"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2001 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына 2001 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді органдармен бірлесіп, тиісті әскери комиссариаттар арқылы 2001 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтуді және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті