Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, Қазақстан
халқының рухани - мәдени топтасуын, қазақстандық отансүйгіштікті
арттыруды, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз ету мақсатында қаулы
етемін:
1. 2001 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы
деп жариялансын. Ол "Бейбітшілік пен достықтың 10 жылы" ұранымен
өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылын өткізу
жөнінде мына құрамда Мемлекеттік комиссия құрылсын:
Тасмағамбетов Иманғали - Қазақстан Республикасы
Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Комиссия мүшелері:
Атрушкевич Павел - Қазақстан Республикасы
Александрович Парламенті Сенатының
депутаты, Қазақстан
Халықтары ассамблеясы
төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Бексұлтанов Мәди - "Қазақстанның болашағы
Қазбекұлы үшін" республикалық жастар
қозғалысының төрағасы
(келісім бойынша)
Бектұрғанов Нұралы - Қазақстан Республикасының
Сұлтанұлы Білім және ғылым министрі
Ертісбаев Ермұхамет - Қазақстан Республикасы
Қабиденұлы Президенті Әкімшілігі
Қоғамдық-саяси бөлімінің
меңгерушісі
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының
Төлеубекұлы Қаржы министрі
Самақова Айткүл - Қазақстан Республикасының
Байғазықызы министрі - Қазақстан
Республикасы Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі
Ұлттық комиссияның
төрайымы
Сәрсенбаев Алтынбек - Қазақстан Республикасының
Сәрсенбайұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрі
3. Мемлекеттік комиссия екі апталық мерзімде Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған іс-шараларды бекітсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.