Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Республика Президентінің Парламент актілеріне қол қояр алдында оларға өз қолдарын қоюға міндетті лауазымды адамдар тобы бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44-бабының 2 тармақшасын ресми түсіндіру туралы"

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 29 мамыр N 13/2 (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Хабаршысы) 1-басылым. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 1 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Төраға Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ. Темірболатов, В.Д. Шопин бар, өтіну субъектісінің өкілдері - Парламент Сенатының заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитетінің хатшысы А.К. Котов және Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлімінің меңгерушісі Э.Б. Мұхамеджановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 17-бабының 3тармағының 1 тармақшасы негізінде ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Ө.Байгелдінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44-бабының 2 тармақшасын ресми түсіндіру жөніндегі өтінуін қарады.

      Баяндамашы, Конституциялық Кеңестің мүшесі О.Қ.Ықсановтың хабарын, өтіну субъектісінің өкілдері А.К.Котов, Э.Б.Мұхамеджановтың сөздерін тыңдап, осы өтіну жөніндегі сарапшы М.М. Копыленконың қорытындысын және басқа да материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі ұйғарды:

      1997 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Ө.Байгелдидің Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44бабының 2 тармақшасын ресми түсіндіру туралы жөніндегі өтінуі түсті. Өтінуде мынандай дәлелдер келтірілген.

      Парламент қабылдаған заңға Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюы алдында оған Премьер-Министрдің қолын қоюы үшін Сенаттың оны Үкіметке жіберуі заң шығару қызметі барысындағы тәжірибеге айналған. Бұл процедура, өтіну субъектісі - Сенат Төрағасының пікірінше, Конституцияның 61-бабының 4-тармағында, 45-бабының 3-тармағында және 44-бабының 2 тармақшасында бекітілген қағидаларға негізделмеген, сонымен қатар мемлекеттік билікті салаларға бөлу принципінің әрекет етуін шектейді.

      Сенат Төрағасы келтірілген себептерге байланысты "осы мәселеге қатысты бөлігіндегі" Конституцияның 45-бабының 3-тармағына және 44-бабының 2 тармақшасына, яғни Республика Президенті қол қоярдың алдында Парламент актілеріне өздерінің қолдарын қоюға міндетті лауазымды адамдар бөлігіне ресми түсінік беруді сұраған.

      Конституциялық Кеңес өтінуге негіз болған мәселелерді есепке ала отырып, Республика Парламенті Сенаты Төрағасының өтінуінде көрсетілген конституциялық нормаларды ресми түсіндіру кезінде мыналарды еске алды.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағына сәйкес, Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.

      Осы конституциялық нормадағы "тиісінше... Парламенттің әр палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрді"... қолдарың деп қолданылған сөз тіркестері Республика Президенті Парламент актілеріне қол қоюдың алдында оған тек Парламент Палаталары Төрағалары қол қояды дегенді білдіреді, ал Премьер-Министр Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілеріне ғана (жарлықтар, өкімдер) өз қолын қояды. Аталған қорытындыны осы конституциялық өндіріс бойынша Конституциялық Кеңес тағайындаған тіл сараптамасының қорытындысы да растайды.

      Республика Президенті қол қоятын Парламент актілеріне Премьер-Министрдің алдын ала қол қою қажеттігі Конституцияның басқа нормаларында да көрсетілмеген. Демек, Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес, Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және ол он күн ішінде Президентке қол қоюға беріледі. Конституцияның 44-бабының 2 тармақшасына сәйкес Республика Президенті "Парламент Сенаты ұсынған заңға... қол қояды".

      Парламент қабылдаған заңды Республика Президентіне қол қоюға берердің алдында оған алдын ала Премьер-Министрдің қолын қоюы үшін Үкіметке жіберу тәжірибесі Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Z952529_ Жарлығының 19-бабының 2 тармағына негізделуі конституциялық нормаларды Конституцияның мазмұнына қайшы мағынада түсіндіруге және қолдануға негіз бола алмайды. Конституциясының тікелей заң күші бар және ол Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады.

      Егер Республика Үкіметі Парламент қабылдаған заң Конституцияға сәйкес емес деген қорытындыға келсе, заңды немесе оның кейбір баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салуға Парламентке қайтаруға құқығы бар Республика Президентіне мәлімет бере алады, яки Премьер-Министр Конституцияның 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық Кеңеске өтіну жасай алады. Парламент қабылдаған заңды Премьер-Министрдің қол қоюына міндетті түрде жіберу 44-баптың 3-тармағының қағидаларына ғана емес, Конституцияның 3-бабының 4-тармағында бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді деген қағидамен де қабыспайды.

      Айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 3-тармағын және 44-бабының 2 тармақшасын ресми түсіндіруі тәртібі жөнінде қаулы етті:

      1. Республика Президенті қол қоярдың алдында Парламент актілеріне өздерінің қолдарын қоюға міндетті лауазымды адамдар тобы бөлігіндегі Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 45-бабының 3-тармағының және 44-бабының 2 тармақшасының нормаларын Парламенттің әр Палаталарының Төрағалары ғана аталған актілерге қол қоюға тиіс деп түсінген жөн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағына жалпы міндетті болып табылады, ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.

Об официальном толковании пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции Республики Казахстан в части круга должностных лиц, обязанных скреплять своими подписями акты Парламента перед их подписанием Президентом Республики

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 29 мая 1997г. № 13/2 ("Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан", 1998г., выпуск № 1, стр. 199). Отменено нормативным постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 16 ноября 2022 года № 1.

      Сноска. Отменено нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 16.11.2022 № 1.

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе: Председателя Кима Ю.А., членов Конституционного Совета - Акуева Н.И., Ихсанова У.К., Мамонова В.В., Темирбулатова С.Г., Шопина В.Д.,- с участием представителей субъекта обращения Котова А.К. - секретаря Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Сената Парламента и Мухамеджанова Э.Б.- заведующего отделом законодательства Аппарата Сената Парламента, - рассмотрел в открытом заседании на основании подпункта 4 пункта 1 статьи 72 Конституции Республики Казахстан K951000_ , подпункта 1 пункта 3 статьи 17 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона,"О Конституционном Совете Республики Казахстан" U952737_ обращение Председателя Сената Парламента Республики Казахстан О. Байгелди об официальном толковании пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции Республики Казахстан.

      Заслушав сообщение докладчика - члена Конституционного Совета Ихсанова У.К., выступления представителей субъекта обращения Котова А.К., Мухамеджанова Э.Б., ознакомившись с заключением эксперта Копыленко М.М. и другими материалами по данному обращению, Конституционный Совет Республики Казахстан

      УСТАНОВИЛ:

      В Конституционный Совет Республики Казахстан 7 мая 1997 года поступило обращение Председателя Сената Парламента Республики Казахстан О.Байгелди об официальном толковании пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции Республики Казахстан. Обращение мотивировано следующим образом.

      В ходе законотворческой деятельности сложилась практика, когда принятый Парламентом закон перед представлением на подпись Президенту Республики Казахстан направляется Сенатом в Правительство на скрепление подписью Премьер-Министра. Данная процедура, по мнению субъекта обращения - Председателя Сената - не основывается на положениях, закрепленных в пункте 4 статьи 61, подпункте 2 статьи 44 и пункте 3 статьи 45 Конституции и к тому же умаляет действие принципа разделения ветвей государственной власти.

      По изложенным причинам Председатель Сената просит дать официальное толкование пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции "в части, касающейся данного вопроса", то есть в части круга должностных лиц, обязанных скреплять своими подписями акты Парламента перед их подписанием Президентом Республики.

      При официальном толковании указанных в обращении Председателя Сената Парламента Республики конституционных норм с учетом вопросов, послуживших основанием для обращения, Конституционный Совет исходит из следующего.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 45 Конституции Республики Казахстан акты Парламента, подписываемые Президентом Республики, а также акты Президента, издаваемые по инициативе Правительства, предварительно скрепляются соответственно подписью Председателя каждой из палат Парламента либо Премьер-министра, на которых возлагается юридическая ответственность за законность данных актов.

      Употребленный в данной конституционной норме грамматический оборот "соответственно подписью Председателя каждой из палат Парламента либо Премьер-министра" означает, что акты Парламента, перед их подписанием Президентом Республики, скрепляются только подписями Председателей палат Парламента, а Премьер-министр скрепляет своей подписью только акты Президента (указы, распоряжения), издаваемые по инициативе Правительства. Указанный вывод подтверждается и заключением лингвистической экспертизы, назначенной Конституционным Советом по данному конституционному производству.

      Необходимость предварительного скрепления подписью Премьер-министра актов Парламента перед их подписанием Президентом Республики не вытекает и из других норм Конституции. Так, согласно пункту 4 статьи 61 Конституции принятый большинством голосов от общего числа депутатов Сената проект становится законом и течение десяти дней представляется Президенту на подпись. В соответствии с подпунктом 2 статьи 44 Конституции Президент Республики "...подписывает представленный Сенатом Парламента закон..."

      То обстоятельство, что практика, когда принятые Парламентом законы перед представлением на подпись Президенту Республики направляется в Правительство для предварительного скрепления их подписью Премьер-министра, основана на пункте 2 статьи 19 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" от 16 октября 1995 года Z952529_ , не может служить основанием для толкования и применения конституционных норм, в противоречии с их содержанием. Конституция имеет высшую юридическую силу и прямое действие на всей территории Республики.

      Если Правительство Республики придет к выводу, что принятый Парламентом закон не соответствует Конституции, оно вправе довести об этом до сведения Президента Республики, правомочного возвратить закон или отдельные его статьи в Парламент для повторного обсуждения и голосования, либо Премьер-министр в соответствии с пунктом 1 статьи 72 Конституции может обратиться в Конституционный Совет. Обязательное направление принятого Парламентом закона для скрепления подписью Премьер-министра не только противоречит положениям пункта 3 статьи 44, но и не согласуется с закрепленными в пункте 4 статьи 3 Конституции принципом разделения государственной власти в Республике Казахстан на законодательную, исполнительную и судебную ветви.

      На основании изложенного и руководствуясь статьей 72 Конституции Республики Казахстан, статьями 33, 37, 38 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан" U952737_ , в порядке официального толкования пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции Республики Казахстан, Конституционный Совет

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Нормы пункта 3 статьи 45 и подпункта 2 статьи 44 Конституции Республики Казахстан в части круга должностных лиц, обязанных скреплять своими подписями акты Парламента перед их подписанием Президентом Республики, следует понимать так, что указанные акты должны скрепляться только подписью Председателя каждой из палат Парламента.

      2. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики

     

      Казахстан настоящее постановление вступает в силу со дня его принятия,

      является общеобязательным на всей территории Республики, окончательным и

      обжалованию не подлежит с учетом случаев, предусмотренных пунктами 2 и 3

      статьи 38 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу

      конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан".

      (Корректор: И.Склярова

      Специалист: Р.Жантасова

      21.12.98г.)