Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 5 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Y.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.Н. Котовичтiң;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р.Құсдәулетовтың;
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi B.К.Фоостың қатысуымен,
      өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының  41-бабының  1 және 3-тармақтарын және  94-бабының  1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
      Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф.Бычкованың хабарламасын, өтiнiш субъeктici өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың, сондай-ақ сарапшылардың - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi М.Т.Баймахановтың, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi З.Ж.Кенжалиевтiң және заң ғылымдарының докторы, профессор, Заңтану академиясы - "Әділет" Жоғары құқық мектебінің оқу ісі жөнiндегi проректоры С.Ф Ударцевтiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

анықтады:

      Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Конституцияның  41-бабының  1-тармағына және  94-бабының  1-тармағына ресми түсiндiрме берудi және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенiн және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн белгiлеу мен ол күндi Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi жариялау кезiнде олардың қайсысын басшылыққа алу керектiгiн айқындап берудi өтiнiп Конституциялық Кеңеске жүгінді.
      Өтiнiш беруге мынадай негiз болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрiнше, Конституцияда кезектi Президент сайлауын өткiзу мерзiмiн түрлiше айқындайтын нормалар бар, атап айтқанда: "Егер Республика Конституциясының Президент сайлауларының барлық жағдайлары үшiн ортақ норма ретiнде бағалауға болатын 41-бабының 1-тармағын басшылыққа алсақ, мұндай кезектi сайлау 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс, өйткенi қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi 2006 жылғы 20 қаңтарда, яғни 7 жыл бұрын сайланған Қазақстан Президентi ант берген күнi (ант берген кез, Республика Конституциясының  42-бабының  1-тармағына сәйкес, сайланған Мемлекет басшысының қызметке кiрiскен кезi болып табылады) аяқталады.
      Егер Конституцияның ешбiр даусыз бiр рет қана қолданылатын нормасы, яғни 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi кезектi Президент сайлауы жағдайына есептелген норма болып табылатын  94-бабының  1-тармағын негiзге алсақ, бұл жағдайда сайлауды 2006 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзу қажет. Бұл ретте қазiргi Президент өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мерзiм 7 жыл және 11 айдан астам болады, мұны Конституцияның  41-бабының  талаптары тұрғысынан алғанда президенттiк өкiлеттiктiң жетi жылдық конституциялық мерзiмi сақталмауы деп бағалауға болады".
      Конституциялық Кеңестiң отырысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңның  21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген өзiнiң құқығын пайдалана отырып, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста сондай-ақ Конституцияның  41-бабы  3-тармағының нормаларын түсiндiру және Кеңестiң қорытынды шешiмiнде Қазақстандағы кезектi Президент сайлауының нақты күнiн айқындау туралы өтiнiшiн мәлiмдедi. Бұл өтiнiштi Конституциялық Кеңес қанағаттандырды.
      Конституцияның 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты қолданыста түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

      1. Негiзгi Заңның "Президент" деп аталатын III бөлiмiндегi 41-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды деп бекiтедi.
      Конституцияның осы бабының 3-тармағына сай Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
      Конституцияның  41-бабының  1 және 3-тармақтарының нормалары Республика Президентi сайланатын жетi жылдық мерзiмдi айқындайды, бұл сонымен бiр уақытта Президент сайлауының мерзiмдiлiгiн бiлдiредi, сондай-ақ Мемлекет басшысын сайлау кезеңiнiң басталуы болып табылатын күндi көрсетедi. Конституцияның  94-бабының  1-тармағына сай (ІХ бөлiм "Қорытынды және өтпелi ережелер") "Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентi Конституция белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдумда қабылданған шешiм бойынша белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырады".
      "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I  Заңымен  Конституцияның 94-бабының 1-тармағы мынадай нормамен толықтырылды: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң қазiргi мерзiмi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған Республика Парламентiнiң қаулысымен қысқартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Парламент Мәжiлiсi бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде ант бередi және жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады".
      Конституцияның  94-бабының  1-тармағы аталған Заңның редакциясында 1999 жылы сайланған Республика Президентiнiң Мемлекет басшысының өкiлеттiктерiне ие болуы, оларды iске асыруы және тоқтатуы мәселелерiн реттейдi. Бұл нормалар Негiзгi Заңның  41-бабының  1 және 3-тармақтарын Қазақстан Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi. Республиканың қазiргi Президентi 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiстi. Оның өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi осы сәттен бастап есептеледi (бұл Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 20 маусымдағы N 12/2 қаулысында көрсетiлген).
      Конституцияның 94-бабы 1-тармағы нормаларының көпшiлiгi қазiргi кезде жүзеге асырылған. Мына ереже ғана заңдық күшiн сақтап қалды: "... жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады". Бұл ереже Республика Президентiнiң өз өкiлеттiгiн атқаруының жетi жылдық мерзiмiн бекiтедi, алайда аталған мерзiмдi есептеу қай кезден басталатынын (Парламенттiң сайлау күнiн тағайындау сәтi, бұдан бұрынғы сайлау күнi, қазiргi Президенттiң қызметiне кiрiскен сәтi және т.б. осындай кез болып табылатынын не табылмайтынын) нақтыламайды.

      2. Талдау көрсеткенiндей, Негiзгi Заңда конституциялық ережелердiң орналасуын формальдi түрде айқындайтын арнаулы норма жоқ. Алайда, түрлi конституциялық нормалардың ерекшелiгiн ескере отырып, түсiндiру барысында олардың кейбiрiне нақты жағдайларда басымды маңызы бар деп артықшылық берiлуi мүмкiн. Мәселен, Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 қазандағы  N 20/2 , 2000 жылғы 7 маусымдағы  N 4/2  қаулыларында, Республиканың конституциялық құрылысының негiздерiн және өзге де түбегейлi ережелердi бекiтетiн "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмнiң нормалары өзге конституциялық нормаларға қарағанда басымдыққа ие делiнедi.
      Конституциялық нормаларды түсiндiрген кезде олардың бiр-бiрiне мүмкiн болған тең бағыныстылығы туралы мәселе нақты жағдайға қатысты қолданыста Негiзгi Заң нормаларының бүкiл жүйесi мәтiнiнде шешiлуге тиiс. Атап айтқанда, Конституцияның  41-бабының  1, 3-тармақтары және  94-бабы  1-тармағы нормаларының мазмұнын бiр-бiрiмен салыстыру мынадай ұйғарымға алып келедi:
      - 41-баптың 1 және 3-тармақтарында Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының барлық жағдайларына қатысты жалпы сипаттағы нормалар бар. Олар Мемлекет басшысы сайлауының басталуы ретiнде желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiн атай отырып, жетi жылдық кезеңiн белгiлейдi;
      - 94-баптың 1-тармағы, бұдан бұрын атап өтiлгенiндей, жетi жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн Президент сайлауы өткiзiлуге тиiс осы жетi жылдық мерзiмнiң қашан басталатынын белгiлемейдi, сондықтан оның ережелерiн Негiзгi Заңның 41-бабы 1 және 3-тармақтарының нормаларынан ажыратып қолдануға болмайды.
      Конституцияның 94-бабы 1-тармағының нормалары 41-баптың 1 және 3-тармақтарының нормаларын өтпелi кезеңде, Қазақстан Президентiнiң алда келе жатқан кезектi сайлауының күнiн айқындауға байланысты жағдайда жүзеге асыруға арналғандықтан, аталған нормалар жиынтығында қолданылуға тиiс.

      3. Негiзгi Заңның  1-бабының  1-тармағы Қазақстан Республикасын демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде орнықтырады. Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық, ол билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады деп белгiлейдi ( 3-баптың  1 және 2-тармақтары).
      Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн айқындаған кезде, Негiзгi Заңда көрсетiлген Мемлекет басшысының сайлау күнi мемлекеттiк билiктiң бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiру кезеңiнiң басталуы болып табылатынын ескерген жөн. Осы сайлау күнi Қазақстан халқы билiктiң демократиялық сипатын айқындаушы, оған ең жоғары заңдылық берушi өзiнiң еркiн бiлдiрiп, өз егемендiгiн көрсетедi.
      Республика Президентiнiң сайлауына қатысты қолданыста Қазақстан халқының егемендiгi, демократиялық және құқықтық мемлекеттiң мән-мазмұны Конституцияның  41-бабы  1 және 3-тармақтарының ережелерiнде нақтыланады.
      Жазылғанды ескерiп, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс.
      Бұл жағдайда, Конституцияның  42-бабының  2-тармағына сай, сайланған Президент 2006 жылғы қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде (11 қаңтарда) ант беруге тиiс. Бұл 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiскен қазiргi Мемлекет басшысының өкiлеттiк мерзiмiн қысқарту болып табылмайды, өйткенi Негiзгi Заңның  41-бабының  1-тармағына сәйкес Республика Президентi өз қызметiне жетi жылға кiрiспейдi, керiсiнше, жетi жыл мерзiмге сайланады. Сайлау күнi сайлау процесiне, соның iшiнде Президенттiң қызметiне кiрiсуiне байланысты өзге барлық күндерге қарағанда басымды болып табылады.
      Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабы  1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның  31-33 37-баптарын  және  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының  94-бабы  1-тармағының ережелерiн өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, бұл ережелер Қазақстан Республикасы Конституциясының  41-бабының  1 және 3-тармақтарын Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi деп түсiнген жөн. Аталған конституциялық нормаларды жиынтығында қолдану қажет.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 94-бабы 1-тармағының және 41-бабының 1 және 3-тармақтарының мағынасынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс екендiгi келiп шығады.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

      4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

Об официальном толковании пунктов 1 и 3 статьи 41 и пункта 1 статьи 94 Конституции Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 19 августа 2005 года N 5

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Рогова И.И., членов Совета Абишева Х.А., Балтабаева К.Ж., Белорукова Н.В., Бычковой С.Ф., Нурмагамбетова A.M., Стамкулова У.М. с участием:
      представителя субъекта обращения - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Котовича В.Н.;
      представителя Правительства Республики Казахстан - вице-Министра юстиции Республики Казахстан Куставлетова Д.Р.;
      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан - заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К.;
      секретаря Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан - Фосса В.К.

      рассмотрел в открытом заседании обращение группы депутатов Парламента Республики Казахстан об официальном толковании пунктов 1 и 3 статьи 41  и пункта 1 статьи 94  Конституции Республики Казахстан.

      Изучив материалы конституционного производства, заслушав сообщение докладчика - члена Конституционного Совета Бычковой С.Ф., выступления представителя субъекта обращения и участников заседания, а также экспертов - академика Национальной академии наук Республики Казахстан, доктора юридических наук, профессора, заведующего кафедрой теории и истории государства и права Казахского гуманитарно-юридического университета Баймаханова М.Т., доктора юридических наук, профессора, заведующего кафедрой конституционного и административного права Казахского национального университета им. Аль-Фараби Кенжалиева З.Ж. и доктора юридических наук, профессора, проректора по учебной работе Академии юриспруденции - Высшей школы права "Әділет" Ударцева С.Ф., Конституционный Совет Республики Казахстан

      установил:

     

      В Конституционный Совет обратилась группа депутатов Парламента Республики с просьбой дать толкование пункта 1 статьи 41  и пункта 1 статьи 94  Конституции Республики Казахстан и определить - какие из указанных норм Конституции имеют приоритет и, соответственно, какими из них следует руководствоваться при установлении даты очередных выборов Президента Республики Казахстан и объявлении этой даты Мажилисом Парламента Республики.

      Основанием для обращения послужило наличие в Конституции  норм, которые, по мнению субъекта обращения, по-разному определяют сроки проведения очередных президентских выборов, а именно: "Если руководствоваться пунктом 1 статьи 41  Конституции Республики, который можно расценивать как норму, общую для всех случаев президентских выборов, то очередные такие выборы должны быть проведены в первое воскресенье декабря 2005 года, поскольку семилетний срок полномочий действующего Главы государства истекает 20 января 2006 года, то есть в день, когда 7 лет назад избранный Президент Казахстана принес присягу (момент принесения присяги, согласно пункту 1 статьи 42  Конституции Республики, является моментом вступления в должность избранного Главы государства).

      Если же основываться на пункте 1 статьи 94  Конституции, который, бесспорно, является нормой однократного применения, то есть рассчитанной на случай очередных президентских выборов после истечения срока полномочий действующего Главы государства, избранного по итогам выборов, состоявшихся 10 января 1999 года, то в этом случае выборы следует проводить в первое воскресенье декабря 2006 года. При этом срок, в течение которого действующий Президент будет осуществлять полномочия, будет равен 7 годам и более 11 месяцам, что в контексте требований статьи 41  Конституции можно будет расценивать как несоблюдение семилетнего конституционного срока президентских полномочий".

      На заседании Конституционного Совета представитель субъекта обращения, используя свое право, предусмотренное подпунктом 1) пункта 3 статьи 21  Конституционного закона от 29 декабря 1995 года N 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан", заявил ходатайство о толковании применительно к предмету обращения также норм пункта 3 статьи 41  Конституции и определении в итоговом решении Совета конкретной даты очередных президентских выборов в Казахстане. Данное ходатайство Конституционным Советом было удовлетворено.

      При толковании пунктов 1 и 3 статьи 41  и пункта 1 статьи 94  Конституции применительно к вопросам, поставленным в обращении, Конституционный Совет исходит из следующего.

      1 . Пункт 1 статьи 41  Основного Закона, содержащейся в разделе III  "Президент", устанавливает, что Президент Республики Казахстан избирается в соответствии с конституционным законом совершеннолетними гражданами Республики на основе всеобщего, равного и прямого избирательного права при тайном голосовании сроком на семь лет. Согласно пункту 3 этой статьи очередные выборы Президента Республики проводятся в первое воскресенье декабря и не могут совпадать по срокам с выборами нового состава Парламента Республики.

      Нормы пунктов 1 и 3 статьи 41  Конституции определяют семилетний срок, на который избирается Президент Республики, что одновременно означает периодичность президентских выборов, а также указывают день, являющийся началом цикла выборов Главы государства.

      Согласно пункту 1 статьи 94  Конституции ( раздел IX  "Заключительные и переходные положения") "Президент Республики Казахстан, избранный в соответствии с законодательством Республики Казахстан, действующим на момент вступления Конституции в силу, приобретает установленные ею полномочия Президента Республики Казахстан и осуществляет их в течение срока, установленного решением, принятым на республиканском референдуме 29 апреля 1995 года".

      Законом  Республики Казахстан от 7 октября 1998 года N 284-I "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" пункт 1 статьи 94  Конституции дополнен нормой: "С согласия Президента Республики Казахстан настоящий срок полномочий Президента Республики может быть сокращен постановлением Парламента Республики, принятом на совместном заседании его Палат большинством голосов от общего числа депутатов каждой из Палат. В таком случае Мажилис Парламента в течение одного месяца назначает выборы Президента Республики Казахстан. Президент Республики Казахстан, избранный по итогам этих выборов, приносит присягу в течение одного месяца со дня опубликования итогов выборов и осуществляет свои полномочия до вступления в должность Президента Республики, избранного на очередных президентских выборах, которые должны быть проведены после семи лет в первое воскресенье декабря".

      Нормы пункта 1 статьи 94  Конституции в редакции указанного Закона регулируют вопросы приобретения, осуществления и прекращения полномочий Главы государства Президентом Республики, избранным в 1999 году. Данные нормы служат для реализации пунктов 1 и 3 статьи 41  Основного Закона в конкретной ситуации выборов Президента Казахстана. Действующий Президент Республики вступил в должность 20 января 1999 года. С этого момента исчисляется семилетний срок его полномочий, что отражено в постановлении Конституционного Совета от 20 июня 2000 года N 12/2.

      Большинство норм пункта 1 статьи 94  Конституции на настоящий момент реализовано. Юридическую силу сохраняет лишь следующее положение: "... осуществляет свои полномочия до вступления в должность Президента Республики, избранного на очередных президентских выборах, которые должны быть проведены после семи лет в первое воскресенье декабря". Оно закрепляет семилетний срок исполнения Президентом Республики своих полномочий, однако не конкретизирует начала отсчета указанного срока (является ли таковым момент назначения даты выборов Парламентом, день предыдущих выборов, момент вступления действующего Президента в должность и т.д.).    

      2 . Анализ показывает, что Основной Закон не содержит специальной нормы, формально определяющей иерархию конституционных положений. Однако с учетом специфики различных конституционных норм некоторым из них в ходе толкования может отдаваться предпочтение как имеющим приоритетное значение в конкретных ситуациях. Так, в постановлениях Конституционного Совета от 29 октября 1999 года N 20/2 , от 7 июня 2000 года N 4/2  говорится, что нормы раздела I  "Общие положения", закрепляющие основы конституционного строя и другие основополагающие установления, обладают приоритетом по отношению к другим конституционным нормам.

      При толковании конституционных норм вопрос об их возможной соподчиненности должен решаться в контексте всей системы норм Основного Закона применительно к конкретной ситуации.

      В частности, сопоставление содержания норм пунктов 1, 3 статьи 41  и пункта 1 статьи 94  Конституции приводит к следующим выводам:

      - пункты 1 и 3 статьи 41  содержат нормы общего характера, относящиеся ко всем случаям выборов Президента Республики Казахстан. Они устанавливают семилетний цикл выборов Главы государства, называя в качестве его начала первое воскресенье декабря;

      - пункт 1 статьи 94  не фиксирует, как уже отмечалось, начало семилетнего срока, по истечении которого должны быть проведены президентские выборы, поэтому его положения не могут применяться в отрыве от норм пунктов 1 и 3 статьи 41  Основного Закона.

      Поскольку нормы пункта 1 статьи 94  Конституции предназначены для реализации норм пунктов 1 и 3 статьи 41  в переходный период, в ситуации, связанной с определением даты предстоящих очередных выборов Президента Казахстана, указанные нормы должны применяться в их совокупности.

      3 . Пункт 1 статьи 1  Основного Закона утверждает Республику Казахстан демократическим и правовым государством. Конституция  устанавливает, что единственным источником государственной власти является народ, который осуществляет свою власть непосредственно через республиканский референдум и свободные выборы (пункты 1 и 2 статьи 3 ).

      В этой связи при определении даты очередных выборов Президента Республики Казахстан следует исходить из того, что отправной точкой цикла волеизъявления народа как источника государственной власти является день выборов Главы государства, указанный в Основном Законе . Именно в день выборов народ Казахстана реализует свою волю и проявляет свой суверенитет, определяющий демократический характер власти, придающий ей высшую легитимность.

      Применительно к выборам Президента Республики суверенитет народа Казахстана, сущность демократического и правового государства конкретизируются в положениях пунктов 1 и 3 статьи 41  Конституции.

      Исходя из изложенного, по мнению Конституционного Совета, очередные выборы Президента Республики Казахстан должны быть проведены в первое воскресенье декабря 2005 года.

      В этом случае, согласно пункту 2 статьи 42  Конституции, избранный Президент должен принести присягу во вторую среду января (11 января) 2006 года. Это не является сокращением срока полномочий действующего Главы государства, вступившего в должность 20 января 1999 года, поскольку в соответствии с пунктом 1 статьи 41  Основного Закона Президент Республики избирается сроком на семь лет, а не вступает в должность на семь лет. Дата выборов является приоритетной по отношению ко всем иным датам, связанным с выборным процессом, в том числе и вступлением Президента Республики в должность.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 72  Конституции Республики Казахстан, статьями 31 -33, 37  и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41  Конституционного закона "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет:

      1 . Положения пункта 1 статьи 94  Конституции Республики Казахстан применительно к предмету обращения следует понимать таким образом, что они служат для реализации пунктов 1 и 3 статьи 41  Конституции Республики Казахстан в конкретной ситуации выборов Президента Республики Казахстан. Применять указанные конституционные нормы необходимо в их совокупности.

      2 . Из смысла пункта 1 статьи 94  и пунктов 1 и 3 статьи 41  Конституции Республики Казахстан следует, что очередные выборы Президента Республики Казахстан должны быть проведены в первое воскресенье декабря 2005 года.

      3 . В соответствии с пунктом 3 статьи 74  Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73  Конституции Республики Казахстан.

      4 . Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель
  Конституционного Совета
   Республики Казахстан