Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;

      2) есiрткiлер – есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;

      3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

      4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі – сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;

      5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

      6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;

      7) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;

      8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;

      9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;

      10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;

      11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;

      12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;

      13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;

      14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;

      15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшері;

      16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;

      17) есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалану (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтыну) – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;

      17-1) есiрткi, психотроптық зат тектестер – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілмеген, құрылымдық формулалары есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштарына ауыстыру арқылы түзілген химиялық заттар;

      18) Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте – сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын, белгiленген (шағын, iрi, аса iрi) мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар түрлерiнiң тiзбесi;

      19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;

      20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi – халықаралық конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзбесi;

      21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;

      22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктер терімі – халықаралық конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;

      23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер);

      24) мәжбүрлеп емдеу - психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды өз еркімен емделуден жалтарған немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынуды жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;

      25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;

      26) медициналық куәландырудан, медициналық зерттеп-қараудан немесе емдеуден жалтару – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары жұмыскерiнiң медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындаулары мен ұсынымдарын орындамауы;

      27) алып тасталды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      28) алып тасталды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      29) алып тасталды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      30) өз еркiмен емделу - психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарын (ауруларын) науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;

      31) прекурсорлар – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар;

      32) препарат – құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар, кез келген физикалық күйдегi заттар қоспасы;

      33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;

      33-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар – есірткі, психотроптық зат тектестерді дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтары;

      34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;

      35) уытқұмарлық – есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасының республикалық заңнамалық актiлері мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтін дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.

      Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.

      II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.

      III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.

      IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.

      1-1. Затты Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінен ұсынымдар келіп түскен кезде;

      зат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімдерінде, тізбелерінде, кестелерінде болған кезде жүзеге асырылады.

      1-2. Заттарды есірткі, психотроптық зат тектестерге жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Заттың құрылымдық формуласының Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың құрылымдық формулаларымен арақатынасын белгілеу және осы құрылымдық формулада сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарының бір немесе бірнеше алмастырғыштарының бар-жоғын айқындау сот сараптама нысаналары болып табылады.

      1-3. БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бақылауында жоқ психикаға белсенді әсер ететін заттың айналымда жүргені анықталған жағдайда оны есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызу 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады.

      Тектестердің мөлшерін айқындау кезінде өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2018 № 205-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi

      Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;

      1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;

      2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;

      4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;

      5) есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;

      6) сірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету;

      7) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін әлеуметтiк базаны, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;

      8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы
саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз
айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл

5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары

      Ескерту. 5-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша әзірлеген есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi.

      1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекітеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. алып тасталды

      3. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;

      5) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiн, Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді;

      6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;

      7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;

      8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.

      10) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12) қызметi есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiреді;

      13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

      15) алып тасталды

      16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;

      17) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;

      19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады;

      20) есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып үйлестіреді;

      21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

      23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

      24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары

      1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының:

      1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

      2) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшін пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;

      3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге;

      4) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жою мақсатында арнайы құрылған бөлімшелермен іс-шаралар жүргізуге;

      5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргізу үшін көрсетілген өнімнің техникалық негізделген мөлшердегі үлгілерін алуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;

      7) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) Қазақстан Республикасының есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тәртібі

      1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын тексеру бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізіледі.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру:

      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;

      2) өтініш берушінің берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (бұдан әрі – өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру);

      3) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      4) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында белгіленген талаптарды нақты бұзушылық фактілері бойынша жолданымдары негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:

      1) осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) құжаттарды (мәліметтерді) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алуға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      4. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай:

      осы баптың 9-тармағында көзделген құжаттар болмаған;

      бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеруге жібермеуге;

      өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      5. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) құжаттарды (мәліметтерді) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы ұсынуға;

      3) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      5) тексеру жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен келесі жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсына отырып жүргізіледі.

      8. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеместен жүргізіледі.

      9. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру кезінде:

      1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде Қазақстан Республикасының міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілері;

      9) тексерілетін кезең;

      10) бақылау субъектісінің осы бапта көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген қызметкерінің қолтаңбасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер органының мөрі;

      12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі және (немесе) ұзақ сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама бақылау субъектісіне мерзім ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламамен бірге табыс етіледі.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына табыс етілген күн бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      16. Бақылау субъектісінің не оның уәкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартуы не бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге қажетті материалдар мен мәліметтерді ұсынбауы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау объектісіне кіруіне кедергі болмайды.

      17. Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      Тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін беріледі, үшінші данасы Қазақстан Республикасының тексеру жүргізген ішкі істер органдарында қалады.

      18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні, нөмірі, уақыты және орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;

      7) тексеру жүргізілген күн, орын және кезең;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      9) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;

      10) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.

      19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      20. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру қорытындылары бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілерін анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      21. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру аяқталғаннан кейін бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етіледі.

      22. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.

      Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада айқындалған мерзім аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нұсқаманы берген ішкі істер органына бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      23. Егер анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      24. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

      1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеруді жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      3) өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);

      4) тұрған жері көрсетіле отырып, бақылау объектісі;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;

      6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;

      7) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      8) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.

      25. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының тексеруді жүргізген ішкі істер органына жібереді.

      26. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бақылау субъектісінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, әкімшілік ықпал ету шараларына ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уәжді жауап беруге тиіс.

      27. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеруді жүзеге асырған қызметкері, бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.

      28. Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      29. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау субъектісіне табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

      30. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым жасалуы мүмкін.

      31. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот жарамсыз деп таныған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.

      32. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды бұзушылықтарға:

      1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау;

      4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің осы бапта көзделген мерзімін бұзу жатады.

      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрiне лицензия берген кезде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер органдарының қорытындысы ескерiледi.

      Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне қарай есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға тiкелей қолжетімділік алатын жұмыскерлерге психиатр және нарколог дәрiгерлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) жоқ екендігі туралы, сондай-ақ олардың арасында жекелеген кәсiптік қызмет түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екендiгi туралы қорытындылары қажет.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу, өндiру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерiн белгiлейдi.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Мемлекеттiк квоталар

      1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiк квота – Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қажеттiлiк есебi, лицензиясы бар заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олардың айналымын осы қажеттілік шегiнде жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк квота Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Мемлекеттiк квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесi күнтiзбелiк жылға өтiнiм жасаған белгілi бiр есiрткi , психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерiн қамтиды.

      3. Заңды тұлғалар келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтiнiмдердi уәкiлеттi органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеудi не құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:

      1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтінiмдердi ұсынады;

      2) қамтамасыз ету нормативiне сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.

      5. Уәкiлеттi органдар келесi күнтiзбелiк жылға арналған жиынтық тұтыну нормативiн бекiту үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға жинақтап қорытылған өтiнiмдердi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн ұсынады.

      6. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган:

      1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтерi өтiнiмдерiнiң негiздiлiгiн тексередi;

      2) бекiтуге өтiнiм жасаған тұтыну нормативтерiн жинақтайды және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерiн бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерiн бөледi.

      7. Қамтамасыз ету нормативiн үлестiк бөлу Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген барлық есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мәлімдеген, құрамында көрсетілген заттар бар өнiмдерге қатысты жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.

      2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.

      3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, дайындау, өңдеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етiлген есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды өндiрудi, дайындауды, өңдеудi сол қызмет түрiне лицензиясы бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалар белгiленген мемлекеттiк квоталар шегiнде жүргiзедi.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiретiн, дайындайтын, қайта өңдейтiн заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті тiркеуге жатады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю

      1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есiрткi және психотроптық заттардың әрбiр сериясы үшiн тұтыну бумаларын таңбалау бiрыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      2. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмінде санамаланған заттар бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атауы және олардың салмақ бiрлiгімен немесе пайызбен құрамы көрсетiледi.

      3. алып тасталды

      4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2006.12.29. № 209; 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретiн лицензия негізінде жүзеге асырылады.

      Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      Әкелуге немесе әкетуге берілген лицензияны есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке арналған лицензиясының болуына қарамастан, басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.

      3. Жүктiң әрбiр тобына есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге арналған лицензияның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi, ол да жүк апарылатын елдiң үкiметiне жiберiледi.

      4. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында әкелу және әкету сертификаттарын алмасу арқылы экспорт сертификатына нақты тобының түскенi туралы және әкелу немесе әкету операциясының аяқталғаны туралы белгi қойыла отырып, жүзеге асырылады.

      5. Егер есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелiнiп (әкетiлiп) отырған нақты мөлшерi лицензияда көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмесе, бұл туралы мәлiметтер әкелiнген (әкетiлген) елдiң тиiстi құзыреттi органына хабарланады.

      6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын кәсiпорындардың атаулары мен мекен-жайлары, осы заттардың тiзбесi мен мөлшерi дәл көрсетiлмейiнше, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін заңды тұлғалар есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат негізінде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

      Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      8. Осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленуге тиiс. Тәркiленген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды одан әрi пайдаланудың немесе жоюдың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2006.12.29 № 209, 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту

      1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады.

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi.

      4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейді.

      5. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрiне берiлген лицензияның негiзiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.

      2. Осы Заңда белгiленген шектеулер заңсыз айналымнан алынған және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары белгiлеген тәртiппен сақтаулы тұрған есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға қолданылмайды.

15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды және бөлудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы қызмет түрлерiне берiлген лицензиясы болған кезде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      2. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      3. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар осындай қызмет түрiне лицензиясы бар дәрiхана және емдеу-профилактикалық ұйымдарында ғана босатылады. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша белгiлейдi.

      4. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар азаматтарға рецепт бойынша ғана тек медициналық мақсатта пайдалану үшiн, оларды осы мақсаттарға пайдалануға лайықты нысандар мен мөлшерде тағайындалады және босатылады.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген нақты дәрiлiк препараттардың ең ұзақ тағайындалу мерзiмдерiн, сондай-ақ олардың бiр рецептпен жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн айқындайды.

      6. алып тасталды
      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану

      1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен медициналық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк препараттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      5. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады. Көрсетілген құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа алып келеді.

      6. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшiн ғана пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген дәрiлiк препараттар:

      1) азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкте;

      2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiздегi) оқу-жаттығуларға шығу кезiнде жауынгерлік машиналарда (корабльдерде);

      3) ұшуды орындау кезiнде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрi қобдишасында;

      4) мемлекеттiк мекемелердің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кезек күттірмейтін көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкiн.

      Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша белгілейдi.

      7. Осы баптың 6-тармағында аталған рұқсатта бұл дәрiлiк заттарды орынсыз пайдалануға және олардың заңсыз жолдармен таралып кетуiне жол бермеу мақсатында қолданылуы тиiс шаралар белгiленедi. Рұқсатта экипаж құрамынан осы дәрiлiк заттар сенiп тапсырылатын адамдар, олардың сақталу шарттары, оларды босатудың, алмастырудың тiркелуi, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есеп берудiң кезеңдерi көрсетiледi.

      8. Дәрiлiк препараттарды осы баптың 7-тармағына сәйкес оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларда пайдалану осы Заңның азаматтарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды босатудың тәртiбi туралы ережелерiн бұзу деп қаралмайды.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану

      1. Мал дәрiгерлiгiнде, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдаланатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды ветеринарияда пайдалану шарттары мен тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2018 № 205-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану

      Ескерту. 18-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға байланысты қызметке лицензия алған заңды тұлғаларға осы лицензияда дәл көрсетiлген мөлшерде рұқсат етiледi.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану

      Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сот-сараптама қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары сақталған жағдайда есiрткi заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғысын анықтау үшiн сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғыларын анықтау үшiн сот сараптамасы мемлекеттiк органының сараптама жүргiзуі, сондай-ақ iшкі iстер және ұлттық қауіпсiздік органдарының жедел-криминалистiк бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзуi лицензиялаусыз жүзеге асырылады

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 № 47, өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану

      Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын қызметкерлер мен жеке құрамды арнайы даярлау және қызметтік иттерді үйрету кезінде есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға рұқсат етiледi.

      Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда сатып алу мен жұмсау тәртiбi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiсінде айқындалады.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою

      Ескерту. 21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есiрткi заттар, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.

      2. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою:

      1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен;

      2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған;

      3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.

      3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi.

      4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау

      1. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға және оларды өнеркәсiптiк, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшiн пайдалануға қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк квотадан аспайтын көлемде рұқсат берiледi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

      4.Алып тасталды – ҚР ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, өткізу, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңмен және оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлерімен реттеледi.

      2. Заңды тұлғаларға өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарынан артық мөлшердегi прекурсорларды сақтауға тыйым салынады.

      3. Бөлшек сауда жасайтын заңды тұлғаларға прекурсорларды көтерме сатуға тыйым салынады.

      4. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген заттардың бiрi есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдемелер болған жағдайларда, прекурсорларға сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдағанға дейiн дереу тыйым салынады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2018 № 205-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу

      1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (I кесте), сондай-ақ прекурсорлар (IV кесте) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалауға, яғни айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуы мен өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы, кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда кез келген жерде таратылатын және (немесе) орналастырылатын ақпаратқа тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (II және III кестелер) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар, сол тектестер бар дәрiлік препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.

      3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

25-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары

      Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.

      3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.05.31 № 327; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану

      Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтың көздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 № 47, 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру

      1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың (мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн.

      3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiп алуға құқылы.

28-бап. Бақыланатын жеткiзу

      1. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары есiрткiні, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ осыған қатысатын адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын өнім беру әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, транзиттеуге жол беруi мүмкiн.

      2. Бақыланатын жеткiзу мемлекет аумағы шегiнде жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдауға және жөнелтуге қатысты да пайдаланылуы мүмкiн.

      3. Бақыланатын жеткiзу iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгiленедi.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу

      1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдемелер, барлау-нұқсан келтіру іс-қимылының белгілері мен фактілерін алу үшiн жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнің өз құзыретi шегiнде есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзуге құқығы бар.

      2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiнде айқындалады.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-бап. Заңды тұлғаны тарату

      1. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететiн ұйымдарда есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактiлерi туралы мәлiметтер анықталған жағдайда мұндай ұйым соттың шешiмi бойынша тартылуға тиiс, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

      2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.

      Ескерту. 30-бап өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 № 47, 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу

      1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.

      2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.

3-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердiтұтынатын адамдарды анықтау

      1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге масаң күйде деген ақпарат түскен адам медициналық куәландырылуға жатады.

      2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге масаю белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi, сондай-ақ зерттеп-қаралатын адам организмiнде есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң бар-жоғына тестілеулер болған кезде анықталады.

      3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң құзыретi болып табылады, ал "психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылық (ауру)" диагнозын дәрiгерлiк-консультативтік комиссия анықтайды.

      4. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке қою тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

33-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердiтеріс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық зерттеп-қарау

      Ескерту. 33-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.

      2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу

      Өз еркімен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп тану тәртiбi және оны психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға емдеуге жiберу негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтату негiзi мен тәртiбi, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

35-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаттары

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) профилактикасын, адамдарды зерттеп-қарауды, бұзушылықтар диагностикасын, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмекке мемлекет кепiлдiк бередi және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға медициналық көмекке өз еркімен жүгінген кезде көрсетiледi. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға медициналық-санитариялық көмек олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      4. Өз еркiмен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.

      6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға - еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ, ал емдеу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетілген анықтама берiледi.

      7. Емдеу курсынан өту үшiн психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға өз еркiмен жүгінген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiметтер осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жағдайда, тек қана iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

36-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету құқығы бар жеке және заңды тұлғалар

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық көмекті осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың ғана көрсетуге құқығы бар.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

      3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдар жүзеге асыратын медициналық-санитариялық көмек түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

37-бап. Медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру

      Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Қорытынды ережелер

38-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Ескерту. 38-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2018 № 205-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

      Әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінде Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады.

      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.05.31 № 327 Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.12.29 № 209, 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2018 № 205-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

  "Есірткі, психотроптық заттар,
  прекурсорлар және олардың
  заңсыз айналымы мен теріс
  пайдаланылуына қарсы
  іс-қимыл
  шаралары туралы" 1998 жылғы
  10 шілдедегі № 279-І
  Қазақстан Республикасының
  Заңына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР 27.12.2018 № 205-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Есірткі, психотроптық заттар,
  прекурсорлар және олардың
  заңсыз айналымы мен теріс
  пайдаланылуына қарсы
  іс-қимыл
  шаралары туралы" 1998 жылғы
  10 шілдедегі № 279-І
  Қазақстан Республикасының
  Заңына
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР 27.12.2018 № 205-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады