Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 28" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 160 соның ішінде аумақтық органдар 120". ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.31. N 544 Жарлығымен. U010544_ 2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева А.Ж.