Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 және 2000 жылғы 4 ақпандағы N 331 Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 31 қаңтар N 544

      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты" деген

 

жолдағы "241" деген сан "292" деген санмен ауыстырылсын;

     "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар

жөніндегі агенттігі     76" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі

агенттігі     31";

     "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

мемлекеттік комиссиясы     33" деген жол алынып тасталсын;

     2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы

N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы

Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 331 


U000331_


  Жарлығына:

     1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.

     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

             Президенті



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады