Қазақстан Республикасының Конституциясы 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.12.06. N 1484 Жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:
2001 жылдың IV тоқсанында жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткiзсiн;
сайлау өткiзiлетiн бiрыңғай күндi және сайлау өтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң тiзбесiн облыстардың әкiмдерiмен келiссiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың әкiмдерi тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті