Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы N 1 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, төраға И.И.Рогов және Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтініш субъектісінің өкілі - Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Б.Б.Асқаровтың,
      Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Республика Әділет вице-министрі С.Н.Баймағанбетовтің,
      Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының судьясы Ж.С.Жұмабаеваның,
      Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Ә.Б.Жанәбілованың,
      Алматы қаласы нотариаттық палатасының мүшесі Қ.Қалабаеваның,
      Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Е.Д.Ребенчуктің қатысуымен,
      өзінің ашық отырысында Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы ұсынысын қарады.
      Баяндамашыны - Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішевті, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны

анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі N 155 Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының  3-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәнінде тексеру туралы ұсынысы келіп түсті.
      Ұсыныстан келіп шығатыны, Алматы қаласы нотариаттық палатасы жекеше нотариустарының, Республика Әділет министрінің Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту ережесін (бұдан әрі - Ереже) бекіткен 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 бұйрығының күшін жою туралы талап-арызы және "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі N 155 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)  15-бабының  3-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгіну туралы өтініші Астана қаласының сотында қарауда жатыр.
      Заңның 15-бабы 3-тармағының конституциялылығына байланысты соттың күмәні мынаған келіп саяды:
      1) нотариаттық палаталар қоғамдық бірлестіктер нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заң арқылы жекеше нотариустарды аттестаттауды енгізу Республика Конституциясының  5-бабы  2-тармағына және  23-бабына  қайшы келеді, өйткені қоғамдық бірлестіктердің ісіне мемлекеттің араласуына жол беріледі. Мемлекет, жеке практикамен айналысатын нотариустарға ғұмырлық лицензия беріп, оларды қайтара аттестаттаудан өткізбеуі керек;
      2) аттестаттау институты 2003 жылғы мамырда енгізілді, ал практика жүзінде барлық нотариустарға жеке практикалық қызметпен айналысатын уақытына қатыссыз қолданылады. Заңның 15-бабының 3-тармағы олардың жағдайын нашарлатып, жаңа міндеттер жүктейді, сондықтан Конституцияның  77-бабының  3-тармағы 5) тармақшасының талаптарына орай оның кері күші болмауға тиіс;
      3) кәсіби қасиеттерінің деңгейін айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариустарды Әділет министрлігі бес жылда бір рет аттестаттаудан өткізеді, ал мемлекеттік нотариустар заң бойынша мұндай аттестаттаудан өтпейді. Сол арқылы, Заңның 15-бабының 3-тармағы, заң алдында жұрттың бәрінің теңдігі принципін және азаматтардың кәсіби белгісіне қарай құқықтарын кемсітуге тыйым салынуын бекітетін Конституцияның  14-бабының  1 және 2-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.
      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңының  15-бабы  3-тармағының конституциялылығын тексере отырып,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі  мынаны ескерді.

       1.  Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтары мен бостандықтарға қатысы бар, өйткені соны іске асыру арқылы бұл құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі. Өз міндеттерін атқаруда нотариат соның ішінде әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын (Республика Конституциясының  13-бабының  3-тармағы) қамтамасыз етуді мақсат-міндет етіп қояды. Нотариаттың қызметі жария-құқықтық сипатта болғандықтан, мемлекетке адамның және азаматтың осы және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің, оларды қорғау мен сақтаудың құқықтық механизмдерін белгілеудің заңдық міндеті жүктеледі.
      Демек, мемлекет нотариаттық қызметті іске асырамын дейтін адамдар үшін міндетті шарттар мен шектеулер айқындауға хақылы, бұл шарттар мен шектеулер нотариаттың қызметіне заң арқылы, соның ішінде аттестаттау жолымен, мемлекеттік бақылау орнату қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Заңнамалық шектеудің шектері адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық жолмен айқындалған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болуға тиіс (Негізгі Заңның  39-бабының  1-тармағы).
      Мынаны атап өткен жөн, Заңның  15-бабының  3-тармағына сәйкес аттестаттаудан жеке практикамен айналысатын нотариустардың бірлестігі болып табылатын нотариаттық палата емес, жеке практикамен айналысатын нотариустар өткізіледі, себебі нотариаттық қызмет көрсетумен тікелей нотариустардың өздері айналысады.
       Ескерту. Қаулының 1-тармағына түсініктеме берілді -  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006.06.06.  N 3  қаулысымен. 

       2.  "Нотариат туралы"  Заңда  оның аттестаттау мәселелерін регламенттейтін нормаларының кері күшін көздейтін ережелер жоқ. Заңды қолдану нәтижесінде Конституцияның  77-бабының  3-тармағы 5) тармақшасының талаптары бұзылатын қолдану практикасына келер болсақ, оның конституциялылығын тексеру Конституциялық Кеңестің құзырына жатпайды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау бұл жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады (Конституцияның  13-бабының  2-тармағы,  75 және   76-баптары ).

       3.  Конституцияның 14-бабының 1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігін белгілейді. Бұл бір тектес қызмет түрін іске асырушы тиісті құқық қатынастары субъектілерінің барлығы үшін құқықтар мен міндеттердің теңдігін, талаптар мен құқықтық жауапкершіліктің бірыңғайлығын көздейді.
      "Нотариат туралы" Заңның  15-бабының  3-тармағы, жекеше нотариустарды аттестаттаудың міндеттілігін белгілей отырып, мемлекеттік нотариустар үшін мұндайды көздемейді. Мемлекеттік қызметші мәртебесіне ие болғандықтан, мемлекеттік нотариустарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327  Жарлығымен  бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережесінің қағидалары қолданылады және ол нотариус қызметінің ерекшелігін көрсетпейді.
      Мемлекеттік және жекеше нотариустар іске асыратын нотариаттық қызмет меншіктің түрлі нысанына негізделеді. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей қорғалатындығы туралы конституциялық талаптың мазмұны, сондай-ақ мемлекеттік меншік иесі мен жеке меншік иесінің заңмен рұқсат етілген және жол берілетін нақты құқықтық қатынастарда, көпшіліктік салада болсын, жеке салада болсын, бір ғана құқықтық тәртіпке бағынатынына келіп саяды (Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 19\2  қаулысы ). Алайда "Нотариат туралы"  Заң  нотариаттық қызмет көрсетудің мемлекеттік және жеке субъектілері қызметінің бірдей емес құқықтық жағдайын жасайды.
      Осылайша, Заңның 15-бабының 3-тармағы, жекеше нотариустар үшін ғана аттестаттаудан өтуді белгілей отырып, заң алдында жұрттың бәрінің теңдігін белгілейтін Конституцияның  14-бабының  1-тармағына және мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылуын және бірдей қорғалуын көздейтін Конституцияның  6-бабының  1-тармағына қайшы келеді.
      Жазылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабының  2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңның  17-бабы  4-тармағының 1) тармақшасын,  31- 33,  37-баптарын  және  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

       1.  "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі N 155 Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының  3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы деп танылсын.

       2.  Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 2-тармағына сай "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағы нормаларының заңдық күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

       3.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағымен көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

       4.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

О проверке конституционности пункта 3 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О нотариате" по обращению суда города Астаны

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 31 января 2005 года N 1

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Рогова И.И. и членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Бычковой С.Ф., Есенжанова А., Котова А.К., Омарханова К.А. с участием:
      представителя субъекта обращения - председателя коллегии по гражданским делам суда города Астаны Аскарова Б.Б.,
      заместителя Генерального Прокурора Республики Даулбаева А.К.,
      вице-Министра юстиции Республики Баймаганбетова С.Н.,
      судьи коллегии по гражданским делам суда города Астаны Жумабаевой Ж.С.,
      председателя Республиканской нотариальной палаты Жанабиловой А.Б.,
      члена нотариальной палаты города Алматы Калабаевой К.,
      адвоката Алматинской коллегии адвокатов Ребенчук Е.Д.
      рассмотрел в открытом заседании представление суда города Астаны о проверке конституционности пункта 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан "О нотариате".
      Заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Абишева Х.А., выступления участников заседания и изучив имеющиеся материалы, Конституционный Совет Республики Казахстан

      установил:

     

      В Конституционный Совет Республики Казахстан поступило представление суда города Астаны о проверке на предмет соответствия Конституции Республики Казахстан пункта 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан от 14 июля 1997 года N 155 "О нотариате".

      Из представления следует, что в суде города Астаны на рассмотрении находится иск частных нотариусов нотариальной палаты города Алматы об отмене приказа  Министра юстиции Республики от 25 мая 2004 года N 148, которым утверждены Правила прохождения аттестации частными нотариусами (далее - Правила) и ходатайство об обращении в Конституционный Совет с представлением о признании неконституционным пункта 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан "О нотариате" (далее - Закон).

      Сомнения суда в конституционности пункта 3 статьи 15  Закона заключаются в следующем:

      1) нотариальные палаты являются некоммерческими организациями, созданными в форме общественных объединений. Введение Законом аттестации частных нотариусов противоречит пункту 2 статьи 5  и статье 23  Конституции Республики, поскольку допускается вмешательство государства в дела общественных объединений. Государство, выдав пожизненную лицензию частнопрактикующим нотариусам, не должно повторно подвергать их аттестации;

      2) институт аттестации введен в мае 2003 года, а распространяется на практике на всех нотариусов независимо от времени занятия частнопрактикующей деятельностью. Пункт 3 статьи 15  Закона ухудшает их положение, возлагает на них новые обязанности и поэтому в силу требований подпункта 5) пункта 3 статьи 77  Конституции он не должен иметь обратную силу;

      3) аттестация нотариусов, занимающихся частной практикой, проводится Министерством юстиции один раз в пять лет с целью определения уровня профессиональных качеств, тогда как государственные нотариусы такой аттестации по Закону не подлежат. Тем самым, пункт 3 статьи 15  Закона противоречит требованиям пунктов 1 и 2 статьи 14  Конституции, устанавливающим принцип равенства всех перед законом и запрет на дискриминацию прав граждан по профессиональному признаку.
      Проверяя конституционность пункта 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан "О нотариате", Конституционный Совет Республики Казахстан  исходит из следующего.

      1.  Нотариат в Республике Казахстан представляет собой законодательно закрепленную систему защиты прав и законных интересов физических и юридических лиц путем совершения нотариальных действий, направленных на удостоверение прав и фактов, а также решение иных предусмотренных законом задач. Нотариальная деятельность затрагивает конституционные права и свободы, поскольку посредством ее осуществления обеспечивается их реализация. Выполнение нотариатом своих задач имеет предназначением обеспечивать в том числе право каждого на получение квалифицированной юридической помощи (пункт 3 статьи 13  Конституции Республики). В силу того, что деятельность нотариата носит публично-правовой характер, на государство возлагается юридическая обязанность обеспечивать права и свободы человека и гражданина, устанавливать правовые механизмы их охраны и защиты.

      Следовательно, государство вправе определять для лиц, желающих осуществлять нотариальную деятельность, обязательные условия и ограничения, которые могут быть связаны с необходимостью установления законом государственного контроля за деятельностью нотариата, в том числе путем аттестации. Пределы законодательного ограничения должны соответствовать конституционно определенным целям и задачам защиты прав и свобод человека (пункт 1 статьи 39  Основного Закона).

      Следует отметить, что в соответствии с пунктом 3 статьи 15  Закона аттестации подлежат частнопрактикующие нотариусы, но не их объединение, каковым является нотариальная палата, поскольку оказанием нотариальных услуг занимаются непосредственно сами нотариусы.

      2.  В Законе  "О нотариате" не содержится положений, предусматривающих обратную силу его норм, регламентирующих вопросы аттестации. Что касается практики его применения, в результате которой нарушаются требования подпункта 5) пункта 3 статьи 77  Конституции, то проверка ее конституционности не входит в компетенцию Конституционного Совета. Защита конституционных прав и свобод в этом случае осуществляется в судебном порядке (пункт 2 статьи 13 , статьи 75  и 76  Конституции).

      3.  Пункт 1 статьи 14  Конституции устанавливает равенство всех перед законом и судом. Это предполагает равенство прав и обязанностей, единство требований и правовой ответственности для всех субъектов соответствующих правоотношений, осуществляющих однородные виды деятельности.

      Пункт 3 статьи 15  Закона "О нотариате", устанавливая обязательность аттестации частных нотариусов, не предусматривает таковую для государственных нотариусов. Распространение на государственных нотариусов положений Правил  проведения аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года N 327, обусловлено их статусом государственного служащего и не отражает специфики деятельности нотариуса.

      Нотариальная деятельность, осуществляемая государственными и частными нотариусами, основывается на разных формах собственности. В соответствии с пунктом 1 статьи 6  Конституции в Республике Казахстан признаются и равным образом защищаются государственная и частная собственность. Смысл конституционного требования о равной защите государственной и частной собственности заключается также в том, что государственный и частный собственник в конкретных правоотношениях, разрешенных и допускаемых законодательством, будут подчиняться одному и тому же правовому режиму, как в публичной, так и в частной сферах ( постановление  Конституционного Совета от 3 ноября 1999 года N 19/2). Однако Закон  "О нотариате" создает неодинаковые правовые условия деятельности государственных и частных субъектов оказания нотариальных услуг.

      Таким образом, пункт 3 статьи 15  Закона, устанавливая прохождение аттестации только для частных нотариусов, входит в противоречие с пунктом 1 статьи 14  Конституции, устанавливающим равенство всех перед законом, и пунктом 1 статьи 6  Конституции, предусматривающим признание и равную защиту государственной и частной собственности.

      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72  Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 4 статьи 17 , статьями 31 -33, 37  и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41  Конституционного закона Республики Казахстан "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

       постановляет:

     

      1.  Признать пункт 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан от 14 июля 1997 года N 155 "О нотариате" противоречащим Конституции Республики Казахстан.

      2.  Согласно пункту 2 статьи 74  Конституции Республики Казахстан нормы пункта 3 статьи 15  Закона Республики Казахстан "О нотариате" утрачивают юридическую силу и не подлежат применению.

      3.  В соответствии с пунктом 3 статьи 74  Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия и не подлежит обжалованию, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73  Конституции Республики Казахстан.

      4.  Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.


      Председатель
      Конституционного Совета
      Республики Казахстан