1996 жылғы қарашаның 15-iнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес 1996 жылғы қарашаның 13-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының өтiнiшi келiп түстi.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өтiнiшке байланысты қолда бар құжаттарды талдау, сондай-ақ өтiнiш субъектiсiнiң ресми өкiлдерi - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары - С.В.Тихоновпен және Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының комитеттерiмен жұмыс жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi С.С.Еспаевпен жүргiзiлген сұрау жұмысы мынаны көрсеттi: шын мәнiне өтiнiшке арқау болып отырған қабылданған Заңның барлық бабы мен тармағы емес, тек Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 86-бабына қосымша жаңа 6-тармақ түрiнде енгiзiлген, мына мазмұндағы 1-тармақ қана: "Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың заңмен белгiленген тәртiпте есептелген шамадан артық мөлшерi жолыққан жағдайда, олардың акциясын ерiктен тыс сатып алудың мүмкiндiктерi мен негiздерi заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн".
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы", "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарының ережелерiн өзгертушi және толықтырушы қаралып отырған Заңның басқа құқықтық нормалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 86-бабының 6-жаңа тармақ түрiндегi қосымшадан туындайды.
Конституцияның 6-бабының 2-тармағында: "Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" деп жазылғандықтан, "Банктер мен банк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың заңмен белгiленген тәртiпте есептелген шамадан артық мөлшерi жолыққан жағдайда, олардың акциясын ерiктен тыс сатып алудың мүмкiндiктерi мен негiздерi заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн" - деп белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 86-бабына қосымша жаңа 6-тармақ Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
Қабылданған Заңның банктер мен банктiк емес мекемелердiң акциясын ерiктен тыс сатып алудың жаңа нормасын енгiзуi Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына қайшы келмейдi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 115 және 118-баптарына сәйкес (Жалпы бөлiм) акция құнды қағаздың бiр түрi ретiнде мүлiк түрi болып табылады және осындай сипатта меншiк құқығының объектiсi бола алады, ал акция ұстаушы мемлекеттiк ұйым болып табылатын жағдайда, шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi немесе жедел басқару құқығының объектiсi болып табылады. (ҚР АҚ 197 және 202-баптары). Олай болса, акция Конституцияның 6 және 26-баптарында қолданылатын "меншiк" санатына жатады.
Конституцияның 6-бабының 1-тармағында "Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады", - деп белгiленген. Конституцияның 26-бабының 2-тармағында меншiкке заңмен кепiлдiк берiлетiндiгi көзделген, ал осы баптың 3-тармағы бұл кепiлдiктердi "Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн", - деп белгiлейдi.
Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
Субъектiлер (акционерлер) меншiгiнiң объектiсi болып табылатын акцияларды ерiктен тыс сатып алу несие берушiлердiң (салымшылардың) мүддесiн қорғау мақсатында және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырылады. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың шамадан тыс артық мөлшерi болуы айрықша жағдайларға жатады, бұл жағдайларда Конституцияның 26-бабының 3-тармағы мүлiктi ерiктен тыс алуға рұқсат етедi. Бұл өтпелi кезең экономикасының ерекшелiктерiнен туындап отыр.
Жоғарыда баяндалғандар негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 1996 жылғы қарашаның 13-iнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы үзiлдi-кесiлдi болып табылады, шағымдануға жатпайды және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлар ескерiле отырып, ол қабылданған күннен бастап өз күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы