Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.30 N 360 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының құрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және оның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 U990030_Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта "жеке рәсімдік батальон, жеке оқу батальоны" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті