Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қарашадағы N 492 Жарлығының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 23 қазан N 710.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Z952733_ Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 U000392_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген Жарлыққа 2-қосымшада:

      "Дербес бас басқарманың, департаменттің бастығы (қамтамасыз ету қызметін қоспағанда) - генерал-майор" деген жолдағы "Дербес бас басқарманың," деген сөздер алынып тасталсын;

      "Үкіметтік байланыс агенттігінің директоры - генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы ақпараттық қызметтің директоры - генерал-майор

      Арнаулы ақпараттық қызмет директорының бірінші орынбасары - генерал-майор

      Арнаулы ақпараттық қызмет директорының орынбасары - Орталықтың

      бастығы - генерал-майор";

      "Ұлттық ғылыми-техникалық орталықтың бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәселелері" туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 492 U000492_ Жарлығының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрын қабылданған шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 12 мая 2000 года N 392 и признании утратившими силу пунктов 1 и 2 Указа Президента Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года N 492

Указ Президента Республики Казахстан от 23 октября 2001 года N 710.

      В соответствии со статьей 24 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года N 2733 "О Президенте Республики Казахстан" постановляю:

      1. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2017 № 470.

      2. Признать утратившими силу пункты 1 и 2 Указа Президента Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года N 492 "Вопросы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан".

      3. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан привести ранее принятые решения в соответствие с настоящим Указом.

      4. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Умбетова А.М.,

       Склярова И.В.)