Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, есiрткiнiң заңсыз таралуы мен пайдаланылуына қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi қаражатты көздесiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi Агенттiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 16 мамырдағы
N 395 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі
бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Астана, 2000 жыл
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi
бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы.
Әзiрленiм үшiн Салауатты өмiр салты үшiн, соның iшiнде
негiздеме нашақорлық пен есiрткiге қарсы күрес Үкiметтiң
басым мiндетi болып айқындалған ел Президентiнiң
1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi
және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына
жолдауы.
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және
олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына
қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы.
Негізгі Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес
әзірлеушілер жөнiндегi агенттiк, Стратегиялық жоспарлау
жөнiндегi агенттiк (Стратегагенттiк), Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi (ҰҚК), Iшкi iстер
министрлiгi (IIМ), Бас Прокуратура (БП),
Әдiлет министрлiгi (Әдiлетминi), Мемлекеттiк
кiрiс министрлiгi (Мемкiрiсминi), Қаржы
министрлiгi (Қаржыминi), Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Еңбекминi), Бiлiм
және ғылым министрлiгi (Бiлiмғылымминi),
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi (Мәдениет-ақпаратминi), Денсаулық
сақтау iсi жөнiндегi агенттiк
(Денсаулықагенттiгi), Сыртқы iстер министрлiгi
(Сыртқыісминi).
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi
мақсаты бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi
мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң
негiзгi буындарын құру.
Бағдарламаның 1) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес
міндеттері: саласында заңдарды жетiлдiру;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл
тетiгiн дамыту;
4) есiрткiнiң терiс пайдаланылуының алдын алу
есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту;
5) есiрткiнiң заңсыз айналымы мен оның терiс
пайдаланылуын бақылау саласында тиiмдi
халықаралық ынтымақтастық орнату.
Қаржыландыру Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаражаты көздері
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау және
қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының тегiн
техникалық көмегі.
Күтiлетін - заңсыз айналымнан алынған есiрткi және нәтижелер: психотроптық заттар көлемiнiң ұлғаюы әрi есiрткi
және психотроптық заттарды терiс тұтынудың
нәтижесiнде жасалатын қылмыстар санының азаюы;
- есiрткiнi заңсыз тұтынатындығы анықталған
адамдар санының өсуi мен олардың қатарының
бiрте-бiрте сиреуi;
- есiрткінің заңсыз айналымына байланысты iстер
бойынша сот iсiн жүргiзу тиiмдiлiгiнiң артуы;
- Қазақстан Республикасының кеден және
мемлекеттiк шекарасының периметрi бойынша
бақылаудың күшеюi.
1. КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) салауатты өмiр салты үшiн, соның iшiнде нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес Yкiметтiң басым мiндеттерi болып айқындалған ел Президентiнiң K972030_ "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауына әрi "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Z980279_ Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1999 жылғы 9 қарашадағы N 4 хаттамалық шешiмiне сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң бастамашылығы бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасы әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2005 жылдары жүргiзетiн шараларын қолдауға арналған Есiрткiнiң заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысты бақылау жөнiндегi iс-жоспар Бағдарламаның негiзi болып табылады.
Бағдарлама Iс-жоспардың 2000-2001 жылдар кезеңiн қамтитын 1-кезеңiн бөлiп көрсетедi, оған қол жеткiзуге бағытталған басым мiндеттер мен шаралар кешенiн айқындайды.
Бағдарламаны iске асырудың соңғы айларының iшiнде қол жеткен нәтижелер талданып, Iс-жоспарға сәйкес бағаланатын болады, бұл 2002-2005 жылдарды қамтитын 2-кезеңдi қалыптастыру үшiн негiз болады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2005 жылдарға арналған Стратегиясының алғашқы құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАЙ-КYЙІН ТАЛДАУ
Есiрткiге қарсы күрес проблемасы Қазақстан үшiн жаңадан пайда болып отырған жоқ. Ол бұрыннан бар, бұған өндiруге қажет шикiзатқа кеңiнен қол жетiмдiлiк және құрамында алколоидтар мен тетрагидроканнабинол (ТГК) мол қылшаны жинау мен апиын көкнәрiн және сораны өсiруге қолайлы климаттық жағдайлар мүмкiндiк туғызды. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн жалпы алаң Қазақстанда 1 млн. гектардан астам жердi құрайды. Жамбыл облысының Шу алқабындағы жабайы сора плантациясы (130 мың га) аса көлемдi болып табылады, мамандардың бағалауы бойынша, одан жылына шамамен 145 мың тонна марихуана немесе 5-6 мың тонна гашиш алуға болады.
Алайда соңғы жылдары бұл проблема жаппай ауқым ала бастады, ал мемлекеттiң оған барабар iс-әрекет етуге жағдайы болмай шықты. Апиынды, героинды және басқа да "ауыр" есiрткiлердi заңсыз өндiрiп, өткiзу ең үлкен әрi кiрiстi рыноктардың аралығында, демек оларды әлемдiк тасымалдаудың басты жолында орналасқан Қазақстан Ауғанстаннан Ресейге және батыс, бәрiнен бұрын еуропалық елдерге есiрткi контрабандасының негiзгi жол бағытының құрамдас бөлiгiне айналды.
Есiрткiнi терiс пайдаланудың ұлғайып келе жатқан ауқымы мен есiрткi "iскерлерiнiң" қызметiн ауыздықтауға мемлекеттiң жеткiлiктi дәрежеде мүмкiншiлiгiнiң болмауы, заңдардың жетiлмегендiгi, сондай-ақ Орта Азия елдерiнiң арасында есiрткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың трансшекаралық арналарының жолын кесу жөнiндегi тиiстi үйлестiрудiң болмауы қылмыстың өсуi мен есiрткiнi терiс пайдалану саласындағы ахуалды шиеленiстiре түседi.
Қазақстан Республикасының 2000 жылға дейiнгi қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасында көзделген шаралардың iске асырылғанына қарамастан, есiрткiнiң елдегi заңсыз таралуына қарсы күресте күрт бетбұрыстың болмағандығын мойындау қажет. Ал "Есiрткiнiң терiс пайдаланылуы мен заңсыз таралуына қарсы iс-қимылдың 1997-1998 жылдарға арналған кешендi шаралары" атты Yкiметтiң нысаналы бағдарламасы тек қана нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласында түбегейлi жаңғыртулар үшiн негiз жасады.
Бұл күндерi Қазақстан Республикасында есiрткiнiң жай-күнi мынадай сипатқа ие:
- есiрткiнi медициналық емес тұрғыда тұтынуға жол беретiн адамдардың саны ұдайы өсуде. Денсаулық сақтау органдарының деректерi бойынша, 30 мыңнан астам нашақор ресми тiркелген. 1991 жылмен салыстырғанда нашақорлық дертiне ұшырау 19 есе, ал оның таралуы 5 есе өстi;
- есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты қылмыс шапшаң өстi. Мұндай қылмыстардың саны 1998 жылы 18845 болды. Қылмыстың 18%-ке төмендеп тұрған 1991-1998 жылдар iшiнде есiрткiге байланысты қылмыстардың саны 3,8 есе өскенiн атап өткен жөн;
- есiрткiнi жасөспiрiмдердiң тұтынуы етек алды, яғни есiрткi мектептер мен басқа да оқу орындарына ендi. Бұл күндерi 13-14 жасты есiрткiнi алғашқы медициналық емес тұрғыда тұтынудың орнықты қалыптасқан шекарасы ретiнде, сондай-ақ есiрткiмен заңсыз iс-әрекетке тартылуға мейлiнше бейiм кезең ретiнде қарауға болады;
- есiрткiнi күре тамырға енгiзу көбейдi, мұның өзi елде ВИЧ/СПИД-тiң таралуының негiзгi себебi болып табылады. 1998 жылдың аяғында елде ВИЧ жұқтырғандардың жалпы саны 815 адам болды, оның 80%-тен астамы - шприцтi пайдаланатын нашақорлар;
- Қазақстан Оңтүстiк-Батыс және Оңтүстiк-Шығыс Азиядан Ресей мен Еуропаға героин мен апиынның және Оңтүстiк Америкадан кокаинның негiзгi тасқыны өтетiн транзиттiк дәлiз ретiнде пайдаланыла бастады, сондай-ақ контрабанда күшейе түсiп, халықаралық есiрткi бизнесi қазақстандық сыбайластарымен орнықты байланыстар орнатты. Бұған заңсыз есiрткiлердi тәркiлеудiң санының (және көлемдерiнiң) елеулi түрде өсуi мысал бола алады, оның жыл сайынғы көлемi 1992 жылдан бастап орташа есеппен 11-12 тоннаны құрап отыр;
- нашақорларды мәжбүрлеп емдеу көрсеткiшi төмендедi. Статистиканың деректерi бойынша соңғы жылдары мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген адамдардың саны: 1994 жылы - 2025, 1995 жылы - 2746, 1996 жылы - 1774, 1997 жылы 1545 адам болды.
Қазақстандағы есiрткi ахуалының одан әрi дамуына байланысты үрдiстер елдiң болашағына қатер төндiредi, экономикалық реформалардың барысын және гүлденген демократиялық қоғам құруға iлгерiлеуiн қиындатады.
Сондықтан Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы
нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi
мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын құру.
3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай басым бағыттарды шешу көзделедi:
1) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласында заңдарды жетiлдiру;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн жетiлдiру;
4) есiрткiнi терiс тұтынудың алдын алу есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту;
5) есiрткiнiң заңсыз айналымы мен оның терiс пайдаланылуын бақылау саласында тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнату.
4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI
НЕГIЗГI ШАРАЛАР
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу және басым мiндеттердi шешу үшiн Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң қазiргi жүйесiн түбегейлi қайта құруға бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыруды көздейдi.
4.1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес
саласындағы заңдарды жетiлдiру
Есiрткi бизнесi мен есiрткiнiң терiс пайдаланылуын бақылауды белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданбай, Бағдарламаның көптеген басым мiндеттерi шешiлмейдi.
Сондықтан есiрткiнi бақылау саласындағы заңдарды жетiлдiру мақсатында басқа да нормативтiк құқықтық актiлер халықаралық конвенциялардың барлық ережелерiне сәйкес келтiрiлетiн болады.
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесi әзiрленiп, ол ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу үшiн негiз болады.
Бұдан басқа, Қылмыстық кодекс пен Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекске есiрткiнiң таралуына жауапкершiлiктi күшейтуге бағытталған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң қажеттiлiгi туралы мәселе зерделенетiн болады.
4.2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
заңсыз айналымына бақылауды күшейту
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына бақылауды күшейту мақсатында емдеу-оңалту және қайта бейiмдеу жұмыстарын, сондай-ақ заңды есiрткi мен психотроптық заттардың өндiрiлуiн, саудалануын және пайдаланылуын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мүмкiншiлiгi нығайтылатын болады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн қоса алғанда басқа да мемлекеттiк органдар материалдық қолдау мен қосымша штат бiрлiктерiн алады.
Морфий, героин мен қылшаны заңсыз өндiру кезiнде пайдаланылатын химиялық заттарға бақылау жасауға басым көңiл бөлiне отырып, өкiлеттiктерi айқын белгiленген мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың прекурсорларға ведомствоаралық бақылау жасайтын жүйесi әзiрленетiн болады, сондай-ақ қылша шикiзатының өнiмiн заңсыз жинау мен сауда жасауға тыйым салу жөнiндегi шаралар күшейтiледi.
Есiрткi мен психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi қалыптастыратын болады. Осы Агенттiктiң негiзгi қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, құзыреттi органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметiн және халықаралық ынтымақтастықты үйлестiруге; шетелдiк инвестицияларды және шетелдер мен халықаралық ұйымдардың техникалық көмегiн тартуға бағытталатын болады.
Есiрткiнi бақылау жөнiндегi iс-қимылды алға жылжыту және қолдау мақсатында жергiлiктi деңгейде бiрқатар облыстар мен қалаларда тиiстi атқарушы органдар есiрткiнi бақылау жөнiндегi аймақтық комиссиялар құрады. Олардың жұмысының тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзiлген соң, мұндай тәжiрибе елдiң басқа облыстарында және неғұрлым iрi қалаларында жалғасын табатын болады.
4.3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін дамыту
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылын нығайту және олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, соның iшiнде ақшаны "тазартуға" және есiрткi бизнесiне байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес жүргiзу жөнiнде нақты шаралар жүзеге асырылатын болады.
Әдiлет министрлiгiнiң қазiргi жұмыс iстеп тұрған Сот сараптамасы орталығы мен Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiктiң Сот медицинасы орталығына есiрткiге байланысты құқық бұзушылықтар туралы iстер жөнiндегi сот iсiн жүргiзу проблемаларын ғылыми зерттеу үшiн жауапкершiлiк жүктеледi. Зерттеулер жүргiзуге арналған лабораториялар мен құралдар жаңартылады. Бұдан басқа, тиiстi жедел талдау жүргiзу үшiн, құқық қорғау мен өзге де органдардың iшiнен Бас прокуратураның жанындағы Есiрткiге байланысты қылмыстылық, заңсыз есiрткiлер мен қылмыстар туралы мәлiметтер жинау жөнiндегi құқықтық статистика және ақпарат орталығының мүмкіншілігі күшейтіледі.
Есiрткi бизнесiне байланысты проблемалары айрықша өткiр тұрған аймақтарда мамандандырылған соттар жүйесiн дамытудағы алғашқы қадам ретiнде Қарағанды қаласында есiрткiге байланысты істер жөнiндегi мамандандырылған сот құрылатын болады.
Республиканың кеден және мемлекеттiк шекарасының оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс учаскелерi, Астана, Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары мен Ақтау теңiз айлағы нығайтылатын болады.
Бұдан басқа, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күресте құқық қорғау органдары душар болып отырған кадрларды мамандандыра оқытудың қажеттiлігі мен тиiстi коммуникациялардың жеткiлiксiздiгi секiлдi өзге де маңызды проблемаларды шешу көзделiп отыр. Осыған байланысты құрылған есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша Республика құқық қорғау органдары мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы нығайтылады. Құқық қорғау мен өзге де мүдделi органдардың өкілдерiнен тұратын ведомствоаралық топ есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласында кадрларды даярлаудың стратегиясын әзiрлейдi. Байланыс мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнен тұратын жұмыс тобы Үкiметтiң коммуникациялар саласындағы жалпы стратегиясы шеңберiнiң шегiнде құқық қорғау органдарының тиiмдi түрде үйлестірілген коммуникациялар саласындағы мейлiнше маңызды қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн бiрыңғай жоспарды әзiрлейдi.
Барлық құқық қорғау органдары үшiн есiрткiлердi табуға арналған нұсқаушыларды даярлау мен қызметтiк иттердi үйретудің ұлттық бағдарламасын қолдау бойынша мүмкiншілiктер қазiргi бар екi құрылымды - Алматы қаласындағы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы қызметтiк иттердi өсiруге арналған питомник пен нұсқаушыларды даярлау және иттердi үйретудiң орталығы ретiнде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әскери институтын жаңарту, сондай-ақ Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң қызметтiк иттерге арналған тиiстi кинологиялық орталығын құру арқылы нығайтылатын болады. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Әскери институты кинология кафедрасының базасында есiрткiнiң заңсыз таралуына қарсы күрес саласындағы жұмыс үшiн Кинологтарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi ведомствоаралық оқу орталығы құрылатын болады.
Есiрткiнi заңсыз өндiруге қарсы күрестiң шеңберiнде заңсыз егiлетiн және жабайы өсетiн апиын көкнәрi мен сораны құрту жөнiндегi жыл сайынғы жүргiзiлетiн науқан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қылша шикiзатын заңсыз жинау, өңдеу және сауда жасаудың жолын кесу жөнiндегi iс-шаралары жалғаса беретiн болады. Бұдан басқа апиын көкнәрi мен жабайы каннабистi жою жөнiнде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiруге қарсы бiрнеше ауыл шаруашылық жобалары әзiрленетiн болады.
Үкiмет осы жобалардың iске асырылу барысын қадағалауды жүзеге асырады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылатын каннабистiң, апиын көкнәрi мен қылшаның өсуiнiң картасын жасау бойынша аймақтық жобаның шеңберiнде алынған ақпаратқа негiзделетiн, құрамында есiрткi бар өсiмдiктердiң өсуi және өсірiлуі туралы деректерді жинаудың ұлттық жүйесін құру басталады.
4.4. Есiрткiнi терiс тұтынудың алдын алу, есiрткiге
тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту
Есiрткiнi терiс тұтынудың алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту, есiрткiнi терiс пайдаланудың мониторингi, оларды терiс пайдалану туралы деректердi жинау мен талдау жөнiнде мақсатты бағдарламаларды iске асырудың негiзiн жасау үшiн Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық орталығы құрылатын болады.
Әрбiр облыс орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда, Астана және Алматы қалаларында есiрткiден мәжбүрлеп емдеу жөнiндегi арнаулы емдеу-алдын алу мекемелерi, сондай-ақ нашақорлықтан ойдағыдай емделу курсынан өткен адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту орталықтары құрылатын болады.
Бұл ретте есiрткiге байланысты қылмыс жасағаны үшiн сотталған нашақорларды күтiп ұстау үшiн қажеттi елеулi бюджет қаражатын бөлу мүмкiндiгi ескерiледi (қамаудағы бiр адамды күтiп ұстауға мемлекет жылына 140 мың теңге, ал бiр нашақорды емдеуге 20,8 мың теңге жұмсайды).
Есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалтудың қазiргi уақытта қолданылып жүрген тәжiрибесiне талдау жасалынып, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ұлттық семинар өткiзіледi әрi есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту жөнiндегi стратегия әзiрленетiн болады.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ВИЧ/СПИД-пен күрес жөнiндегi Бағдарламасы демеушiлiк еткен арнайы бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында басталған ВИЧ/СПИД-тен келетiн зиянды қысқарту жөнiндегi алдын алу iс-шаралары басқа да аумақтарды қамтитын болады. Сонымен қатар жұмыс орнында есiрткiнi терiс пайдалануды болдырмаудың эксперименттiк бағдарламасы бiрнеше кәсiпорындарда басталып, кейiн мейлiнше кеңiрек қолдану үшiн сынақтан өтедi.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi Халықаралық Бағдарламасының ағымдағы ұлттық жобасына сәйкес әзiрленген, барлық сыныптарды қамтитын және республиканың бiрқатар мектептерiнде сынақтан өткен Зиянды заттарды тұтынудың алдын алу жөнiндегi мектеп бағдарламасы ұлттық деңгейде барлық жалпы білiм беретiн мектептерге енгiзiлетiн болады.
Қоғамдық санада есiрткiге жиренiш сезiмiн қалыптастыру үшiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақсатты жұмыс жалғастырылады, оқу-танымдық өнiмi, аудио-бейне материалдары шығарылып, басқа да көрнекi үгiт жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту жөнiндегi мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiн мемлекет көтермелейтiн болады.
4.5 Есiрткінің заңсыз айналымын бақылау саласында
тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнату
Есiрткiнiң заңсыз айналымын бақылау саласында тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнату мақсатында Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы қызметтерiнiң есiрткiнiң заңсыз транзитi мен контрабандасын анықтау, алдын алу және жолын кесу жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдердiң шеңберiнде бiрлескен iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде басқа мемлекеттердiң, бәрiнен бұрын Орталық Азияның, осы секiлдi қызметтерiмен өзара iс-қимыл қамтамасыз етiлетiн болады.
Бұл үшiн қазақстандық мамандардың есiрткiнi бақылау проблемалары жөнiндегi халықаралық кездесулер мен форумдардың жұмысына және Орталық Азияда есiрткiге бақылау жасау саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылатын есiрткiге сұранысты қысқарту жөнiндегi iс-қимылдарға қатысуы қамтамасыз етiлiп, Орталық Азияда есiрткiнi бақылау проблемаларына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзiледi.
Бұдан басқа, есiрткiге қарсы күрес саласында жұмыс iстейтiн барлық мекемелердiң қызметiне қолдау көрсету үшiн халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң техникалық және өзге де көмегiн тарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау, тәжiрибе алмасу, жабдықпен жарақтау, нашақорларды оңалтудың перспективалық бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғастырыла бередi.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ
Бағдарламада белгiленген iс-шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуы көзделген, бұл есiрткiшiлдiк проблемасымен шұғылданатын барлық құрылымдардың мүдделерi мен мүмкіншілігін барынша ұштастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы заңдарды жетiлдiру есебiнен қолда бар әлеуеттi дамыту мен нығайтуға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған. Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл, есiрткiнi терiс пайдаланудың пәрмендi алдын алу, есiрткiге тәуелдi адамдарды жедел емдеу мен оңалту, есiрткiнің заңсыз айналымы мен оның терiс пайдаланылуын бақылау саласында тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнату болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне бөлiнетiн қаржы қаражаты Бағдарламаның 8-бөлiмiне сәйкес нақты iс-шараларды орындауға жауапты министрлiктер мен ведомстволарға техникалық көмек түрiнде берiлетiн болады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға арналған сыртқы техникалық көмектi бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының бiрлескен жобасының негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi Бағдарламаның іс-шараларының жүзеге асырылуын үйлестiрiп, оның орындалу барысы туралы Қауiпсiздiк кеңесiнiң мәжiлiстерiнде жыл сайын баяндап отыратын болады.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етiлуi осы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнген республикалық бюджеттiң, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң* қаржысы есебiнен жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, Бағдарламаны iске асыру үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының жалпы сомасы 5 млн. АҚШ долларына тегiн техникалық көмегi тартылады. Халықаралық қаржы ұйымдарының көмегiн тарту мақсатында қосымша келiссөздер жүргiзу де қарастырылуда.
______________________________________
* - Сомалары жергiлiктi бюджеттердi жасау кезiнде көзделедi.
7. КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асырудың нәтижелерi мыналар болуға тиiс: заңсыз айналымнан алынған есiрткi мен психотроптық заттар көлемiн ұлғайту және психотроптық заттарды терiс пайдалану нәтижесiнде жасалатын қылмыстардың санын азайту; есiрткiнi заңсыз тұтынатын адамдарды тиiмдi анықтау және олардың санын бiрте-бiрте қысқарту; есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты iстер бойынша сот iсiн жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру; сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден және мемлекеттiк шекарасының периметрi бойынша бақылауды күшейту.
8. Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі
бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Іс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N! Іс-шаралардың !Іске асыру! Іске ! Жауапты !Қаржыландыру көздері,
! атауы ! (аяқтау) ! асыру !орындаушылар!көлемі және басталуы
! ! нысаны !мерзімі! !-------------------------
! ! ! ! !Республикалық !Біріккен
! ! ! ! ! бюджет ! Ұлттар
! ! ! ! ! ! Ұйымы
! ! ! ! !----------------!--------
! ! ! ! !2000 !2001 !қар.! (мың
! ! ! ! !жыл !жыл !жы. ! АҚШ
! ! ! ! !(млн.!(млн.!лан.! долл.)
! ! ! ! ! тең.! тең.!ды. !
! ! ! ! ! ге) ! ге*)!ру. !
! ! ! ! ! ! !дың !
! ! ! ! ! ! !бас.!
! ! ! ! ! ! !та. !
! ! ! ! ! ! !луы !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9
---------------------------------------------------------------------------
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында заңдарды жетілдіру
---------------------------------------------------------------------------
1. Есірткі, пси. Үкіметтің 2000 Нашақорлыққа - - -
хотроптық зат. қаулысы жылдың және есірткі
тар мен пре. ІІІ- бизнесіне
курсорлардың тоқсаны қарсы күрес
айналымына жөніндегі
мемлекеттік агенттік,
бақылауды жү. Энергоиндуст.
зеге асырудың саудамині,
ережелерін Бас прокура.
әзірлеу тура, Ішкі.
ісмині, Мем.
кірісминінің
Кеден комитеті,
Денсаулықагент.
тігі, ҰҚК
(келісім
бойынша),
Әділетмині
---------------------------------------------------------------------------
2. Есірткі, пси. министр. 2000 Энергоиндуст. - - -
хотроптық зат. лердің жылдың саудамині,
тар мен пре. бұйрық. ІV- Бас прокура.
курсорлардың тары тоқсаны тура, Ішкі.
айналымына ісмині, Мем.
мемлекеттік кірісминінің
бақылауды жү. Кеден комитеті,
зеге асыру Денсаулықагент.
ережелерінің тігі, ҰҚК,
негізінде Әділетмині
ведомстволық
нормативтік
құқықтық
актілерді
әзірлеу
---------------------------------------------------------------------------
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
бақылауды күшейту
---------------------------------------------------------------------------
3. Есірткінің Үкімет пен 2001 Ішкіісмині, - - 50
айналымын Біріккен жылдың Денсаулық.
бақылау Ұлттар ІІІ- агенттігі,
Ұйымының тоқсаны Энергоиндуст.
Есірткіні саудамині,
бақылау Мемкірісмині.
және қыл. нің Кеден
мыстың комитеті,
алдын алу ҰҚК
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
4. Прекурсорлар. Үкімет пен 2001 Ішкіісмині, - - 185
дың дайындалуы Біріккен жылдың Денсаулық.
мен олардың Ұлттар ІV- агенттігі,
пайдаланылуын Ұйымының тоқсаны Энергоиндуст.
бақылау Есірткіні саудамині,
бақылау Мемкірісмині.
және қыл. нің Кеден
мыстың комитеті,
алдын алу ҰҚК
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы
іс-қимыл тетігін дамыту
---------------------------------------------------------------------------
5. Есірткінің Үкімет пен 2000- Ішкіісмині, 29,6 102,6 2000 1042,5
заңсыз таралу Біріккен 2001 Мемкіріс. 3,26 4,5 жыл.
жолдарын анық. Ұлттар жылдар минінің дың
тау және оған Ұйымының Кеден коми. ІІ
тыйым салу Есірткіні теті, ҰҚК 5,07 5,07 тоқ.
мақсатында бақылау саны
"Көкнәр", және қыл. =37,9 =112,17
"Допинг", мыстың 3
"Арна", "Тос. алдын алу
қауыл" және жөніндегі
басқа да ке. басқарма.
шенді жедел сының
жолын кесу бірлескен
операциялары. жобасының
ның жүргізі. тарауы
луін техника.
лық қолдау
---------------------------------------------------------------------------
6. Ұлттық қауіп. Үкімет пен 2000 Мемкіріс. 10,0 12,0 2000 360
сіздік комите. Біріккен жылдың минінің жыл.
ті Шекара қыз. Ұлттар IV-тоқ. Кеден 12,5 дың
метінің кеден Ұйымының саны комитеті, ІІІ
бекеттерін, Есірткіні ҰҚК тоқ.
жекелеген бақылау Шекара саны
бақылау өткізу және қыл. қызметі =24,5
бекеттерін мыстың
нығайту: алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
6.1. Оңтүстік Ведомство. 2000 - -
бағытта - лық бұйрық жылдың
"Қорғас" IV-тоқ.
(қытай бағыты), саны
"Жібек жолы"
(Өзбекстанмен
шекара),
"Қордай"
(Қырғызстанмен
шекара)
кедендері
6.2. Халықара. Ведомство. 2000 - - 200
лық әуе-жайлар. лық бұйрық жылдың
да - Астана IV-тоқ.
мен Алматы саны
қалаларында
және Ақтау
теңіз айла.
ғында
---------------------------------------------------------------------------
7. Есірткінің Үкімет пен 2000 ҰҚК Әскери 2000
заңсыз айна. Біріккен жылдың институты, 4,8 8,0 жыл. 340
лымына қарсы Ұлттар IV- Ішкііс. 8,0 20,9 дың
күрес жүргізу. Ұйымының тоқсаны мині, Мем. ІІ
ші органдарда Есірткіні кірісми. 10,0 18,0 тоқ.
кинологиялық бақылау нінің Ке. саны
қызметтерді және қыл. ден коми. =22,8 =46,9
нығайту мыстың теті
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
және ве.
домстволық
бұйрықтар
---------------------------------------------------------------------------
8. Есірткінің Министрдің 2000 Ішкіісмині 9,6 4,5 2000
заңсыз бұйрығы жылдың жылдың
айналымына IV-тоқ. ІІ-тоқ.
қарсы саны саны
күресті
жүзеге
асыратын
ішкі істер
органдарының
бөлімшелерін.
де және
прокуратура
органдарында 2001
компьютерлік Халықаралық жылдың Бас 5,3 2001
байланыс құру келісім IV-тоқсаны прокуратура =9,8 жылдың
І-тоқ.
саны
---------------------------------------------------------------------------
9. Транкингтік Үкімет пен 2000 ҰҚК - - 180
байланыс Біріккен жылдың
жүйесін құру Ұлттар IV-тоқ.
Ұйымының саны
Есірткіні
бақылау
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
10. Құрамында Үкімет пен 2000- Білімғылым. 2,0 4,0 2000 100
есірткісі бар Біріккен 2001 мині жыл.
өсімдіктердің Ұлттар жылдар дың
алаңын тұйық. Ұйымының ІІ
тау және Есірткіні тоқ.
қысқарту бақылау саны
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
11. Министрліктер Үкімет пен 2000- Ішкіісмині, 6,2 5,6 2000 95
мен ведомство. Біріккен 2001 Мемкіріс. жыл.
лардың есірт. Ұлттар жылдар минінің 2,2 6,0 дың
кіні бақылау. Ұйымының Кеден коми. 1,0 1,0 ІІ
дың түрлі са. Есірткіні теті, ҰҚК, тоқ.
лаларында жұ. бақылау Әділетмині, 3,37 3,5 саны
мыс істеу үшін және қыл. Бас проку. - 1,1
мамандарды мыстың ратура =12,7 =17,2
даярлау жүйе. алдын алу 7
сін енгізуі жөніндегі
және оны басқарма.
жетілдіруі сының
бірлескен
жобасының
тарауы
және ве.
домстволық
бұйрықтар
---------------------------------------------------------------------------
12. Қазақстан Үкімет пен 2000 Бас проку. - 13,6 2001 170
Республикасы Біріккен жылдың ратура жыл.
Бас Прокура. Ұлттар IV-тоқ. дың
турасының Ұйымының саны ІІ
жанындағы Есірткіні тоқ.
Құқықтық бақылау саны
статистика және қыл.
және ақпарат мыстың
орталығында. алдын алу
ғы Есірткі жөніндегі
жөніндегі басқарма.
ұлттық ақ. сының
параттық- бірлескен
талдау орта. жобасының
лығын нығай. тарауы
ту
---------------------------------------------------------------------------
13. "Шикізат көз. Үкімет пен 2001 Әділетмині. - 10,0 2001 55,5
дерін, есірткі Біріккен жылдың нің Сот жыл.
заттарын заң. Ұлттар ІІІ- сараптамасы дың
сыз өндіру Ұйымының тоқсаны орталығы, ІІІ-
мен тасымал. Есірткіні Білімғылым. - тоқ.
дау тәсілде. бақылау мині, ҰҚК - саны
рін бірдей. және қыл.
лендіру про. мыстың
блемасына алдын алу
жаңа көзқа. жөніндегі
рас" жобасын басқарма.
енгізу сының
бірлескен
жобасының
тарауы
және ве.
домстволық
бұйрықтар
---------------------------------------------------------------------------
14. Қарағанды Қазақстан 2001 Әділетмині, - 200
қаласындағы Республи. жылдың Жоғарғы Сот
аудандық касы Пре. ІІ-тоқ.
соттың зиденті. саны
базасында нің Жар.
есірткіге лығы
байланысты
құқық
бұзушылық
туралы
істерді
қарау
жөніндегі
мамандан.
дырылған
сот құру
---------------------------------------------------------------------------
15. Есірткі жөнін. Үкімет пен 2000 Әділетмині. - - 170
дегі мына ла. Біріккен жылдың нің Сот
бораториялар. Ұлттар IV- сараптамасы
ды нығайту: Ұйымының тоқсаны орталығы
15.1. Әділет Есірткіні
министрлігі. бақылау
нің Сот сарап. және қыл.
тамасы орталы. мыстың
ғы алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
15.2. Денсау. Үкімет пен 2001- Денсаулық. - - 127
лық сақтау ісі Біріккен жылдың агенттігінің
жөніндегі Ұлттар IV- Сот медицинасы
агенттіктің Ұйымының тоқсаны орталығы
Сот медицинасы Есірткіні
орталығы бақылау
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
16. Қазақстан Баяндама Жыл сайын, Нашақор. - - -
Республикасы IV-тоқ. лыққа
Қауіпсіздік санда және
Кеңесінің есірткі
Хатшылығына бизне.
елдегі сіне
есірткі қарсы
жағдайы және күрес
оны жөнінде.
тұрақтандыру гі агент.
туралы тік
хабарлау
---------------------------------------------------------------------------
Есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу
және оңалту
---------------------------------------------------------------------------
17. Нашақорлықтың Үкімет пен 2000 Денсаулық. 26 30 2000 360
медициналық- Біріккен жылдың агенттігі жыл.
әлеуметтік Ұлттар IV- дың
проблемалары. Ұйымының тоқсаны ІІ
ның республи. Есірткіні тоқ.
калық орталы. бақылау саны
ғын құру және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы 2000
және Үкі. жылдың
меттің ІІ-
қаулысы тоқсаны
---------------------------------------------------------------------------
18. Бұқаралық Жарияла. Ұдайы Мәдениетақ. 8,2 9 2000
ақпарат нымдар, Айына паратмині, жылдың
құралдарының теле және екі рет Білімғылым. 0,7 2,5 ІІ-
көмегімен бейнеро. (орыс мині тоқсаны
қоғамдық ликтер және
санада қазақ
есірткіге тілдерін.
жиреніш де 15 ми.
сөзімін нуттен)
қалыптастыру
Радиоха. Айына =8,9 =11,5
барлар екі рет
мен аудио. (қазақ
роликтер және
орыс
тілдерін.
де)
---------------------------------------------------------------------------
19. Есірткіні
теріс
пайдалануды
болдырмау
---------------------------------------------------------------------------
19.1. Халықтың Үкімет пен 2000- Денсаулық. - - 80
есірткіні тұ. Біріккен 2001 агенттігі,
тыну мәселесі Ұлттар жылдар Нашақорлық.
бойынша эпиде. Ұйымының тың медици.
миологиялық Есірткіні налық-әлеу.
зерттеулер бақылау меттік про.
жүргізу және қыл. блемалары.
мыстың ның респуб.
алдын алу ликалық
жөніндегі орталығы
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
19.2. Зиянды Үкімет пен 2000- Білімғылым. - - 90
заттарды тұты. Біріккен 2001 мині
нуға қарсы Ұлттар жылдар
мектеп бағ. Ұйымының
дарламасы Есірткіні
бақылау
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
19.3. Есірткі. Үкімет пен 2001 Денсаулық. - - 100
ні теріс тұты. Біріккен жылдың агенттігі
нудан келетін Ұлттар ІІІ-
зиянды қысқар. Ұйымының тоқсаны
ту және ВИЧ-ті Есірткіні
бақылау бақылау
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
19.4. Есірткі. Үкімет пен 2001 Денсаулық. - - 120
ні теріс пай. Біріккен жылдың агенттігі,
даланудың ал. Ұлттар І-тоқ. Мәдениетақ.
дын алу сала. Ұйымының саны паратмині,
сындағы басқа Есірткіні қоғамдық
да қызмет бақылау ұйымдар
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
20. Емдеу және Үкімет пен 2001 Денсаулық. - - 125
оңалту сала. Біріккен жылдың агенттігі,
сында страте. Ұлттар І-тоқ. Нашақорлық.
гия әзірлеу Ұйымының саны тың медици.
Есірткіні налық-әлеу.
бақылау меттік про.
және қыл. блемалары.
мыстың ның респуб.
алдын алу ликалық
жөніндегі орталығы,
басқарма. қоғамдық
сының ұйымдар
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
21. Емдеу және Үкімет пен 2001 Денсаулық. - - 105
оңалту сала. Біріккен жылдың агенттігі,
сындағы іс- Ұлттар ІІ-тоқ. Нашақорлық.
қимыл Ұйымының саны тың медици.
Есірткіні налық-әлеу.
бақылау меттік про.
және қыл. блемалары.
мыстың ның респуб.
алдын алу ликалық
жөніндегі орталығы
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
22. Есірткі Әкімдердің 2001 Облыс - - -
жағдайы актілері жыл әкімдері
күрделі облыс және Астана
орталықтарында, мен Алматы
аудандар мен қалаларының
қалаларда әкімдері**
наркологиялық
диспансерлерді
қалпына
келтіру
---------------------------------------------------------------------------
23. Облыс орталық. Үкіметтің 2001 Облыстардың - - -
тарында, об. қаулысы жылдың және Астана
лыстық бағыны. IV- мен Алматы
стағы қалалар. тоқсаны қалаларының
да, Астана мен әкімдері,
Алматы қалала. Еңбекмині,
рында нашақор. Әділетмині
лықтан мәжбүр.
леп емдеу жө.
ніндегі арнаулы
емдеу-алдын алу
мекемелерін,
сондай-ақ наша.
қорлықтан ойда.
ғыдай емделу
курсынан өткен
адамдарды меди.
циналық-оңалту
орталықтарын
құру
---------------------------------------------------------------------------
24. Балалар мен Министр. Ұдайы Білімғылым. - 3 2001 -
жасөспірімдер, лердің мині, Ден. 3 жыл.
ата-аналар, бұйрықтары саулықагент. 3 дың
педагогтар, тігі, Мәде. ІІІ-
әлеуметтік ниетақпарат. тоқ.
қызметкерлер мині =9 саны
үшін әдістеме.
лік оқу-таным.
дық әдебиетті
әзірлеу, аудио-
бейне материал.
дарын және
басқа да көр.
некі өнімдерді
шығаруға
дайындау
---------------------------------------------------------------------------
Есірткінің заңсыз айналымын және оның теріс пайдаланылуын бақылау
саласында тиімді халықаралық ынтымақтастық орнату
---------------------------------------------------------------------------
25. Қазақстан Үкіметке Ұдайы Нашақорлыққа - 2001
Республикасы. есеп және есірткі жыл.
ның құқық бизнесіне дың
қорғау және қарсы күрес І-
арнаулы жөніндегі тоқ.
қызметтерінің агенттік, саны
есірткінің Ішкіісмині, 4,5
заңсыз транзи. ҰҚК, Мемкіріс. 3,5
тін анықтау, минінің Кеден
алдын алу және комитеті, Қор.
жолын кесу мақ. ғанысмині,
сатында мемле. Әділетмині,
кетаралық келі. Бас прокуратура,
сімдердің шең. Сыртқыісмині 4,9
берінде бірлес.
кен іс-шараларды =12,9
жүзеге асыру
кезінде басқа
мемлекеттердің,
бәрінен бұрын
Орталық Азияның
осы секілді қыз.
меттерімен өзара
іс-қимылын
қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------
26. Есірткіні бақылау Халық. 2000- Сыртқыісмині, - - -
және есірткішіл. аралық 2001 Нашақорлыққа
дікке қарсы күрес келісім. жылдар және есірткі
саласында жаңа дер, БҰҰ- бизнесіне
халықаралық ның бағ. қарсы күрес
келісімдер жасасу, дарлама. жөніндегі
осы салада қабыл. лық жо. агенттік,
данып қойылған балары, Әділетмині,
келісімдердің Үкімет. Ішкіісмині
шеңберінде тің
ынтымақтастықты шешімі
дамыту
---------------------------------------------------------------------------
27. Есірткішілдікке Келісім. 2000- Сыртқыісмині, - - -
қарсы күрес дер, бір. 2001 Нашақорлыққа
саласында жұмыс лескен жылдар және есірткі
істейтін мемлекет. бағдарла. бизнесіне
тік органдардың малық қарсы күрес
қызметіне қолдау жобалар жөніндегі
көрсету үшін агенттік,
кадрларды даярлау Әділетмині,
және қайта даяр. Ішкіісмині
лауға, тәжірибе
алмасуға, жабдық.
пен жарақтауға,
перспективалық
оңалту бағдарла.
маларын әзірлеуге
халықаралық ұйымдар
мен донор елдердің
техникалық және
өзге де көмегін
тарту, сондай-ақ
қазақстандық
мамандардың
есірткіге бақылау
жасау проблемалары
жөніндегі халық.
аралық кездесулер.
дің және форумдар.
дың жұмысына
қатысуы
---------------------------------------------------------------------------
28. Есірткіні бақылау Үкімет пен 2000 Нашақорлыққа - - 145
жүйесін басқару Біріккен жылдың және есірткі
(нығайту) Ұлттар ІV-тоқ. бизнесіне
Ұйымының саны қарсы күрес
Есірткіні жөніндегі
бақылау агенттік
және қыл.
мыстың
алдын алу
жөніндегі
басқарма.
сының
бірлескен
жобасының
тарауы
---------------------------------------------------------------------------
Қорытындысы 130 млн.301,57 млн. 4400
* - Бұл бағанда келтірілген шығыстар сомасы алдын ала берілген, оны 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2001 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия айқындайтын болады.
** - Жергілікті бюджеттерді жасау кезінде сомаларды іздестіру ұсынылады.