"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 131 Заңына түсініктемесі

      Ел экономикасы дамуының үстіміздегі жылғы оң нәтижелері, мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюы және келесі жылғы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қолайлы болжамы 2000 жылдың бюджетімен салыстырғанда шығыс бөлігі едәуір ұлғайтылған 2001 жылға арналған республикалық бюджет қабылдауға мүмкіндік берді.
      2001 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігі (кірістердің, алынған ресми трансферттер (гранттар) және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу көлемінің сомасы) 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 18,7%-ға, (немесе 64,9 млрд. теңгеге) ұлғайтылған.
      Бұл ұлғайту негізінен алынған ресми трансферттердің (гранттардың) - 26,8 млрд. теңгеге (артуы 1,5 есе), салық түсімдерінің - 2,9 млрд. теңгеге (артуы 1,2%), салықтық емес түсімдердің - 11,2 млрд. теңгеге (артуы 36,7%), капиталмен операциялардан түсетін табыстардың 21,2 млрд. теңгеге (артуы 1,9 есе) жоспарланған артуы есебінен құралады.
      2001 жылға арналған республикалық бюджетте кіріс бөлігінің кеңейтілуі оның шығыс бөлігін де айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, қорғанысты қаржыландыру көлемі 50%-ға (немесе 8,9 млрд. теңгеге) ұлғайтылды. Білім беруді қаржыландыру 29,3%-ға (немесе 4,2 млрд. теңгеге), денсаулық сақтауды қаржыландыру 50,8%-ға (немесе 4,1 млрд. теңгеге) ұлғайды.
      Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке арналған шығындар 1,2 млрд. теңгеге (немесе 0,8%-ға) ұлғайтылды. Соның ішінде зейнетақы төлеуге 2000 жылға арналған бюджетте көзделген қаржыландыру көлемінен 5,4 млрд. теңге көп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге 3,3 млрд. теңге көп бағыттау жоспарланған. Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге, азаматтардың жекелеген категорияларына төлеудің жергілікті бюджетке берілуін ескергенде, келесі жылдың республикалық бюджетінде 5,4 млрд. теңге көзделген.
      2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық жалақының ең төменгі мөлшері 804 теңгеге ұлғайып, 3484 теңгеге, ең төменгі зейнетақы 1000 теңгеге өсіп, 4000 теңгеге жетеді.
      2001 жылға арналған республикалық бюджетте азаматтардың жекелеген категорияларына жәрдемақылар бойынша, зейнетақыларға, өтемақыларға және материалдық көмекке үстемеақылар бойынша өткен жылдар міндеттемелерінің жалпы сомасы 2,2 млрд. теңге болатын бір бөлігін төлеу көзделген.
      Сондай-ақ 2001 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде қысқартуға жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалар тізбесінің заңнамалық бекітілуін атап өту қажет.
      Жоғарыда айтылған жәйт 2001 жылы, кірістер бойынша жоспардың атқарылу деңгейіне қарамастан, мемлекет өзіне мына бағдарламалардың қаржыландыру көлемін сақтау міндеттемесін алады:
      - елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
      - иммуналдық алдын алуды жүргізу үшін вирустық гепатитке қарсы вакциналар мен диабетке қарсы препараттарды орталықтандырып сатып алу, республикалық деңгейде орындалатын "Туберкулез" бағдарламасы;
      - зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерасты, ашық тау-кен жұмыстарында және айрықша зиянды жағдайдағы жұмыстарда істеген адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
      талдау бөлімі

"О республиканском бюджете на 2001 год"

Комментарий отдела социально-экономического анализа Администрации Президента к Закону от 22 декабря 2000 года № 131 ("Юридическая газета" от 10 января 2001 года № 1)

      Принятый Z000131_ республиканский бюджет на 2001 год характеризуется значительным увеличением расходной части по сравнению с нынешним. Это стало возможным благодаря положительным результатам развития экономики в текущем году, увеличению поступлений в бюджет и благоприятному прогнозу социально-экономической ситуации.
      Доходная часть по сравнению с аналогичным показателем республиканского бюджета на 2000 год увеличена на 18,7 процента, или на 64,9 млрд. тенге. Увеличение складывается в основном за счет запланированного роста полученных официальных трансфертов (грантов) на 26,8 млрд. тенге (рост в 1,5 раза), налоговых поступлений - на 2,9 млрд. тенге (рост на 1,2 процента), не налоговых поступлений - на 11,2 млрд. тенге (рост на 36,7 процента), доходов от операций с капиталом - на 21,2 млрд. тенге (рост в 1,9 раза).
      Расширение доходной части позволило существенно увеличить и расходную часть республиканского бюджета. Так, на 53,4 процента (или на 8,9 млрд. тенге) увеличен объем финансирования обороны. Финансирование образования увеличено на 29,3 процента (или на 4,2 млрд. тенге), здравоохранения - на 50,8 процента (или на 4,1 млрд. тенге).
      Возрастут расходы на социальное обеспечение и социальную помощь на 1,2 млрд. тенге (или на 0,8 процента). В том числе на выплату пенсий планируется направить на 5,4 млрд. тенге больше, нежели было предусмотрено бюджетом-2000, на выплату государственных социальных пособий - на 3,3 млрд. тенге больше. На выплату специальных государственных пособий, с учетом передачи выплаты спецгоспособий отдельным категориям граждан в местный бюджет, в республиканском бюджете предусмотрено 5,4 млрд. тенге.
      С 1 января 2001 года минимальный размер месячной заработной платы увеличится на 804 тенге и составит 3484 тенге, пенсии - на 500 и составит 4000 тенге.
      В республиканском бюджете на 2001 год предусматривается выплата части обязательств прошлых лет по пособиям, надбавкам к пенсиям, компенсациям и материальной помощи отдельным категориям граждан на общую сумму 2,2 млрд. тенге.
      Необходимо отметить также законодательное закрепление перечня республиканских бюджетных программ, не подлежащих секвестированию в процессе исполнения республиканского бюджета на 2001 год, а именно: обеспечение обороноспособности страны; централизованный закуп вакцин против вирусного гепатита, для проведения иммунопрофилактики, противодиабетических препаратов, программа "Туберкулез", выполняемая на республиканском уровне; выплата пенсий, государственных социальных

пособий, специальных государственных пособий, государственных специальных 
пособий лицам, работавшим на подземных, открытых горных работах и на 
работах с особо вредными условиями труда.
     
     Отдел социально-экономического анализа
     Администрации Президента
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Мартина Н.А.)