ "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать подпункт 1) пункта 2 Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан", принятого Парламентом Республики Казахстан 26 июня 2001 года, соответствующим Конституции Республики Казахстан.
      2. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики

Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, является 
общеобязательным на всей территории Республики, окончательным и 
обжалованию не подлежит с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 
73  

K951000_

  Конституции Республики Казахстан. 
     3. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках 
в официальных республиканских печатных изданиях.
     
     Председатель
     Конституционного Совета
     Республики Казахстан
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Пучкова О.Я.)