Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі туралы" N 3041 U963041_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 238-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы
Доктор Чан Йан Бэнг - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ президенті
Қамқоршылар Кеңесінің хатшысы
Сатыбалдин Сағындық - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ аға вице-президенті
Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері
Әбдірахманов Болат Қамарханұлы - "Банкаралық және қаржы телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлік қоғамының бас директоры
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы - Қазақстандағы Сорос қорының атқарушы директоры
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Билл Ньютон-Смит - Ашық Қоғам институты шағын кеңесінің төрағасы
Божко Дмитрий Михайлович - "Буран Бойлер" жабық акционерлік қоғамының президенті
Джеймс Скотт - "Филипп Моррис Қазақстан" компаниясының басқарушы директоры
Джеймс Тейлор - "Эксон Мобил Корпорейшн" компаниясының президенті
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Реза Гаффари - "Ситибанк Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Фил Мик - "Шевронмұнайгаз Инк" компаниясының президенті
Хабиб Рахман - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті
Ханс-Питер Хайсен - "Проктер энд Гэмбл" компаниясының бас менеджері
Храпунов Виктор Вячеславович - Алматы қаласының әкімі
Хьюн Мо Ким - "ЮСКО Интернешнл" жабық акционерлік қоғамының президенті.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті