Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының өтініші бойынша "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 1-тармағының конституциялығын тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Б.Ақылбайдың,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ә.Т.Аманбаевтың,

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б.Аққуованың,

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішевтің қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынысын қарады.

      Конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұловтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң заң университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К.Сүлейменовтің және заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық процесс және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі М.А.Әленовтің қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2011 жылғы 16 қарашада Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынысы келіп түсті.

      Ұсыныстан белгілі болғанындай, Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының (бұдан әрі – сот) іс жүргізуінде Ж.К.Онаевтың Қарағанды облысы бойынша Әділет департаментіне талабы бойынша азаматтық іс жатыр. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сай құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар (кепілге қою және тыйым салу) болғандықтан, тіркеуші органның пәтердегі үлеске құқықты мемлекеттік тіркеуден бас тартуы сотқа жүгінуге негіз болған. Азаматтық іс материалдарын зерделеп және тараптардың түсініктемесін тыңдап шығып, сот "Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтарына нұқсан келтіріледі, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына қайшы келеді" деп тапқан.

      Өзінің ұсынысында сот, "Заңның 44-бабын қолдану адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттерін қорғаудың негізгі нысаны ретінде сот актілерінің түпкілікті, императивті және жалпыға бірдей міндетті болатынын күмәнді етеді, өйткені тіркеуші органдарға сот актілерімен белгіленген жылжымайтын мүлікке құқықтар туындауын тіркемеуге мүмкіндік береді", деп атап көрсеткен.

      Осыған байланысты, сот Конституцияның 78-бабына сәйкес азаматтық іс жүргізуді тоқтата тұрып, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 1-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінген.

      Заңның 44-бабы 1-тармағының конституциялығын тексеру кезінде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясында Республиканың азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады деп көзделген (26-баптың 1-тармағы).

      "Конституцияның принциптерi мен нормалары меншiк құқығына оның туындауының, ауысуының және тоқтатылуының барлық кезеңдерiнде кепiлдiк берiлетiнiн жариялап, баянды етедi және қоғам мен мемлекеттiң тұрақты әрi қарышты дамуын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мызғымастығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың тиiстi шешiмдер шығаруының барлық рәсiмдерiне қолданылады" (Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы).

      Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 19/2 қаулысында сондай-ақ, мемлекет мүддесіне орай меншік құқығы заңмен шектелуі мүмкін деп атап көрсетілген. Мүлiктiк құқық абсолюттi болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында болсын, жария-құқықтық салада болсын шектелуi мүмкiн (2005 жылғы 1 шілдедегі № 4 қаулы); заңда осындай шектеулер қойылуына мүмкiндiк беретiн негiздер болып, олардың толық тiзбесi айқындалуға тиiс (2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулы).

      Меншік құқығын шектеудің негіздері мен шектері, сондай-ақ олардың сипаты Конституцияның 39-бабы 1-тармағының нормасымен белгіленген, бұл нормаға сай "адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін".

      Меншікке конституциялық құқықты танып және оған кепілдік бере отырып (Конституцияның 6-бабының 1-тармағы, 26-бабының 2-тармағы), заң шығарушы меншіктің құқықтық режимін, меншік иелерінің өз өкілеттігін іске асыруының көлемі мен шектерін, оларды қорғау кепілдіктерін айқындайды (Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы).

      Мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды растау тәсілдерінің және меншік құқығын қорғау кепілдіктерінің бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлiкке меншік құқығы және өзге де құқықтар, бұл құқықтардың шектелуі, олардың туындауы, көшуі және тоқтатылуы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХІІІ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 118-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – АК) сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады. Мемлекеттік тіркеу – "осы Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі" (Заңның 1-бабының 6) тармақшасы).

      Егер заңдарда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, жылжымайтын мүлікке, сондай-ақ онымен жасалатын мәмілелерге мiндеттi мемлекеттік тіркелуге тиіс құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды (АК-тің 155-бабының 1-тармағы, Заңның 7-бабының 1-тармағы).

      Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықты міндетті мемлекеттік тіркеу, мүлік құқығы қатынастарының жария-құқықтық бөлігі ретінде, тіркеудің жылжымайтын мүлік объектісі сай болуға тиіс белгілі бір шарттары заңнамалық түрде бекітілуіне жол береді. Кепілге қою немесе мүлікке тыйым салу арқылы қамтамасыз етілген міндеттемеге өзге де қатысушылардың мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі болып табылатын ауыртпалықтардың болмауы осындай шарттардың қатарына жатады.

      Сонымен бірге, заң шығарушы жылжымайтын мүлікке (оның бір бөлігіне) құқықтар оған салынған ауыртпалықтар болғанда да мемлекеттік тіркеу іске асырылатын жағдайларды қарастырған. Мәселен, АК-тің 323-бабына сай кепiлге салынған мүлiкке меншiк құқығы әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша көшкен жағдайда, мәселен, мұралық ету кезінде, кепiл құқығы сақталып қалады.

      2. Конституцияда әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13-баптың 2-тармағы); сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (75-баптың 1-тармағы); сот билігі өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (76-баптың 1-тармағы); соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады (76-баптың 3-тармағы) деп белгіленген.

      Сот актілерінің міндетті күші туралы мәселені қарай отырып, Конституциялық Кеңес бұдан бұрын "бұл конституциялық принцип сот анықтаған мән-жайларға, олардың құқықтық бағасына және сот актiлерiнде көрсетiлген нұсқамаларға қатысты мiндеттiлiктi де, соттардың құқықтық актiлерiн барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындауын да бiлдiредi", деп түсіндірді (2002 жылғы 5 тамыздағы № 5 қаулы).

      3. Өтініш субъектісінің пікірінше, Заңда жылжымайтын мүлікке сот белгілеген құқықты ауыртпалық болғанда тіркеуден бас тарту мүмкіншілігі түріндегі, сот актісін орындаудың міндеттілігі туралы жалпы ережеден шегініс көзделетін сот актілерін орындау тәртібі белгіленген.

      Заңның 44-бабының 1-тармағында "сот актісімен белгіленген жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы) осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жалпы негіздерде тіркелуге тиіс", деп көзделген. Осылайша, бұл норма сот шешімімен белгіленген жылжымайтын мүлікке құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу рәсімін айқындайды, бірақ сот актісінің мән-жайына бармайды және бұл тұрғыдан алғанда Конституция нормаларына қайшы келмейді.

      Заңның 44-бабы 1-тармағының мәтінінде "жалпы негіздерде" деген сөз тіркесі бар, ол мемлекеттік тіркеу жеке (заңды) тұлғалардың өтініштері бойынша немесе соттың шешімі бойынша жасалып жатқанына қатыссыз, мемлекеттік тіркеудің рәсімі мен тәртібіне бірдей талап белгілейтін Заңның өзге баптарына (солардың ішінде 31-бабына) сілтеме жасайды.

      Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде мемлекеттік тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

      Заңның 31-бабының 1-тармағында "бас тартылуы мүмкін" деген сөз тіркесі пайдаланылған, бұл тіркеуші органның өз өкілеттігін қалауынша іске асыратынын айғақтайды, яғни орган, жылжымайтын мүлікке құқықты тану туралы сот шешіміне қарамастан, мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не болмаса, тиісті ауыртпалықтар болуына қарамастан, бұл құқықты тіркеуге хақылы.

      Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде, заңдық тұрғыдан маңызды іс-қимылдардың (шешімдердің) нәтижелерін мемлекет атынан куәландыруды мақсат етеді. Сол арқылы, жылжымайтын мүлікке иелік етумен, оны пайдаланумен және оған билік етумен байланысты заңдық фактілерді сот анықтағаннан кейін орын алатын тіркеуші органның актісі белгілеу сипатына ие. Сондықтан тіркеуші орган соттың шешімін тексеруге хақылы емес. Жылжымайтын мүліктің заттық немесе міндеттемелік (құқық ауыртпалығы бар немесе өзгелей шектелген) құқық бойынша нақты бір тұлғаға тиістілігі туралы ұйғарым айтылып, күшіне енген сот актісі құқықты тіркеуге негіз болып табылады.

      4. Заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығара отырып, заңдылы мiнез-құлықты заңсыздығынан мейлiнше айқындықпен ажыратуға мүмкiндiк беретiн түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиіс (Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысы).

      Конституциялық Кеңес, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың Заң қолданылар кезде оның әр мағынада оқылып, Конституциялық Кеңеске жүгінуге себеп болғанын жою мақсатында, заң шығарушы Заңның тиісті баптарында күшіне енген сот шешімдерін орындаудың ерекшеліктерін қарастырғаны; сот актісінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатындығы туралы конституциялық талапты ескере отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартуға жол берілетін барлық негіздерді көрсеткені жөн болар еді деген пікірімен келіседі.

      Мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы мәселені тіркеуші органның еркін түрде, өз қалауынша шешу құқығын заңнамалық тәртіппен алып тастау мақсатқа сай болады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс деген конституциялық принциптің (Конституцияның 12-бабының 5-тармағы) толығырақ көлемде сақталуын қамтамасыз еткен жөн.

      Бұл шараларды жүзеге асыру кезінде елімізде меншік қатынастарын реттеудің және сот төрелігін іске асырудың жоғарыда көрсетілген жалпы конституциялық бастауларын, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің соларға негізделген құқықтық позицияларын ескерген жөн. Осыған байланысты, меншік иелерінің және өзге де заңды түрде иелік етушілердің, кепіл ұстаушылардың және өзге де тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында олардың мүдделерін үйлестіру жөніндегі заңнамалық шаралар қолға алынғаны, сондай-ақ сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме берілгені жөн, ал бұл, Конституцияның 61-бабының 1-тармағына және 81-бабына сай тиісінше заң шығару бастамасы субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретіне жатады.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37, 40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

      қаулы етеді:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

      2. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы нормативтік қаулыда баяндалған құқықтық позицияларына сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметіне оған өзгерістер енгізуге бастама жасау туралы мәселені қарау ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 81-бабына сәйкес бірыңғай сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына конституциялық іс жүргізу нысаны болған "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және солармен байланысты заңнамалық ережелерді қолдану мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулы қабылдау ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

      5. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Қазақстан Республикасы


Конституциялық Кеңесінің


Төрағасы

И. РОГОВ


О проверке конституционности пункта 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество" по обращению районного суда № 2 Казыбекбийского района города Караганды Карагандинской области

Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года N 5

      Конституционный совет Республики Казахстан в составе председателя Рогова И. И., членов совета Белорукова Н. В., Жаилгановой А. Н., Малиновского В. А., Нурмагамбетова A. M., Стамкулова У. М. с участием:
      представителя Сената Парламента Республики Казахстан – депутата Сената Парламента Республики Казахстан Акылбая С. Б.,
      представителя Правительства Республики Казахстан – вице-министра юстиции Республики Казахстан Аманбаева А. Т.,
      представителя Верховного суда Республики Казахстан – судьи Верховного суда Республики Казахстан Ак-куовой Г. Б.,
      представителя Генеральной прокуратуры Республики Казахстан – заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан Секишева А. А.
      рассмотрел в открытом заседании представление районного суда № 2 Казыбекбийского района города Караганды Карагандинской области о признании неконституционным пункта 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество».
      Изучив материалы конституционного производства, заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного совета Стамкулова У. М., выступления участников заседания, ознакомившись с заключениями экспертов: академика Национальной академии наук Республики Казахстан, доктора юридических наук, профессора, директора Научно-исследовательского института частного права Казахского гуманитарно-юридического университета Сулейменова М. К. и доктора юридических наук, заведующего кафедрой гражданского процесса и трудового права юридического факультета Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева Аленова М. А., Конституционный совет Республики Казахстан

установил:

      В Конституционный совет Республики Казахстан 16 ноября 2011 года поступило представление районного суда № 2 Казыбекбийского района города Караганды Карагандинской области о признании неконституционным пункта 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество».
      Из представления следует, что в производстве районного суда № 2 Казыбекбийского района города Караганды Карагандинской области (далее – суд) находится гражданское дело по иску Онаева Ж. К. к департаменту юстиции по Карагандинской области. Основанием для обращения в суд стал отказ регистрирующего органа в государственной регистрации права на долю в квартире в связи с наличием обременений (залог и арест), которые исключают государственную регистрацию права или иного объекта государственной регистрации, согласно подпункту 4) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество».
      Исследовав материалы гражданского дела и заслушав пояснения сторон, суд усмотрел «ущемление закрепленных Конституцией Республики Казахстан прав человека и гражданина, а также противоречие пункта 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» пункту 3 статьи 76 Конституции Республики Казахстан».
      В своем представлении суд указал, что «применение статьи 44 Закона ставит под сомнение окончательность, императивность и общеобязательность судебных актов как основную форму защиты конституционных прав и обязанностей человека и гражданина, поскольку позволяет регистрирующим органам не регистрировать возникновение прав на недвижимое имущество, установленных судебными актами».
      В связи с этим суд в соответствии со статьей 78 Конституции приостановил производство по гражданскому делу и обратился в Конституционный совет с представлением о признании неконституционным пункта 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» (далее – Закон).
      При проверке конституционности пункта 1 статьи 44 Закона Конституционный совет исходит из следующего.
      1. Конституция Республики Казахстан предусматривает, что граждане республики могут иметь в частной собственности любое законно приобретенное имущество (пункт 1 статьи 26).
      «Принципы и нормы Конституции провозглашают и закрепляют гарантии права собственности на всех этапах его возникновения, изменения и прекращения, распространяются на все процедуры вынесения соответствующих решений государственными органами и должностными лицами, обеспечивая стабильное и поступательное развитие общества и государства, незыблемость прав и свобод человека и гражданина» (нормативное постановление Конституционного совета от 23 апреля 2008 года № 4).
      В постановлении Конституционного совета от 3 ноября 1999 года № 19/2 также указано, что в интересах государства право собственности может быть ограничено законом. Имущественное право не является абсолютным и может быть ограничено как в сфере гражданско-правовых отношений, так и в публично-правовой сфере (постановление от 1 июля 2005 года № 4); в законе должен быть определен исчерпывающий перечень оснований, наличие которых делает возможными такие ограничения (нормативное постановление от 20 августа 2009 года № 5).
      Основания и пределы ограничения права собственности, а также их характер установлены нормой пункта 1 статьи 39 Конституции, согласно которой «права и свободы человека могут быть ограничены только законами и лишь в той мере, в какой это необходимо в целях защиты конституционного строя, охраны общественного порядка, прав и свобод человека, здоровья и нравственности населения».
      Признавая и гарантируя конституционное право на собственность (пункт 1 статьи 6, пункт 2 статьи 26 Конституции), законодатель определяет правовой режим собственности, объем и пределы осуществления собственником своих полномочий, гарантии их защиты (подпункт 2) пункта 3 статьи 61 Конституции).
      Одним из способов подтверждения прав на недвижимое имущество и гарантий защиты права собственности является государственная регистрация. Право собственности и другие права на недвижимое имущество, ограничения этих прав, их возникновение, переход и прекращение подлежат государственной регистрации в соответствии с пунктом 1 статьи 118 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть) от 27 декабря 1994 года № 268-XIII (далее – ГК). Государственная регистрация – это «обязательная процедура признания и подтверждения государством возникновения, изменения или прекращения прав (обременения прав) на недвижимое имущество и иных объектов государственной регистрации в правовом кадастре в порядке и сроки, установленные настоящим Законом и иными законами» (подпункт 6) статьи 1 Закона).
      Права (обременения прав) на недвижимое имущество, а также сделки с ним, подлежащие обязательной государственной регистрации, возникают с момента их государственной регистрации, если иное не установлено законами и иными законодательными актами (пункт 1 статьи 155 ГК, пункт 1 статьи 7 Закона).
      Обязательная государственная регистрация права на недвижимое имущество и сделок с ним, как публично-правовая составляющая имущественно-правовых отношений, предполагает допустимость законодательного закрепления определенных условий (критериев) регистрации, которым должен соответствовать объект недвижимости. К числу таких условий может относиться отсутствие обременений, которые являются одним из способов защиты интересов других участников обязательства, обеспеченного залогом или арестом.
      Вместе с тем законодателем предусмотрены случаи, когда осуществляется государственная регистрация прав на недвижимое имущество (его часть) и при наличии на нем обременений. Так, согласно статье 323 ГК, в случае перехода права собственности на заложенное имущество в порядке универсального правопреемства, например наследования, право залога сохраняет силу.
      2. Конституцией установлено, что каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод (пункт 2 статьи 13); правосудие осуществляется только судом (пункт 1 статьи 75); судебная власть имеет своим назначением защиту прав, свобод и законных интересов граждан и организаций, обеспечение исполнения Конституции, законов, иных нормативных правовых актов, международных договоров республики (пункт 1 статьи 76); решения, приговоры и иные постановления судов имеют обязательную силу на всей территории республики (пункт 3 статьи 76).
      Рассматривая вопрос об обязательной силе судебных актов, Конституционный совет ранее разъяснил, что «этот конституционный принцип означает как обязательность в отношении установленных судом обстоятельств, их правовой оценки и указанных в судебных актах предписаний, так и обязательное исполнение правовых актов судов всеми государственными органами и их должностными лицами, физическими и юридическими лицами» (постановление от 5 августа 2002 года № 5).
      3. По мнению субъекта обращения, Законом установлен порядок исполнения судебных актов, предусматривающий изъятие из общего правила об обязательности исполнения судебного акта в виде возможности отказа в регистрации права на недвижимое имущество, установленного судом, при наличии обременения.
      Пункт 1 статьи 44 Закона предусматривает, что «право (обременение права) на недвижимое имущество, установленное судебным актом, подлежит регистрации на общих основаниях с учетом особенностей, установленных настоящей статьей». Таким образом, данная норма определяет процедуру государственной регистрации права (обременения права) на недвижимое имущество, установленного решением суда, но не касается существа самого судебного акта и в этом аспекте не содержит каких-либо противоречий с нормами Конституции.
      В тексте пункта 1 статьи 44 Закона имеется словосочетание «на общих основаниях», которое отсылает к другим статьям Закона (в том числе к статье 31), устанавливающим одинаковые требования к процедуре и порядку государственной регистрации вне зависимости от того, производится она по обращению физических (юридических) лиц или по решению суда.
      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 31 Закона в государственной регистрации может быть отказано при наличии обременений, которые исключают государственную регистрацию права или иного объекта государственной регистрации.
      В пункте 1 статьи 31 Закона использовано словосочетание «может быть отказано», что свидетельствует о дискреционности полномочия регистрирующего органа, который вправе отказать в государственной регистрации, несмотря на судебное решение о признании права на недвижимое имущество, либо зарегистрировать это право, невзирая на наличие соответствующих обременений.
      Конституционный совет полагает, что государственная регистрация, как способ обеспечения прав на недвижимое имущество, призвана удостоверить от имени государства результаты юридически значимых действий (решений). Тем самым акт регистрирующего органа, имеющий место после установления судом юридических фактов, связанных с владением, пользованием и распоряжением недвижимым имуществом, носит фиксирующий характер. Поэтому регистрирующий орган не вправе подвергать ревизии решение суда. Вступивший в силу судебный акт, содержащий вывод о принадлежности недвижимости конкретному лицу на вещном или обязательственном праве (наличия обременения или иного ограничения права), является основанием для регистрации права.
      4. Закон должен соответствовать требованиям юридической точности и предсказуемости последствий, то есть его нормы должны быть сформулированы с достаточной степенью четкости и основаны на понятных критериях, позволяющих со всей определенностью отличать правомерное поведение от противоправного, исключая возможность произвольной интерпретации положений закона (нормативное постановление Конституционного совета от 27 февраля 2008 года № 2).
      Конституционный совет соглашается с мнением участников конституционного производства о том, что в целях устранения разночтений Закона при его применении, послуживших поводом для обращения в Конституционный совет, законодателю следовало бы предусмотреть в соответствующих статьях Закона особенности исполнения судебных решений, вступивших в силу; отразить все основания допустимого отказа в регистрации прав на недвижимое имущество с учетом конституционного требования об обязательной силе судебного акта на всей территории республики.
      Представляется целесообразным в законодательном порядке исключить право регистрирующего органа произвольно, по своему усмотрению, решать вопрос о регистрации или об отказе в регистрации права на недвижимое имущество при наличии обременений, исключающих государственную регистрацию. Следует обеспечить в более полном объеме соблюдение конституционного принципа, согласно которому осуществление прав и свобод человека и гражданина не должно нарушать прав и свобод других лиц, посягать на конституционный строй и общественную нравственность (пункт 5 статьи 12 Конституции).
      При реализации этих мер следует учитывать вышеуказанные общие конституционные начала регулирования отношений собственности и осуществления правосудия в стране, а также основанные на них правовые позиции Конституционного совета. В этой связи, в целях защиты прав и законных интересов собственников и других законных владельцев, залогодержателей и иных лиц целесообразны законодательные меры по гармонизации их интересов, а также дача разъяснений по вопросам судебной практики, что, согласно пункту 1 статьи 61 и статье 81 Конституции, относится к компетенции соответственно субъектов законодательной инициативы и Верховного суда Республики Казахстан.
      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 4 статьи 17, статьями 31 – 33, 37, 40 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 2737 «О Конституционном совете Республики Казахстан», Конституционный совет Республики Казахстан

постановляет:

      1. Признать пункт 1 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» соответствующим Конституции Республики Казахстан.
      2. Рекомендовать Правительству Республики Казахстан рассмотреть вопрос об инициировании изменений в Закон Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» в целях приведения его в соответствие с правовыми позициями Конституционного совета Республики Казахстан, изложенными в настоящем нормативном постановлении.
      3. Рекомендовать Верховному суду Республики Казахстан в соответствии со статьей 81 Конституции Республики Казахстан в целях обеспечения единой судебной практики принять нормативное постановление, разъясняющее вопросы применения норм Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 310-III «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» и сопряженных с ними законодательных положений, ставших предметом конституционного производства.
      4. На основании пункта 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан.
      5. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Председатель
      Конституционного совета
      Республики Казахстан                       И. Рогов