Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2001 жылғы 21 желтоқсан N 18/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнің өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты Ш.А.Оразалиновтің қатысуымен, өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 1-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады. 
      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар Конституциялық Кеңестің мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов пен А.К.Котовты, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: 
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 1-бабы 1-тармағын, "Қазақстан Республикасы өзiн ...әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары", - деген сөздерi бөлiгiнде ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. 
      Өтiнiште, "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңның талаптарын бұза отырып, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi алқасының 1994 жылғы 23 қыркүйектегi N 5 қаулысымен зейнетақыны қайта есептеу үшiн төмендетiлген базалық көрсеткiш белгiленгенi, соның нәтижесiнде зейнетақының ең аз мөлшерi де, ең көп мөлшерi де едәуiр төмендетiлгенi айтылған. Бас прокуратураның талап-арызы бойынша Жоғарғы Сот бұл құжатты заңдарға қайшы келедi деп тапты. Соған қарамастан, Республика Үкiметi 1996 жылғы 12 шiлдеде N 899  P960899_ қаулы қабылдап, базалық көрсеткiштi белгiлеу жөнiндегi мәселенi Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қалай шешкен болса, бұл қаулыда да ол солай шешiлген болатын. Одан тыс, бұл нормалар Үкiмет актiсi шығардан анағұрлым бұрын туындаған құқықтық қатынастарды қамтитын, ал ол Республика Азаматтық кодексi  K941000_ 4-бабының азаматтық заң актiлерiнің керi күшi туралы ережелерiне қайшы келетiн. 
      Парламент депутаттарының пiкiрiнше, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің және Үкiметтің жоғарыда аталған қаулылары арқылы, экономикалық мақсатты көздей отырып заңдылық принциптерi бұзылған, соның нәтижесiнде зейнеткерлердiң конституциялық құқықтарына нұқсан келген. 
      Жоғарыда баяндалғанға орай депутаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 1-бабы 1-тармағына, "әлеуметтiк мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары", - деген ұғымдары бөлiгiнде, Республика Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің және Үкiметiнің жоғарыда аталған қаулыларына қатысты қолданыста түсiндiрме берудi сұрайды. 
      Өтiнiштi қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi. 
      1. Өтiнiштен келiп шығатыны, Республика Конституциясының 1-бабы 1-тармағын түсiндiруден тыс, Парламент депутаттары Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi алқасының 1994 жылғы 23 қыркүйектегi N 5 және Республика Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 899  P960899_ қаулыларының конституциялылығы туралы мәселе қояды. 
      Парламент депутаттарының конституциялық нормаларды ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiштерiн қарау Конституциялық Кеңестің құзырына кiредi. 
      Нормативтiк құқықтық актiлердің Конституцияға сәйкестiгi туралы мәселеге келер болсақ, Конституцияның 72-бабы 1-тармағына сай, Конституциялық Кеңес депутаттардың мұндай өтiнiштерiн қарай алмайды. Бұл аталған құқық Конституцияның 72-бабы 2-тармағымен соттарға берiлiп, ол Конституцияның  K951000_ 76-бабы 2-тармағының және 78-бабының ережелерi шеңберiнде жүзеге асырылады. 
      Республиканың Конституциясы, заңдары, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен халықаралық шарттары негiзiнде туындайтын барлық iстер мен даулар, Конституцияның 76-бабы 2-тармағымен сот билiгiнің юрисдикциясына жатқызылған. 
      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабына сай, Конституциялық Кеңес өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды және соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуден қалыс тұруға мiндеттi. 
      Атқарушы билiк органдарының зейнетақыны қайта есептеу үшiн базалық көрсеткiш есебiн жасауының заңдылығы туралы мәселе, Конституциялық Кеңестің емес, соттардың және тиiстi өкiлеттi мемлекеттiк органдардың қарау нысаны болып табылып, олар Конституция нормаларының жоғары тұруы туралы принциптердi ескеруге тиiс. 
      2. Конституцияның  K951000_ 1-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасы өзiн ...әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; ...", - деп жариялайды. Конституцияның I-бөлiмiнің бұл жалпы ережесi, Қазақстан, мемлекеттің мүмкiншiлiгiне қарай отырып, өзiнің азаматтарына игiлiктi өмiр сүру үшiн жағдай жасау және жеке адамның еркiн дамуы арқылы әлеуметтiк теңсiздiктi жұмсартуға мiндеттеме алатын мемлекет ретiнде дамуға ниет танытады дегендi бiлдiредi. Бұл ереже Негiзгi Заңның мынадай: азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға, тынығу, заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа құқығы (24-бап); жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiне, әлеуметтiк қамсыздандырылуға кепiлдiк берiлуi және ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасаудың және қайырымдылықтың көтермеленуi (28-бап); азаматтардың денсаулық сақтауға, заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмек көлемiн тегiн алуға құқығы (29-бап); тегiн орта бiлiм алуға, конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiлуi (30-бап); адамның өмiр сүруi мен Денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны мемлекеттiк қорғау (31-бап); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттiк қорғау (27-бап); мемлекеттің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасауы, тұрғын үйді заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан азаматтардың шама-шарқы көтеретiн ақыға беруi (25-бап), сияқты әртүрлi нормаларында ашылады. 
      Конституцияның 1-бабы 1-тармағының талданып отырған ережесiнде "өзiн орнықтырады" деген тiркес қолданылған, ол әлеуметтiк мемлекет ретiнде Қазақстан дамуының ырғақтылығын көрсетедi, оған сөзсiздiк және әлеуметтендiру процесiне бағытталғандық сипат бередi. Республиканың өзiн әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыруы, сондай-ақ Қазақстан қоғамында әлеуметтiк әрiптестiк пен оң қарсыластық дамуын көздейдi. 
      Қазақстан Республикасы үшiн, Конституцияның 1-бабының 1-тармағына сай, "адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып табылады". Конституцияның I-бөлiмiнің бұл жалпы ережесi Қазақстан Республикасы үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды. 
      Конституцияның II-бөлiмiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тiзбесi берiледi. Конституцияның 12-бабы 2-тармағына сай, адам құқықтары мен бостандықтары оларға тумысынан жазылған, олар абсолюттi болып танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 4-бабының 1-тармағын және 12-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1996 жылғы 28 қазандағы  S9606_2_ қаулыда былай: "адам құқығы мен бостандығы, осы құқық пен бостандықтың жүзеге асырылуының жағдайлары мен тәртiбiн белгiлеушi заңдар жасаған және қабылдаған кезде Конституция жариялаған адам құқығы мен бостандығы негiз болады. Адам құқығы мен бостандығын белгiлеушi заңдарды, Конституцияның 39-бабының 3-тармағында келтiрiлгендердi қоспағанда, мемлекеттің шынайы әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiне қарай, белгiленген тәртiппен заң шығарушы орган өзгерте алады", - деп атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасында Конституцияға  K951000_ сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. 
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 76-бабының 2-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi: 
 

        1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасы өзiн ... әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары." деген сөздерi бөлiгiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттің шынайы мүмкiндiктерiне сәйкес әлеуметтiк мемлекет мiндетiн орындауға ұмтылады дегендi бiлдiредi. Қазақстанда Конституцияға сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. 
      2. Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 899  P960899_ қаулысының және Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi алқасының 1994 жылғы 23 қыркүйектегi N 5 қаулысының Конституцияға сәйкестiгiн, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста қарауға хақылы емес. 
      Конституцияның 76-бабы 2-тармағына сәйкес, Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде туындайтын барлық iстер мен даулар сот билiгiнің құзырына кiредi. 
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_ 74-бабы 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
     4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.     

     Қазақстан Республикасы 
    Конституциялық Кеңесінің
          Төрағасы 

Об официальном толковании пункта 1 статьи 1 Конституции Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 21 декабря 2001 года N 18/2.

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Хитрина Ю.А., членов Совета Акуева Н.И., Бусурманова Ж.Д., Есенжанова А., Котова А.К., Омарханова К.А. и Шопина В.Д., с участием представителя субъекта обращения - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Уразалинова Ш.А., рассмотрел в открытом заседании обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан об официальном толковании пункта 1 статьи 1 K951000_ Конституции Республики Казахстан.

      Изучив имеющиеся материалы, заслушав докладчиков - членов Конституционного Совета Бусурманова Ж.Д. и Котова А.К., выступления участников заседания, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 28 ноября 2001 года поступило обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан об официальном толковании пункта 1 статьи 1 K951000_ Конституции Республики Казахстан в части слов "Республика Казахстан утверждает себя ...социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы".

      В обращении сказано, что в нарушение требований Закона Z912100_ "О пенсионном обеспечении граждан в Казахской ССР" постановлением коллегии Министерства социальной защиты населения от 23 сентября 1994 года N 5 устанавливался заниженный базовый показатель для перерасчета пенсий, в результате чего существенно снижались как минимальная, так и максимальная размеры пенсий. По иску Генеральной прокуратуры Верховный Суд признал этот документ противоречащим законодательству. Несмотря на это, Правительство Республики приняло постановление от 12 июля 1996 года N 899 P960899_ , в котором вопрос об установлении базового показателя решался таким же образом, как и Министерством социальной защиты населения. Кроме того, действие этих норм распространялось на правоотношения, возникшие задолго до вынесения правительственного акта, что противоречило положениям статьи 4 K941000_ Гражданского кодекса Республики об обратной силе актов гражданского законодательства.

      По мнению депутатов Парламента, вышеназванными постановлениями Министерства социальной защиты и Правительства нарушен принцип законности в угоду экономической целесообразности, в результате чего ущемлены конституционные права пенсионеров.

      В связи с вышеизложенным депутаты просят дать толкование пункта 1 статьи 1 K951000_ Конституции Республики в части понятий "социальное государство, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы" применительно к вышеупомянутым постановлениям Министерства социальной защиты и Правительства Республики.

      При рассмотрении обращения Конституционный Совет Республики Казахстан исходит из следующего.

      1. Из обращения следует, что помимо толкования пункта 1 статьи 1 Конституции Республики, депутаты Парламента ставят вопросы на предмет конституционности постановлений коллегии Министерства социальной защиты населения от 23 сентября 1994 года N 5 и Правительства Республики от 12 июля 1996 года N 899 P960899_ .

      Рассмотрение обращений депутатов Парламента об официальном толковании конституционных норм входит в компетенцию Конституционного Совета.

      Что касается вопросов соответствия Конституции нормативных правовых актов, то Конституционный Совет не может рассматривать такие обращения депутатов, согласно пункту 1 статьи 72 Конституции. Указанное право пунктом 2 статьи 72 Конституции предоставлено судам, которое реализуется в рамках положений пункта 2 статьи 76 и статьи 78 K951000_ Конституции.

      Все дела и споры, возникающие на основе Конституции, законов, иных нормативных правовых актов и международных договоров Республики отнесены пунктом 2 статьи 76 Конституции к юрисдикции судебной власти.

      Согласно статье 1 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952737_ "О Конституционном Совете Республики Казахстан" при осуществлении своих полномочий Конституционный Совет не может исходить из политических или иных мотивов и обязан воздерживаться от установления и исследования иных вопросов во всех случаях, когда это входит в компетенцию судов или других государственных органов.

      Вопросы законности исчисления исполнительными органами власти базового показателя для перерасчета пенсий являются предметом рассмотрения не Конституционного Совета, а судов и соответствующих уполномоченных государственных органов, которые должны исходить из принципа верховенства норм Конституции.

      2. Пункт 1 статьи 1 K951000_ Конституции провозглашает, что "Республика Казахстан утверждает себя ...социальным государством ...". Это общее положение Раздела I Конституции означает, что Казахстан намерен развиваться как государство, которое берет на себя обязательство смягчать социальное неравенство путем создания условий для достойной жизни своим гражданам и свободного развития личности, адекватных возможностям государства. Данное положение раскрывается в различных нормах Основного Закона страны таких, как: право граждан на социальную помощь от безработицы, на отдых, на установленные законом продолжительность рабочего времени, выходные и праздничные дни, оплачиваемый ежегодный отпуск (статья 24); гарантированность минимального размера заработной платы и пенсии, социальное обеспечение по возрасту, в случае болезни, инвалидности, потери кормильца и поощрение добровольного социального страхования, создание дополнительных форм социального обеспечения и благотворительности (статья 28); право граждан на охрану здоровья, на бесплатное получение гарантированного объема медицинской помощи, установленного законом (статья 29); гарантированность бесплатного среднего образования, право на получение на конкурсной основе бесплатного высшего образования (статья 30); государственная охрана окружающей среды, благоприятной для жизни и здоровья человека (статья 31); государственная защита семьи, материнства, отцовства и детства (статья 27); создание государством условий для обеспечения граждан жильем, предоставление жилья нуждающимся за доступную плату из государственных жилищных фондов в соответствии с установленными законом нормами (статья 25).

      В анализируемом положении пункта 1 статьи 1 Конституции применен оборот "утверждает себя", что подчеркивает поступательность развития Казахстана как социального государства, придает характер необратимости и направленности процессу социализации. Утверждение Республикой себя социальным государством предполагает также развитие в казахстанском обществе социального партнерства и конструктивного оппонирования.

      Для Республики Казахстан, согласно пункту 1 статьи 1 Конституции, "высшими ценностями являются человек, его жизнь, права и свободы". Это общее положение Раздела I Конституции свидетельствует о приоритете для Республики Казахстан общечеловеческих ценностей.

      В Разделе II Конституции приводится перечень прав и свобод человека и гражданина. Согласно пункту 2 статьи 12 Конституции права и свободы человека принадлежат каждому от рождения, признаются абсолютными и неотчуждаемыми, определяют содержание и применение законов и иных нормативных правовых актов. Конституционный Совет в постановлении от 28 октября 1996 года S9606_2_ "Об официальном толковании пункта 1 статьи 4 и пункта 2 статьи 12 K951000_ Конституции Республики Казахстан" указал: "что права и свободы человека, провозглашенные Конституцией, являются основополагающими при разработке и принятии законов и иных нормативных правовых актов, устанавливающих условия и порядок осуществления этих прав и свобод. Законы, устанавливающие права и свободы человека, за исключением перечисленных в пункте 3 статьи 39 Конституции, могут быть изменены в установленном порядке законодательным органом, исходя из реальных социально-экономических возможностей государства". Республика Казахстан признает и гарантирует права и свободы человека в соответствии с K951000_ Конституцией.

      На основании изложенного и руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72, пунктом 2 статьи 76 Конституции, а также статьей 1, подпунктом 1) пункта 3 статьи 17, статьями 32, 33, 37 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952737_ "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет постановляет:

      1. Пункт 1 статьи 1 Конституции Республики Казахстан в части слов "Республика Казахстан утверждает себя... социальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы" означает, что Республика Казахстан стремится к выполнению роли социального государства в соответствии с реальными возможностями государства. Казахстан признает и гарантирует права и свободы человека и гражданина в соответствии с Конституцией.

      2. Конституционный Совет, применительно к предмету обращения, не правомочен рассматривать постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 1996 года N 899 P960899_ и постановление коллегии Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 сентября 1994 года N 5 на соответствие Конституции.

      Согласно пункту 2 статьи 76 Конституции все дела и споры, возникающие на основе Конституции, законов и иных нормативных правовых актов входят в компетенцию судебной власти.

      3. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 K951000_ Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.

      4. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель

      Конституционного Совета

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Умбетова А.М., Склярова И.В.)