Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 Жарлығы.

      Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің жүйелі сипатқа ие болғанын, құқық қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттарының біріне айналғанын ескере отырып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейін көтеру мақсатында:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стратегиялық және тактикалық шаралар жүйесін тұжырымдау және жетілдіру үшін тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қойылсын;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Республика Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Көмекшісі - Республика Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен бірлесе отырып, бір ай мерзімде Мемлекет басшысына елдің экономикалық қауіпсіздігінің жай-күйі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауап беретін Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс органын құру туралы ұсыныстар енгізсін;

      3) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттігі Президент Әкімшілігіне беріле отырып таратылып, құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру мен бақылауды Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24 N 576; 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:

      1) 1 қазанға дейінгі мерзімде Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс органдарымен бірлесе отырып, қаржылық және өзге де материалдық ресурстардың заңсыз айналымының алдын алудың және тыюдың ұйымдық-құқықтық және экономикалық шаралары кешенін көздейтін Экономика саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес тұжырымдамасының жобасын әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына енгізсін;

      2) 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын әзірлеп бекітсін;

      3) 2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасында қаржыны ұтымды пайдалану және қайта бөлу есебінен судьялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын олардың құқық тәртібі мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің нақты міндеттерін орындауға қатысу дәрежесіне қарай сараланған еңбекақы тағайындай отырып көбейтуді көздесін;

      4) жергілікті атқарушы органдардың құқық тәртібін қамтамасыз етудегі рөлін көтеру жөнінде шаралар қолдансын, бұған кінәлі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі жөнінде мәселе қоя отырып, қылмыстық ахуал неғұрлым шиеленіскен аймақтар әкімдерінің есептерін Үкімет отырыстарында қарасын;

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қатысуымен ұйымдасқан ұлтаралық сипат алған қылмыспен күресте құқық қорғау органдары арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шаралар қолдансын;

      6) осы Жарлықтан туындаған өзге де шаралар қолдансын.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде Мемлекет басшысына тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас құқық бұзушылық жасаған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөнінде Агенттік пен оның жергілікті органдарында қарауға өкілеттіктер беру жайында ұсыныстар енгізсін.

      4. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін дербес жауапты болады деп белгіленсін.

      Аталған әкімдер:

      1) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдардың әлеуметтік оңалту мәселелерін шешу жөнінде шаралар қолдансын;

      2) жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын қабылдасын әрі іске асыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:

      1) құқық қорғау органдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырсын, олардың жұмысын үйлестіруді күшейтсін, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін;

      2) осы Жарлықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Оқығандар: Қасымбеков Б.А.

      Икебаева Ә.Ж.

О мерах по совершенствованию системы борьбы с преступностью и коррупцией

Указ Президента Республики Казахстан от 20 апреля 2000 года N 377.

      В целях совершенствования системы борьбы с преступностью и коррупцией постановляю:

      1. Учитывая, что антикоррупционная деятельность приобрела системный характер, стала одним из основных направлений работы правоохранительных органов и в целях поднятия уровня борьбы с коррупцией:

      1) ежеквартально выносить на заседания Совета Безопасности Республики Казахстан вопросы борьбы с коррупцией, представляющей угрозу национальной безопасности страны, для выработки и совершенствования системы стратегических и тактических мер противодействия коррупции;

      2) Руководителю Администрации Президента Республики совместно с Помощником Президента Республики по вопросам национальной безопасности - Секретарем Совета Безопасности Республики в месячный срок внести Главе государства предложения по созданию рабочего органа Совета Безопасности, ответственного за анализ состояния экономической безопасности страны и антикоррупционной деятельности;

      3) координацию и контроль за работой правоохранительных органов осуществлять Отделу правоохранительной системы Совета Безопасности Республики Казахстан, упразднив Государственную комиссию Республики Казахстан по борьбе с коррупцией с передачей полномочий по управлению имуществом и делами Администрации Президента.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 24.04.2008 N 576; от 17.04.2019 № 26.

      2. Правительству Республики Казахстан:

      1) в срок до 1 октября совместно с рабочими органами Совета Безопасности разработать и внести на рассмотрение Главе государства проект Концепции борьбы с правонарушениями в сфере экономики, предусматривающей комплекс организационно-правовых и экономических мер предупреждения и пресечения незаконного оборота финансовых и иных материальных ресурсов;

      2) в срок до 1 ноября разработать и утвердить Программу борьбы с преступностью;

      3) в проекте республиканского бюджета на 2001 год за счет рационализации и перераспределения финансовых средств предусмотреть повышение оплаты труда судей и работников правоохранительных органов, установив для последних дифференцированную заработную плату в зависимости от степени участия в выполнении конкретных задач обеспечения правопорядка и борьбы с преступностью;

      4) принять меры по повышению роли местных исполнительных органов в обеспечении правопорядка, рассматривать на заседаниях Правительства отчеты акимов регионов, где наиболее сложная криминогенная обстановка, с постановкой вопроса об ответственности виновных в этом должностных лиц местных исполнительных органов;

      5) с участием Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан принять меры к расширению международного сотрудничества правоохранительных органов в борьбе с организованной транснациональной преступностью;

      6) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      3. Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы в месячный срок внести на рассмотрение главе государства предложения по наделению агентства и его территориальных органов полномочиями по рассмотрению дисциплинарных дел административных государственных служащих, совершивших коррупционные правонарушения, наказуемые в дисциплинарном порядке.

      4. Установить, что акимы областей, городов Астаны и Алматы несут персональную ответственность за обеспечение правопорядка.

      Указанным акимам:

      1) принять меры по решению вопросов социальной реабилитации лиц, освободившихся из мест лишения свободы;

      2) принять и обеспечить реализацию региональных программ предупреждения правонарушений среди несовершеннолетних и молодежи, борьбы с пьянством и наркоманией.

      5. Администрации Президента Республики Казахстан:

      1) осуществлять мониторинг деятельности правоохранительных органов, усилить координацию их работы, вносить предложения по дальнейшему совершенствованию правоохранительной деятельности;

      2) обеспечить контроль за исполнением настоящего Указа.

      6. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Польский В.Ф.,

      Петрова Г.В.)