"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2000 жылдың сәуір-маусымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді және атқарушы органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті әскери комиссариаттар арқылы 2000 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды, оларды мерзімді әскери қызмет өткеру үшін қарулы
Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтуді және
белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді
босатуды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.