Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

      өтiнiш субъектісiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөнiндегi алқасының төрайымы Р.Н.Юрченконың,
      Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Республиканың Әділет вице-министрi С.М.Бекбосыновтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабы  3-бөлiгінiң "в" тармағын, 178-бабы  3-бөлігiнiң "в" тармағын, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын  және Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргiзу кодексiнiң 19-бабы  3-бөлiгін конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын қарады.
      Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ж.Балтабаевты, өтiнiш субъектісi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi  мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2003 жылғы 3 маусымда Республика Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi - ҚК) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамдардың жауаптылығын көздейтiн 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағын және 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағын, он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығын ескеру бөлігінде, Конституцияның  1, 12, 14, 27, 77-баптарына  сәйкес емес деп тану жөнiндегi ұсынысы келiп түстi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы  3-тармағының 1) тармақшасына сай Жоғарғы Сот, ҚК-тiң 13-бабының  және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi - ҚIЖК) 19-бабы  3-бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы  3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес еместiгi туралы мәселемен толықтыра отырып, өтiнiштiң көлемiн ұлғайтқан.
      Жоғарғы Сотта жатқан, Лениногор қалалық сотының үкiмiмен ҚК-тiң 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағымен, 255-бабы  4-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 259-бабы  1-бөлiгiмен, 251-бабы  4-бөлiгiмен сотталған, В.С.Зиневичтiң қылмыстық iсi Конституциялық Кеңеске өтiнiш беруге себеп болған.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы, сотталғанның шағымы бойынша iстi қарап шығып, өзiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен, В.С.Зиневичтiң iс-әрекетiн ҚК-тiң 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағынан, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағынан, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағынан, 255-бабы  4-бөлiгiнiң "в" тармағынан тиiсiнше 175-бабы  2-бөлiгiнiң "а", "б", "в" тармақтарына, 178-бабы  2-бөлiгiнiң "б", "в" тармақтарына, 179-бабы  2-бөлiгiнiң "а", "б", "в", "г" тармақтарына, 255-бабы  3-бөлiгiнiң "б", "г" тармақтарына қайта саралай отырып, оған қатысты үкiмдi өзгерткен.
      Бұл орайда Жоғарғы Соттың алқасы өз қаулысында, соңыра өтiнiште көрсетiлген, мынадай уәж келтiредi:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы  3-тармағының 2) тармағына орай бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды, демек, қылмысты ауырырақ қылмыстық заң бойынша саралауға әкеп соқтыратын, қатаңдау жаза көздейтiн "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн тағу Конституцияның  бұл аталған ережесiне қайшы келедi және заң мен сот алдындағы теңдiк негiзiнде сот төрелiгiнiң iске асырылуы туралы қылмыстық процестiң принципiн бұзады;
      2) ҚК-тiң 13-бабы  4-бөлiгiне сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Демек, осы соттылықтар құрайтын арнайы қайталану бeлгici бойынша қылмысты capалaу кезiнде де олар ескерiлмеуге тиiс.
      Қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының бұл ұйғарымына Бас Прокурордың наразылығы келтiрiлiп, онда ҚК-тiң 13-бабы  4-бөлiгi және "Кәмелетке толмағандардың қылмыстары және оларды қылмыстық және қоғамға қарсы өзге де әрекеттерге тарту туралы iстер бойынша сот практикасы туралы" Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 6  нормативтiк қаулысының 22-тармағы негiзiнде, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыс үшiн соттылық, қылмыстың қайталануын тану кезiнде ғана ескерiлмейтiнiне, ал қылмысты саралау және түзеу колониясының режимiн айқындау кезiнде ол ескерiлуге тиiс екендiгiне назар аударылады.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiнiң өтiнiште көрсетiлген нормаларының конституциялылығын тексерген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының  1, 12, 14, 27-баптары  Республиканың конституциялық құрылысының негiздерi мен принциптерiн, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi принципiн, Республикадағы неке-отбасылық қатынастардың негiзiн баянды етедi.
      Республика Конституциясының  бұл нормалары қазiр қолданылып жүрген қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына негiз етiп алынып, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшелiктерiн ескере отырып, кодекстердiң тиiстi тарауларында оның шарттары мен ресiмдерiн белгiлейдi.
      Сол арқылы, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтiнiшiнде аталған, "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiне жататын мәселелер Республиканың қазiр қолданылып жүрген қылмыстық заңнамасында өзiнiң дәйектi шешiмiн тапқан.
      Мәселен, ҚК-тiң  Жалпы бөлiмiнде, қылмыстың көптiгi деген жалпы түсiнiкпен қамтылатын және ҚК-тiң  Ерекше бөлiмiнiң барлық баптарына қатысты, қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуына, қылмыстардың жиынтығына және қылмыстың қайталануына түсiнiк берiледi.
      ҚК-тiң  ұрлық және қорқытып алушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн баптарында аталған "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, қылмыстың арнайы қайталануының бiр түрi болып табылады. Адам бұрын жасаған қылмысы үшiн сотталғанға барабар не (заңда көрсетiлген реттерде) сол тектес қылмыс жасаған кезде қылмыстың қайталануы арнайы деп саналады. Сондықтан ҚР ҚК-iнiң 13-бабы  4-бөлiгiнiң ережелерi Ерекше  бөлiмнiң баптарындағы "ұрлық нeмece қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн қараған кезде қолданылуға тиiс.
      Одан тыс, бұл саралау белгiсiн қолдана отырып, ҚК-тiң 53, 54  және 59-баптарының  жауаптылықты саралау принципiн белгiлейтiн нормаларын есте ұстаған жөн. Бұл, заң шығарушының кейбiр мән-жайларды әуелден қылмыстың құрамындағы саралау немесе жеңiлдету белгiсi ретiнде атап көрсететiнiн және солар үшiн ҚК-тiң Ерекше  бөлiмi баптарының санкцияларында тиiстi жаза белгiлейтiнiн бiлдiредi. Қандай да бiр мән-жай ауырлататын немесе жеңiлдететiн мән-жай ретiнде көрсетiлмеген жағдайда, сот оны жаза белгiлеген кезде ҚК-тiң 53 және 54-баптары  негiзiнде қылмыстық жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жай ретiнде ескередi. Бұл жағдайларда жазалау шарасы ҚК-тiң 59-бабы  2-бөлiгiнiң ережелерi бойынша белгiленедi.
      ҚК-тiң 59-бабы  бiрiншi бөлiгiнде, сот қылмыстың қайталануы жағдайында жаза тағайындағанда мiндеттi түрде ескеруге тиiс мән-жайлардың тiзбесi берiледi. Оған мыналар жатқызылған: бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзеушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi. Заңның аталған талаптары, соттың жасалған қылмыс туралы және айыптының жеке басы туралы барлық мәлiметтердi ескере отырып, жазаны сараландыруына мүмкiндiк бередi ("Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 59-бабының конституциялылығын тексеру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 5/2  қаулысы).
      ҚК-тiң 175, 177, 178, 179, 181-баптарындағы  "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi қылмыстың арнайы қайталануы дегеннiң дәл өзi, және оған ҚК-тiң 13-бабы  4-бөлiгiнiң, он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ алынып тасталған немесе жойылған соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi, деген ережесi толығымен қолданылады.
      Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ҚК-тiң 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағы нормаларының ережелерi, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы  1, 12, 14, 27-баптарының  нормаларына тiкелей қатысты емес, және өтiнiште қойылған мәселелердi шешкен кезде ҚК-тiң  нормаларын басшылыққа алған жөн.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабы  2) тармақшасына сәйкес, Конституциялық Кеңес Республика Конституциясы  мен осы Жарлықты басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Осыны ескере отырып, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Соттың "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн он сегiз жасқа толғанға дейiн жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамдарға қатысты қолданбау туралы уәжiн қарай алмайды. Жоғарғы Соттың өтiнiшiнде атап көрсетiлген, судьялардың Қылмыстық кодекс  нормаларын қолдану практикасындағы даулы мәселелердi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 81-бабына  сәйкес, Жоғарғы Сот заңнамамен белгiленген тәртiппен шешуге тиiс.

      2. Конституцияның 77-бабы  3-тармағының 2) тармақшасында "бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды", - деп атап көрсетiлген.
      Бұл конституциялық ереженi қазiр қолданылып жүрген қылмыстық заңнама қылмыстық жауаптылықты саралау кезiнде ескередi. Жоғарыда атап көрсетiлгенiндей, заң шығарушы қылмыстың нақты құрамы туралы нормада ескерген мән-жайлар, жаза тағайындау кезiнде назарға алынбайды. ҚК-тiң 54-бабы  2-бөлiгiнде, егер ауырлататын мән-жай ҚК-тiң Ерекше  бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерілмеуi керек, делiнген.
      Баяндалғаннан келiп шығатыны, ҚК-тiң  13-бабы және 175, 178, 179-баптарының  "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, бұл көрсетiлген белгi ескерiлген кезде субъект жаңадан жасаған қылмысы үшiн жауаптылық арқалайтын болғандықтан, Республика Конституциясының  аталған нормаларына қайшы келмейдi. Айқындалып алынған бұл белгi жаңадан пайдакүнемдiк қылмыс жасап отырған адамның тұрақты түрдегi қауiптiлiгiн, сондықтан да ауырырақ қылмыстық жазалауға жататынын бiлдiредi.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы  1-тармағында бекiтiлген, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi туралы конституциялық норма ҚК-тiң 14-бабы  2-бөлiгiнiң ережелерiнде өз көрiнiсiн табады. Онда, қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей, деп атап көрсетiледi.
      Конституциялық Кеңестiң, Республика Конституциясының 14-бабы  1-тармағы бойынша бұрын қабылданған қаулыларынан келiп шығатыны, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және адамдардың заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн бiлдiредi ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарын, 24-бабының 2-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Кеңестiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2  қаулысы). Заң алдында тең болу адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда анықталатынын бiлдiредi ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2  қаулысы).
      Қылмыстық жауаптылықты белгiлеу кезiндегi заң алдындағы теңдiк дегенiмiз, қылмыс субъектiлерi бiрдей әрекетi үшiн, жеңiлдететiн де, ауырлататын да мән-жайларды ескере отырып, тең қылмыстық жауаптылық арқалауы тиiс екенiн бiлдiредi. Қылмыстың құрамы қылмыстық құқықтағы формалдi теңдiктi қамтамасыз етудiң құралы болып табылады, ол қарапайым сараланған және жеңiлдетiлген мән-жайлы болуы мүмкiн.
      Қылмыстық құқықта, жасалған әрекетті, не болмаса қылмыс пен айыптының бет-бейнесiн бiр уақытта сипаттайтын мән-жайлар, яғни әрекет арқылы бiлiнген мән-жайлар ғана саралау белгiсi ретiнде танылады. Адамға тән пайдакүнемдiк жаңадан жасалған әрекет арқылы әкелiнедi, мұндай пікірді қылмыстың қайталануы, соның iшiнде арнайы қайталануы түсiнiгiне негiзiнен қолданса болады.
      Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ҚК-тiң  қаралып отырған баптарында көрсетiлген "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы  1-тармағының және Конституциялық Кеңестiң осы мәселе бойынша бұрын қабылданған қаулыларының мазмұнына қайшы келмейдi.

      3. Конституцияның 77-бабы  3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес "адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады".
      Бұл конституциялық норма ҚIЖК-тiң 19-бабы  3-бөлiгiнде әрi қарай дамытылған, оған сай "айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс".
      Көрiнiп тұрғанындай, аталған конституциялық норма мен қылмыстық iс жүргiзу заңының нормасы арасындағы айырмашылық мынаған келiп саяды:
      - заңда "кез келген" емес, "сейiлмеген" күдiк туралы сөз болады;
      - заңға "қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс", - деген ереже қосымша енгiзiлген.
      Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының кез келген күдiк айыпталушының пайдасына түсiндiрiлетiндiгi туралы нормасы, тиiстi орган осы мақсатта заңмен көзделген барлық шараларды қабылдағаннан кейiн сейiлте алмаған күмәнге ғана қатысты болады. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде сейiлмеген немесе сейiлмейтiн болып шыққан күмәндер ғана айыпталушының пайдасына түсiндiрiлуге тиiс. Осылайша, ҚIЖК-iнде  сейiлмеген күдiк туралы сөз болу фактiсi, Конституция  ережелерiне сәйкес болмауға әкеп соқпайды.
      ҚIЖК-iнiң  "қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс" деген нормасы да, сондай-ақ Конституцияға  сәйкес келедi. Бұл, қылмыстық іс жүргізу заңын, атап айтқанда, дауланып отырған норманы дa әзiрлеу кезiнде заң шығарушы, Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын тек заңмен және ерекше жағдайларда ғана шектеу мүмкiндiгiн белгiлейтiнiн ескеруiне байланысты.
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы  2-тармағын, 78-бабын,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 30-бабы  1-тармағының 3) тармақшасын, 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес емес деп тану жөнiндегi ұсынысы бойынша конституциялық iс жүргiзу, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзырына жататын құқық қолдану практикасы мәселелерi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне ведомстволық қарасты болмағандықтан, тоқтатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 176-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 177-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 178-бабы  3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 179-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағы, 181-бабы  3-бөлiгiнiң "г" тармағы, "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы  1-тармағына және 77-бабы  3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы  3-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы  3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы  4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

      5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

     

О представлении Верховного Суда Республики Казахстан о признании неконституционными статьи 13, пункта "в" части 3 статьи 175, пункта "в" части 3 статьи 178, пункта "г" части 3 статьи 179 Уголовного кодекса Республики Казахстан и части 3 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 26 июня 2003 года N 9.

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе председателя Хитрина Ю.А., членов Совета Абишева X.А., Балтабаева К.Ж., Бычковой С.Ф, Котова А.К., Омарханова К.А., с участием:

      представителя субъекта обращения - председателя коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан Юрченко Р.Н.,

      заместителя Генерального прокурора Республики Даулбаева А.К.,

      вице-Министра юстиции Республики Бекбосынова С.М,

      рассмотрел в открытом заседании представление Верховного Суда Республики Казахстан о признании неконституционными пункта "в" части 3 статьи 175 , пункта "в" части 3 статьи 178 , пункта "г" части 3 статьи 179 Уголовного кодекса Республики Казахстан в части учета судимости за преступления, совершенные в возрасте до восемнадцати лет, статьи 13 Уголовного кодекса Республики Казахстан и части 3 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      Изучив имеющиеся материалы конституционного производства, заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Балтабаева К.Ж, выступления представителя субъекта обращения и участников заседания, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 3 июня 2003 года поступило представление Верховного Суда Республики о признании несоответствующими статьям 1 , 12, 14, 27, 77 Конституции пункта "в" части 3 статьи 175 , пункта "в" части 3 статьи 178 и пункта "г" части 3 статьи 179 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК), предусматривающих ответственность лиц, ранее два и более раз судимых за хищение либо вымогательство в части учета судимости за преступления, совершенные лицом в возрасте до восемнадцати лет.

      Согласно подпункту 1) пункта 3 статьи 21 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" Верховный Суд увеличил объем обращения, дополнив вопросами о несоответствии подпункту 8) пункта 3 статьи 77 Конституции, статьи 13 УК и части 3 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - УПК).

      Поводом для обращения в Конституционный Совет явилось находящееся в Верховном Суде уголовное дело Зиневича В.С., осужденного приговором Лениногорского городского суда по статьям 175 части 3 пункта "в", 178 части 3 пункта "в", 179 части 3 пункта "г", 255 части 4 пункта "в", 259 части 1, 251 части 4 УК.

      Коллегия по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан, рассмотрев дело по жалобе осужденного, своим постановлением от 5 февраля 2003 года, изменила приговор в отношении Зиневича В.С., переквалифицировав его действия со статей 175 части 3 пункта "в", 178 части 3 пункта "в", 179 части 3 пункта "г", 255 части 4 пункта "в", соответственно на статьи 175 части 2 пункты "а", "б", "в", 178 части 2 пункты "б", "в", 179 части 2 пункты "а", "б", "в", "г", 255 части 3 пункты "б", "г" УК РК.

      При этом в своем постановлении коллегия Верховного Суда приводит следующие аргументы, указанные затем в обращении:

      1) в силу подпункта 2) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан никто не может быть подвергнут повторно уголовной ответственности за одно и то же правонарушение, следовательно, вменение квалифицирующего признака "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство", которое влечет квалификацию преступления по более тяжкому уголовному закону, предусматривающему более строгое наказание, противоречит указанному положению Конституции и нарушает принцип уголовного процесса об осуществлении правосудия на началах равенства перед законом и судом;

      2) в соответствии с частью 4 статьи 13 УК судимости за преступления, совершенные лицом в возрасте до восемнадцати лет, не учитываются при признании рецидива, следовательно, они не должны учитываться и при квалификации преступления по признаку специального рецидива, которые образуют эти судимости.

      На данное постановление коллегии Верховного Суда принесен протест Генерального прокурора, в котором, на основании части 4 статьи 13 УК и пункта 22 Нормативного постановления пленарного заседания Верховного Суда от 11 апреля 2002 года N 6 "О судебной практике по делам о преступлениях несовершеннолетних и о вовлечении их в преступную и иную антиобщественную деятельность", обращается внимание на то, что судимости за преступления, совершенные в возрасте до восемнадцати лет, не учитываются лишь при признании рецидива преступлений и должны учитываться при квалификации преступлений и определении режима исправительной колонии.

      При проверке конституционности указанных в обращении норм Уголовного и Уголовно-процессуального кодексов Республики Казахстан Конституционный Совет Республики исходит из следующего.

      1. Статьи 1 , 12, 14, 27 Конституции Республики Казахстан закрепляют основы и принципы конституционного строя Республики, права и свободы человека и гражданина, принцип равенства всех перед законом и судом, основы семейно-брачных отношений в Республике.

      Данные нормы Конституции Республики были положены в основу действующего уголовного и уголовно-процессуального законодательства, нормы которых установили в соответствующих разделах кодексов условия и процедуры уголовной ответственности несовершеннолетних с учетом их особенностей.

      Тем самым, по мнению Конституционного Совета, затронутые в обращении Верховного Суда вопросы, относящиеся к квалифицирующему признаку "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство", находят последовательное решение в действующем уголовном законодательстве Республики.

      Так, в Общей части УК даны понятия неоднократности, совокупности и рецидива, охватываемые понятием множественности преступлений и имеющие отношение ко всем статьям Особенной части УК.

      Квалифицирующий признак "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство", указанный в статьях УК, предусматривающих ответственность за хищения либо вымогательство, является одним из видов специального рецидива. Специальным считается рецидив, когда лицо совершает тождественное преступление либо (в случаях, указанных в законе) однородное тому, за которое осуждено ранее. Поэтому положения части 4 статьи 13 УК должны применяться при рассмотрении квалифицирующего признака "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" в статьях Особенной части .

      Кроме того, применяя этот квалифицирующий признак, следует иметь в виду нормы статей 53, 54 и 59 УК, определяющие принцип дифференциации ответственности. Это означает, что законодатель некоторые обстоятельства изначально указывает в качестве квалифицирующего или смягчающего признака в составе преступления и устанавливает за них соответствующие наказания в санкциях статей Особенной части УК. В тех же случаях, когда какое-либо обстоятельство не указано как отягчающее или смягчающее, оно учитывается судом на основании статей 53 и 54 УК при назначении наказания как обстоятельство, отягчающее или смягчающее уголовную ответственность. В таких случаях мера наказания определяется по правилам части 2 статьи 59 УК.

      В части первой статьи 59 УК дается перечень обстоятельств, которые суд в обязательном порядке должен учитывать при назначении наказания при рецидиве преступлений. К ним отнесены: количество, характер и степень общественной опасности ранее совершенных преступлений, обстоятельства, в силу которых исправительное воздействие предыдущего наказания оказалось недостаточным, а также характер и степень общественной опасности вновь совершенных преступлений. Перечисленные требования закона дают суду возможность дифференцировать наказание с учетом всех данных о совершенном преступлении и личности виновного ( постановление Конституционного Совета от 11 мая 2001 года N 5/2 "О проверке конституционности статьи 59 Уголовного кодекса Республики Казахстан по обращению Уральского городского суда Западно-Казахстанской области").

      В статьях 175 , 177 , 178 , 179 , 181 УК квалифицирующий признак "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" есть не что иное, как специальный рецидив, и на него полностью распространяются положения части 4 статьи 13 УК РК о том, что судимости за преступления, совершенные лицом в возрасте до восемнадцати лет, а также снятые или погашенные судимости не учитываются при признании рецидива.

      Таким образом, по мнению Конституционного Совета, положения норм пункта "в" части 3 статьи 175 , пункта "в" части 3 статьи 178 , пункта "г" части 3 статьи 179 УК в части учета судимости за преступления, совершенные в возрасте до восемнадцати лет, не имеют прямого отношения к нормам статей 1 , 12, 14, 27 Конституции Республики Казахстан, и при решении поставленных в обращении вопросов следует руководствоваться нормами УК .

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 1 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет осуществляет свои полномочия, руководствуясь Конституцией Республики и данным Указом, воздерживаясь от установления и исследования иных вопросов во всех случаях, когда это входит в компетенцию судов или других государственных органов. Исходя из этого, Конституционный Совет не может рассматривать доводы Верховного Суда о неприменении квалифицирующего признака "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" в отношении лиц, имеющих судимости за преступления, совершенные в возрасте до восемнадцати лет. Спорные вопросы практики применения судьями норм Уголовного кодекса , указанных в обращении Верховного Суда, в соответствии со статьей 81 Конституции Республики Казахстан, должны решаться Верховным Судом в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      2. В подпункте 2) пункта 3 статьи 77 Конституции указано: "никто не может быть подвергнут повторно уголовной или административной ответственности за одно и то же правонарушение".

      Данное конституционное положение учитывается действующим уголовным законодательством при дифференциации уголовной ответственности. Как было указано выше, обстоятельства, которые законодатель учел в норме о конкретном составе преступления, не принимаются во внимание при назначении наказания. В части 2 статьи 54 УК определено, что если отягчающее обстоятельство предусмотрено соответствующей статьей Особенной части УК в качестве признака преступления, то оно не может повторно учитываться как обстоятельство, отягчающее ответственность и наказание.

      Из изложенного следует, что статья 13 и квалифицирующие признаки статей 175 , 178 , 179 УК "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" не противоречат указанным нормам Конституции Республики ввиду того, что при учете указанного признака субъект несет ответственность за вновь совершенное преступление. Обозначенный признак подчеркивает устойчивую опасность лица, вновь совершающего корыстное преступление и поэтому подлежащего более строгой уголовной ответственности.

      Конституционная норма о равенстве всех перед законом и судом, закрепленная в пункте 1 статьи 14 Конституции Республики Казахстан, находит свое отражение в положениях части 2 статьи 14 УК. Здесь отмечается, что лица, совершившие преступления, равны перед законом, независимо от происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, принадлежности к общественным объединениям, места жительства или любых иных обстоятельств.

      Из ранее принятых постановлений Конституционного Совета, по пункту 1 статьи 14 Конституции Республики следует, что равенство всех перед законом и судом означает равенство прав и обязанностей личности, равную защиту государством этих прав и равную ответственность личности перед законом ( постановление Совета от 10 марта 1999 года N 2/2 "Об официальном толковании пунктов 1 и 2 статьи 14, пункта 2 статьи 24, подпункта 5) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан"). Равенство перед законом означает, что именно в законах определяются конкретные условия и обязательства, позволяющие реализовать права и свободы человека и гражданина ( постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 29 марта 1999 года N 7/2 "Об официальном толковании пункта 2 статьи 13, пункта 1 статьи 14, пункта 2 статьи 76 Конституции Реcпублики Казахстан").

      Равенство перед законом при определении уголовной ответственности означает, что субъекты преступления должны нести одинаковую уголовную ответственность за одни и те же деяния, с учетом как смягчающих, так и отягчающих обстоятельств. Средством обеспечения формального равенства в уголовном праве выступает состав преступления, который может быть простым, квалифицированным и со смягчающим обстоятельством.

      В уголовном праве, в качестве квалифицирующих признаков могут быть признаны лишь те обстоятельства, которые характеризуют содеянное, либо одновременно преступление и личность виновного, то есть обстоятельства, проявившиеся в содеянном. Корыстный мотив, присущий личности, проявляется во вновь совершенном деянии, и такое суждение принципиально применимо к понятию рецидива, в том числе и в отношении специального. Поэтому конституционный принцип равенства всех перед законом и судом не нарушается.

      Таким образом, по мнению Конституционного Совета, квалифицирующий признак "лицо, ранее два или более раз судимое за хищение либо вымогательство", указанный в рассматриваемых статьях УК не противоречит содержанию пункта 1 статьи 14 Конституции Республики Казахстан и ранее принятым постановлениям Конституционного Совета Республики Казахстан по этому вопросу.

      3. В соответствии с подпунктом 8) пункта 3 статьи 77 Конституции "любые сомнения в виновности лица толкуются в пользу обвиняемого".

      Данная конституционная норма нашла свое развитие в части 3 статьи 19 УПК, согласно которой "неустранимые сомнения в виновности обвиняемого толкуются в его пользу. В пользу обвиняемого должны разрешаться и сомнения, возникающие при толковании уголовного и уголовно-процессуального закона".

      Как видно, различия между указанными конституционной нормой и нормой уголовно-процессуального закона сводятся к следующим:

      - в законе речь идет не о "любых", а о "неустранимых" сомнениях;

      - в закон дополнительно введено положение о том, что "в пользу обвиняемого должны разрешаться и сомнения, возникающие при толковании уголовного и уголовно-процессуального закона".

      Норма уголовно-процессуального законодательства о толковании любого сомнения в пользу обвиняемого относится только к тем сомнениям, которые не могли быть устранены органом, ведущим уголовный процесс, после принятия всех предусмотренных для этого законом мер. Именно те сомнения, которые при производстве по уголовному делу оказались неустраненными и неустранимыми, должны быть истолкованы в пользу обвиняемого. Таким образом, тот факт, что в УПК речь идет о неустранимых сомнениях, не влечет несоответствия соответствующей нормы положениям Конституции .

      Норма УПК о том, что "в пользу обвиняемого должны разрешаться и сомнения, возникающие при толковании уголовного и уголовно-процессуального закона", также соответствует Конституции . Это обусловлено тем, что при разработке уголовно-процессуального закона, и в том числе оспариваемой нормы, законодатель исходил из того, что Конституция устанавливает возможность ограничения прав и свобод человека только законом и лишь в исключительных случаях.

      На основании изложенного и руководствуясь пунктом 2 статьи 72 , статьей 78 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 3) пункта 1 статьи 30 , статьями 33, 37, 38 и 41 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет:

      1. Прекратить конституционное производство по представлению Верховного Суда Республики Казахстан о признании несоответствующими Конституции Республики Казахстан статьи 13 , пункта "в" части 3 статьи 175 , пункта "в" части 3 статьи 178 , пункта "г" части 3 статьи 179 Уголовного кодекса Республики Казахстан в части учета судимости за преступления, совершенные в возрасте до восемнадцати лет, в связи с не подведомственностью Конституционному Совету Республики Казахстан вопросов правоприменительной практики, входящих в компетенцию Верховного Суда Республики Казахстан.

      2. Признать пункт "в" части 3 статьи 175 , пункт "в" части 3 статьи 176 , пункт "в" части 3 статьи 177 , пункт "в" части 3 статьи 178 , пункт "г" части 3 статьи 179 и пункт "г" части 3 статьи 181 Уголовного кодекса Республики Казахстан в части квалифицирующего признака "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" соответствующими пункту 1 статьи 14 и подпункту 2) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан.

      3. Признать часть 3 статьи 19 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан соответствующей подпункту 8) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан.

      4. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.

      5. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

Председатель Конституционного Совета


Республики Казахстан