Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
Бұл Бағдарламаның қажеттілігі әлемдік қауымдастықтың ақпараттық инфрақұрылымдарының ғаламдық дамудың ашық жүйедегі тұжырымдары негізінде жаңа кезеңге өту процестеріне байланысты болды. Қазақстанда экономика мен басқарудың барлық салаларында прогрестік ақпараттық технологияны іске қосудың шапшаңдығын арттыратын ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарды қалыптастыруға және дамытуға деген қажеттілік пайда болды.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның технологиялық және ұйымдық негіздерін, ақпараттық және ел тәуелсіздігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.
Бағдарлама ашық жүйеге негізделген ұлттық ақпараттық құрылымдарды құруға, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдардың ресурстарын реттеу негізінде жан-жақты жол ашатын ақпараттандыру құралдары мен жүйесін стандарттауға, оңтайландыру мен сертификаттауға, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарды өздігінен ұйымдастыруға, мемлекеттік тілді ақпараттық технологияда кеңінен қолдануға, бұған дейін пайдалануда болған ақпараттық жүйені пайдалануға, бюджет қаражатының шығынын үнемдеу тұрғысында мемлекеттік ақпараттық ресурстарды пайдалануға және қорғауға қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Төмендегі шағын бағдарламаларды орындау арқылы Бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген:
- ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе жағдайының мониторингі;
- электронды деректер алмастырудың қалыпты жүйесін жасау;
- электронды коммерциялар, аукциондар мен тендерлер жүйесін жасау;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын жасау;
- мемлекеттік қаражаттың ақпараттық-телекоммуникациялық интеграциясын жасау;
- "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Қазақстан ресурстары" туралы мемлекеттік деректер базасын жасау;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың мониторингі.
Бағдарламаның қаражаттық негіздері болып республикалық және жергілікті бюджеттен, жеке инвестициядан, гранттардан түскен ақшалар есептеледі.
Орындалған бағдарламалық шаралар ақпараттық қызметтің қалыптасуы мен өркениетті дамуына, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай нормативті құқықтық базаның құрылуына, дамудың халықаралық тәжірибесінің негізінде ақпараттандыру саласында мемлекеттік басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттыруға, отандық ақпарат құралдарының ақпараттық өнімдері мен қызметтерінің бәсекелестікке жауап беретін дәрежесін көтеруге қажетті шарттардың құрылуына, ақпараттандырудың жобалары мен бағдарламаларына жеке инвестиция тартуға негіз қалайды.
Қазақстан Республикасы
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы